Шебердің қолы ортақ

Дс, 29/09/2014 - 10:46 — julia

Қостанай қаласындағы 22 мектеп оқушыларының шебер қолдарына түскен заттар кітапхана көрмесінен орын тапты. Өз ісінің майталманы Алевтина Александровна Таманцева сабанмен сабанмен жұмыс істеуге үйретеді. Осы табиғи материалға қызығушылық білдіретін барлық балаларға өз құпиясын ашуға дайын. Сіздер егістікте жайқалып тұрған бидай сабақтарын көріп пе едіңіздер? Ал алтын түстес, жұпар иісті сабанды қолдарыңызға алып па едіңіздер? Ұстап көрмесеңіздер, онда сіздерді керемет қызықтар күтіп тұр. Күздің басында егістіктен немесе жайылымнан сабан жинап алыңыз: кез келген сабан, бірақ бидайдың, сұлы немесе арпаның сабаны болса жақсы болар еді. Сосын осындай күн түстес материалдан жыл бойы ойыншықтар, керемет картиналар, тосынсыйлары бар сувенирлер жасайтын боласыз. Тек бұндай нәзік сабанмен жұмыс ұқыптылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Сонымен қатар сіздің қиялыңыз бен жақын адамдарыңызды қуантуға деген ынтаңыз, сабаннан жасалған үздік үлгілері бар кітап- журналдар сізді шабыттандыратынына күмәніміз жоқ. Сіздерге шығармашылық табыс пен үздік қолөнер туындыларын тілейміз!


Тілдер

Жолдау 2020

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Бұйрық

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру