Әбіш Кекілбаев (1939-2015)

«Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк палитрасының қуаты мен қасиетi де осында — ол ежелгi аңыз-әңгiмелердi бүгiнгi күннiң елегiнен өткiзiп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына бүгiнгi күннiң жарық сәулесiн түсiредi. Кекiлбаевтың суреткер ретiндегi ерекшелiгiнiң бiр парасын осы төңiректен iздеуiмiз керек.»
Герольд БЕЛЬГЕР
 
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.
Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды.
Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды.
Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбіш Кекілбаев – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді.
Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
 
Библиография
  1. Әбіш Кекілбаев // Қазақ әдебиетінің тарихы. 9 том : кеңес дәуірі (1956-1990) / ред. Серік Қирабаев. - Алматы, 2005. - 729-758 б.
  2. Әбіш Кекілбайұлы : Біз - жер кіндігі сияқты елміз / әзірлеген Өмірзақ Ақжігіт // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 13 шілде (№ 27). - 1, 4-5 б.
  3. Әбіш Кекілбайұлы : ешкімге еш уақытта оңай өмір берілген емес: халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы // Аңыз адам. - 2018. - 1-15 шілде (№ 13). - 1-35 б.
  4. Әзілбек, Н. Әбіштің ақындық әлемі / Н. Әзілбек // Үркер. - 2016. - № 7. - 26-29 б.
  5. Әріп, Ғ. Ұлылар кез келгенді дос қылмайды.. : [ақын Әбіш Кекілбаевтың рухына] / Ғ. Әріп // Ана тілі. - 2016. - 24-30 қараша (№ 47). - 3 б.
  6. Әулие Әбіш әлемі // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 18-24 желтоқсан (№ 51 (1) 3477). - 1, 4-6 б.
  7. Әшімбаев, С. Бүтіннің сыры бөлшектен / С. Әшімбаев ; құраст. Ш. Бейсенова // Әшімбаев, С. Азаматтыққа адалдық : әдеби сын мақалалар, зерттеулер, толғаныстар. - Алматы, 2007. - 86-103 б.
  8. Байбол, Ә. Кекілбаевтың әдеби кеңістігі.. : [жазушы Әбіш Кекілбайұлы туралы] / Ә. Байбол// Қазақ әдебиеті. - 2018. - 8-14 маусым (№ 21). - 1, 8-9 б.
  9. Байтілес, Е. Аңызға арқау болар абыз : [тағзым] / Е. Байтілес // Егемен Қазақстан. - 2016. - 1 қараша (№ 209). - 7 б.
  10. Бекмурзина, Ж. С. Әбіш әлеміне саяхат / Ж. С. Бекмурзина // Мектептегі мерекелер : тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2017. - № 5. - Б. 13-17.
  11. Бердібай, Р. Дәуір биігінен : [Ә. Кекілбаевтың "Үркер" романы туралы] / Р. Бердібай // Бердібай Р. Тарихи роман. - Алматы, 1997. - 286 б.
  12. Бердібай, Р. Өткен өмір өрнектері / Р. Бердібай // Бердібай Р. Тарихи роман. - Алматы, 1997. - 274-308 б.
  13. Домбай, Н. Ұлтының бағына туған : [жазушы Әбіш Кекілбайұлы туралы] / Н. Домбай // Ана тілі. - 2016. - 24-30 қараша (№ 47). - 3 б.
  14. Досжан, Д. Әбіш аллеясы : [Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы, көзқарасы] / Д. Досжан // Жұлдыз. - 2008.- 2014. - № 12. - 11-20 б.
  15. Бельгер, Г. Дала балладалары / Г. Бельгер // Кекілбаев, Ә. Махаббат мұнарасы : роман және хикаят. - Алматы, 2005.- 288 б.
  16. Бердібай, Р. Дәуір биігінен : [Ә. Кекілбаевтың "Үркер" романы туралы] / Р. Бердібай // Бердібай Р. Тарихи роман. - Алматы, 1997. - 286 б.
  17. Бердібай, Р. Тарих тағылымы / Р. Бердібай // Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы. 6 том. - Алматы, 2018. - 298-316 бет.
  18. Бердібай, Р. Тарихи тағылымы / Р. Бердібай // Бердібай Р. Тарихи роман. - Алматы, 1997. - 194-214 б.
  19. Бөпежанова, Ә. Тәңірі болсын – ақиқат : [Ә. Кекілбаевқа хат] / Ә. Бөпежанова // Бөпежанова, Ә. Өнер-жеке тәжірибе : сыни-мәдениеттанушылық кітап. 1 кітап. - Алматы, 2007. - 62-66 б.
  20. Ғазиз, Ж. "Әбіш елемі" оқырманға жол тартты : руханият / Ж. Ғазиз // Тұмар. - 2016. - № 4. - 13-15 б.
  21. Домбай, Н. Ұлтының бағына туған : [жазушы Әбіш Кекілбайұлы туралы] / Н. Домбай // Ана тілі. - 2016. - 24-30 қараша (№ 47). - 3 б.
  22. Дүйсенбаева, Ж. Баймағанбет сұлтан : Ә. Кекілбаевтің "Шандоз"тарихи - баяны бойынша талдау / Ж. Дүйсенбаева // ҰЛАҒАТ. - 2008. - №5 - 27-34 б.
  23. Дүйсенбаева, Ж. Жәңгір хан - тарихи тұлға : [Ә. Кекілбаевтың "Шандоз" тарихи - баяны бойынша талдау] / Ж. Дүйсенбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2008.- № 9. - 86-94 б.
  24. Дүйсенбаева, Ж. Өтеміс - толағай тұлға : [Ә. Кекілбаевтың "Шандоз" шығармасындағы Өтеміс бейнесі] / Ж. Дүйсенбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2008. - № 9. - 3-11 б.
  25. Дүйсенбаева, Ж. Тарихи тұлға Есет Көкіұлының бейнесі : [Ә Кекілбаевтың "Үркер" романы] / Ж. Дүйсенбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2008. - № 2. - 114-118 б.
  26. Дүйсенбайұлы, Е. Қаламгерлер кафесінде : эпиграммалар, автографтар / Е. Дүйсенбайұлы // Таң – шолпан. - 2007.- №5. - 107-113 б.
  27. Дүйсенов, Е. Алматының аспанынан қашып жұрген жұлдыздар.. : өлеңдер / Е. Дүйсенов // Жұлдыз. - 2016. - № 12. - 116-118 б.

)


Послание 2020

Год поддержки чтения

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Приказ

Вход в систему