Заман жыршысы: Қастек Баянбаев «Поэзия жүрегімде»

Дс, 15/11/2021 - 12:35 — Ольга А

Биыл белгілі балалар ақыны, жазушы Қастек Баянбаевтың 85 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Қастек Баянбаевтың балаларға арналған алғаш жинағы «Арғымақ» атауымен жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер де жазылған, ертегілер бойынша мультфильмдер де түсірілген. Шығармалары орыс, украин, беларусь, болгар, молдаван, түрікмен, азербайжан тілдеріне аударылған. 1986 жылы «Тәтті сабақ» жинағы үшін І.Жансүгіров атындағы сыйлыққа ие болған. Осы атаулы күнге орай 11 қарашада «Поэзия жүрегімде» библио-челленджі өткізілді. Челленджге 1-6 сынып оқушылары белсене атсалысты. Кітапхана оқырмандары ақынның «Жалау өсіп тұрғандай», «Ұя», «Асығу», «Дәрігер», «Ерулік», «Қымыз», «Қарбыз», «Тіс» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шараға 9 адам қатысты. #30летНезависимостиРК #ҚРТауелсіздігіне30жыл


Тілдер

Жолдау 2021

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 3 guests қонақ.

Жүйеге кіру