Зеңгір көктен, нұрын төккен ортақ біздің күніміз

Жм, 01/06/2012 - 17:56 — admin

Көптен күткен жазымыз да келді, артынан көп күттірген ең ұзақ демалысымызды да және осы қуаныштармен бірлесе балалардың сүйікті мейрамы - 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін ала келді.

1 маусым күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ауласында көптеген жақын маңдағы мектептердің балаларының қатысуымен Зеңгір көктен, нұрын төккен ортақ біздің күніміз атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні күннің көзінің шашқан шуағының өзі балалардың көңіл күйін көтеріп, жылуын шашып қуанышқа бөледі. Тіпті үлкендердің өзі «Жасдәурен» вокалдық студиясының кішкентай әртістері әң шырқағанда олармен бірге билеп, қосылып бірге ән айтты. Осындай тамаша мереке оларды да балалық шағына барып қайтқандай әсер қалдырғаны сезілді.

Ал ғажайып мысықтар биін орындаған «Искорка» хореграфиялық дуэті балалардың бірталай көңілдерін көтеріп тастады. Кейіннен әсерлі «Кукареллу» биін біздің волонтерлеріміздің көрсетуімен бірге қатысушылардың барлығы қуана билей жөнелді.

Қызықты сайыстар мен ойындарда бірде-бір көрермендердің көңілін қалдырмады. Әрбір бала өзін осы тамаша мерекенің басты кейіпкері сезіне алды.Соңы балаларға арналған жалынды әуендер қосылған супер-дискотекамен жалғастып, балалар тәтті балмұздаққа тойып, көңілдері шат күлкіге толы болып тарасты.

Бір сөзбен айтқанда мереке көңілден шықты. Бұл мереке көңілді билерімен, жалынды әуендерімен, қимылды ойындарымен, қуанышты күлкісімен, сүйікті тәттісімен балаларға нағыз ғажайып мереке бола алды. Сүйікті кітапханаларында осындай мерекелер әлі де жалғасатынын білетін балаларға айтарым-алда жазғы демалыста да осындай мерекелердің куәсі бола аласыңдар дегім келеді.


Тілдер

Жолдау 2021

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру