2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбында онлайн брифинг өтті.

Жиынға Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дəуешов, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, жыршы, драматург Баянғали Әлімжанов, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева,  Атырау облысы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Сара Ізмұхамедова қатысты.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дəуешов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткендігін, Президент бұл мәселедегі кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғынының күш-жігерін оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырғандығын айтты.

«Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»,-деп жариялайды.

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өтетін іс-шаралар республиканың барлық өңірін қамтитын болады»,-деді Нұрғиса Дәуешов.

Осыдан кейін сөз алған Ұлықбек Есдәулет жазушылар қауымы «Балалар және жасөспірімдер әдебиеті жылын» қолдайтынын жеткізді.

«Кітап – адамның ішкі мәдениетін, рухын, ұлтжандылықты қалыптастыратын негізгі құрал. Осы кітап мәселесі, оның ішінде балаларға арналған кітаптар тәуелсіздік алғаннан бері кенжелеп қалғаны жасырын емес. Десек те кейінгі үш жылда отандық баспалардан балаларға арналған 364 кітап шықты. Қазіргі таңда балалар кітапханасына 7908 оқырман тіркелген. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, балалардың ең көп оқитын кітабы – бұрынғы классиктердің шығармалары екен»,-деді ол.

Ал Үмітхан Мұңалбаева балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің дамуына тоқталды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 258 балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жұмыс істейді. Оның 241-і балаларға, 11-і жастарға, алтауы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

Әдістемелік кепілдемелер


Тілдер

Жолдау 2020

Кітап оқуды қолдау жылы

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Бұйрық

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 3 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру