Аты аңызға айналған

Дс, 18/10/2021 - 10:36 — Ольга А

Биыл күй тарихында ерекше атаулы жыл. Ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантты, күйші - композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр. Осыған орай, кітапханамыз өскелең ұрпақтың эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, музыка әлемінің, соның ішінде күй өнерінің құдіретін түсіндіру, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында әйгілі күйші, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай «Аты аңызға айналған» атты шағын бейне роликті назарларыңызға ұсынып отырмыз! Бұл бейнероликте Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы, күйшінің күй атаулары қойылды.

#ҚРТәуелсіздігіне30жыл #30летНезависимостиРК


Тілдер

Жолдау 2021

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру