Сұлтан Баймағамбетов

Ұлы Отан соғысының қас батыры, Кеңес Одағының Батыры, біздің жерлесіміз, Ленинград қаласын қорғау жолында өшпес ерлік көрсетіп, өз есімін Ұлы Отан соғысы тарихына алтын әріптермен жазған қайсар қазақ....
Ол Әулиекөл ауданы Қояндығаш ауылында туған. Соғыс басталған сәтте енді ғана бой түзеп, атжалын тартып мінген азамат әскерге шақырылып, Ленинград майданынан бірақ шығады.
1943 жылдың 22 шілдесі. Жау дзотынан жаудырған пулемет оғы бет қаратар емес. Бас көтерсең болды, қақ маңдайдан тиіп, қан қақсатады. Аға сержант Сұлтан Баймағамбетовтың пулемет расчеті өздеріне артылған сенім жүгін бар болмысымен сезінді, жау дзотының үнін бұлар өшірмесе, кім ешіреді? Онда рота шабуылы кешеуілдейді, ал кескілескен шайқаста бір сәт кідіру - өзіңе езің ор қазумен тең.
Қыр қазағы шұғыл шешім қабылдады, қолына бірнеше гранаталар алып, жау дзотына қарай жер бауырлап бар пәрменімен алға басып бара жатты.
Нысанаға елу метр, қырық метр, жиырма метр, таяқтастам жер қалды. Ер Сұлтан құлаштай келіп гранаталарды дзотқа лақтырды. Теңіректі шаңтозаңға бөлеген жарылыс бұрқ етті, пулеметтің де үні өшті. Дәл осы ұрымтал сәтті пайдаланған рота шабуылға шықты. "Уралаған" дауыс құлақ тұндырды.
Бірақ жаңа ғана үні өшкен дзотқа қайта жан біткендей ажал оғын теге бастады. Ойланып жатуға мұрша жоқ. Шабуылға шыққан жауынгерлердің оққа ұшуы әбден мүмкін. Сұлтан орнынан атып тұрып, ажал сепкен дзотты өзінің балғын денесімен жапты. Оның аузынан шыққан соңғы сөзі "Отан үшін!" еді.
...Дзоттың үні өшті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Тералқасының Жарлығымен Сұлтан Біржанұлы Байма-ғамбетовке 1944 жылы 22 ақпанда қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Сол сұрапыл жылдарғы әскери хро-никаны шолып отырсақ, Ленинград және Волхов майдандарының 22 мың солдаттары мен офицерлері орден-медальдармен марапатталыпты. 25 адам Батыр атағын алыпты. Ал Ставканың өкілі, генерал Г.К.Жуковке Кеңес Одағының Маршалы жоғары шені беріліпті.
Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігі талай ұрпаққа үлгі-өнеге болып келеді. Қостанай қаласында оның атында кеше, өзі туып-өскен Әулиекөл ауданында батыр атында мектеп, шаруашылық бар. Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ театры Ер Сұлтан туралы қойылым қойды, Сұлтанның жерлесі, жазушы-журналист Ермекбай Хасенов ол туралы хикаят жазды.
Сәлім Меңдібай
Әдебиет тізімі
 
  1. Арғынбаев, Ж. Сұлтан батырдың қарындасы Зейнеп Баймағамбетова Қостанай облысының Диев аулында тұрады [Мәтін] / Ж. Арғынбаев // Егемен Қазақстан. - 2005. - 7 мамыр. - 9 б.
  2. Балтабаева, А. Батыр Сұлтан [Мәтін]: ол күндердің өшпес даңқы / А. Балтабаева // Қостанай таңы.- 2010. - 13 сәуір (№ 41). - Б. 6.
  3. Бейісқұлов, Т. Жанкешті [Мәтін]: зерде / Т. Бейісқұлов // Егемен Қазақстан. - 2011. - № 501-502 (18 қазан). - Б. 6.
  4. Қостанайлық Кеңес Одағының Батырлары [Мәтін]: ерлік - елге мұра, ұрпаққа - ұран // Қостанай таңы. - 2015. - 6 мамыр (№ 49). - Б. 3-4.
  5. Олжабай, С. Ерлік дастаны [Мәтін]: [Жеңістің 70 жылдығына] / С. Олжабай // Жалын. - 2015. - № 5. - Б. 20-24.
  6. Меңдібай, С. Қаһарман қазақ: Ол - Ленинград үшін шайқаста көзсіз ерлік жасаған Сұлтан Баймағамбетов [Мәтін]: Ұлы Жеңіске 70 жыл / С. Меңдібай // Қостанай таңы. - 2015. - 14 сәуір (№ 40). - Б. 6.
  7. Хасенов, Е. Ерлік мәңгі жасайды [Мәтін]: кенес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов / Е. Хасенов // Қостанай таңы. - 2010. - № 44 (20 сәуір). - Б. 1-2.

Тілдер

Жолдау 2020

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Бұйрық

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 4 guests қонақ.

Жүйеге кіру