Новости


Ертегі елінің

Дс, 27/03/2017 - 17:20 — julia

Дәстүрлі балалар кітабының апталығы биылғы жылы «Шатасқан ертегілер әлемінде» деген атаумен өткізілді. Мерекелік іс-шара екі бөліктен құралды. Бірінші бөлімде: балалар биылғы жылдың мерейгер балалар жазушылары мен олардың шығармаларын еске алса, екінші бөлімде теріс кинокейіпкерлері «Ертегі елінің» тұрғындарын дүрліктіріп, ретсіздік орнатады. Ал ертегі елінің кейіпкерлері және кітапхананың оқырмандары болып келген көрермендермен «Ертегілерді құтқарушылар» командасын құрып, Баба-яганың басқарған агенттік орталығымен ертегі әлемін құтқаруға тырысады. Ертегі елінің тәртібі орнай ма? әлде жоқпа? оны балалар алда білетін болар...

Фото



Наурыз 2017

Дс, 13/03/2017 - 16:42 — julia



2017 ж. Наурыз мейрамына арналған жоспар

Дс, 13/03/2017 - 15:06 — julia
2017 ж. Наурыз мейрамын тойлауға арналған
Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның іс-шаралар жоспары
Іс-шара атауы
Өтетін уақыты мен мерзімі
 
Өтетін орны
1
«Наурыз – көктем» 0-6 сын. оқуш. үшін көрме-инсталляция
 
10.03-30.03
ОБЖК
2
«Наурыз – көктем» достық дастарханы (мүгедек балалармен жұмыс жөніндегі Қостанай аумақтық орталықтың тәрбиеленушілеріне)
16.03, 14.00-де
 
ОБЖК
3
«Наурыз – көктем мейрамы, жаңару мейрамы!» көрмемен таныст. 7-9 сын.оқуш.
17.03,15.00-де
ОБЖК
4
9-11сын.және жасөсп.арналған музыкалық кеш «Гитара аралына саяхат» (орын. Зирник Глеб)
Заберезников С.А. кітабының тұсаукесері
17.03,16.00-де
ОБЖК
5
«Ертегіде бәрі дос» фольклорлық әткеншек 1-6 сынып оқушыларына
18.03
11.00-16.00
ОБЖК
6
«Ойнаймыз да күлеміз, Наурызды біз күтеміз» халықтар ойынд. марафоны
20.03
11.00-16.00
ОБЖК


Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

Жм, 03/03/2017 - 16:46 — julia

Ы. Алтынсарин облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында №11 мектептің 7 сынып оқушыларымен Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» арналған іс-шара болып өтті.

Шара барысында оқушылар қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы, қоғам қайраткері, жазушы Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы танысты.

Оқушылар автордың өлеңдерін жатқа оқып, «Қазақ хрестоматиясы» туралы видеоролик ұсынылды, іс-шара соңында шағын викториналық сұрақтарға жауап берді.



Мамандық әліппесі

Жм, 03/03/2017 - 14:56 — julia

2017 жылдың 24 ақпанында кітапхананың ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде кездесу циклі аясында «Мамандық әліппесі» деген тақырыппен іс-шара өтті. Кездесуге №11 мектептің 11 сынып оқушылары шақырылса, қонақ ретінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушысы, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп кафедрасының профессоры — Видершпан Александр Валерьянович, сондай-ақ академияның 2 курс студенттері атсалысты.

Әңгіме барысында балалар полицей мамандығы туралы көптеген қызықты мәлімет алып қана қоймай, Академияда оқу мен қабылдау ережелері жайлы да білді. Мұндай шаралардың мақсаты — түрлі маман өкілдерімен балаларды кездестіру және жұмыстың қыр-сыры ерекшеліктерін білуге мүмкіндік беріп, болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету.

Фото



Балалар кітабы апталығына шақырамыз!

Ср, 22/02/2017 - 12:50 — julia

Наурыз айының 27,28,29,30 күндері сағат 11.00-де өтетін «Шатасқан ертегілер әлеміне» шақырамыз.

Әзілде бар, ойын бар,

Одан қалды жұмбақтар,

Достарыңмен бізге кеп,

Осының бәрін көріп - ал.



Қазіргі бозбалалар мен қыздар. Олар Қандай?

Ср, 08/02/2017 - 16:41 — julia

7 ақпанда кітапханада «Қазіргі бозбалалар мен қыздар. Олар Қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Атаулы тақырыпты талқылауға «Зерек» колледжінің 1 курс студенттері мен «Адамгершілік қасиет» клубының мүшелері атсалысты. Қатысушылар 21 ғасырдың бозбалалары мен қыздары бейнесін сомдауға тырысып бақты. Әрине, бастапқысында сондай айқын шықпады: тәрбиелі, бірақ үнемі емес, кейде көпшіл, онша салмақты емес, неге қызығушылығы бар екені түсініксіз болды. Барлығының сана-сезіміне жеңіл енетін, 19 ғасыр бозбалалары мен қыздарының бейнелерін салыстыру үшін үлгіге алдық. Міне, осылай балалардың, педагогтің және кітапханашылардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінен қазіргі жас адамның портреті шықты. Ұтқыр, талапкер, ашық, сенімді. Музыкамен, спортпен әуестенеді, әлеуметтік желілерде отырғанды ұнатады және ең бастысы кітап оқиды. Сүйікті жанрлары: фантастика, өзін-өзі дамыту бойынша кітаптар мен классика. Жастарды дамыту үшін білім беру жүйесін өзгертіп, ғылыми және шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін көбірек мүмкіндік жасау керектігін балалар соңында айтты.

Кездесуден кейін «Бір-біріміз жайлы не білеміз?» деген тақырыппен кітап көрмесі ұсынылды. Ұлдар мен қыздар деген кімдер? Бір-бірімізді қалай түсінуге болады? Қыздар мен ұлдардың қарым-қатынсында қандай дағдылар болады? Бір-бірімізге қалай ұнау керекпіз? Осы сияқты сұрақтардың жауабын көрмеде қойылған кітаптардан алуға болады. Әрине, ұлдар мен қыздардың оқу шеңбері де қозғалды. Олар оқитын кітап түрлері өте көп екен. А.Амраеваның «Футбольное полесі» қыздардың сүйікті кітаптарының бірі болса, Д.Гриннің «Виноваты звезды» кітабы ұлдардың жүрегін баурайды. Ал ата-аналар үшін жасөспірімнің есеюі кезінде болатын түрлі жағдайларға ақыл-кеңестер беретін әдебиеттер таңдалды.

Фото



«АСТАНА EXPO- 2017 – Болашақтың қуаты» көрмесі

Бс, 26/01/2017 - 12:04 — julia

Халықаралық мамандандырылған "EXPO" көрмесі - әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік техникалық, ғылыми жетісткітерін, сондай-ақ елдердің тарихы, дәстүрі мен мәдениетінің даму келешегін көрсету үшін өткізілетін ірі халықаралық көрме.

2017 жылғы 10 маусымда халықаралық мамандандылыған «Астана EXPO-2017» көрмесі өз есігін айқара ашады. EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясы баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып, энергия тұтынуды жоспарлап бақылай білуге үйрету білімін қалыптастыру.

EXPO-2017 көрмесі Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы, Жылдың басты тақырыбы. EXPO көрмесін өткізу Қазақстанның қазіргі тарихындағы оқиғалардың бірі болып қалады, еліміздің беделін қалыптастыруға, экономикасы мен мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады.

Ғылыми-көпшілік әдебиеті бөлімінде «Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау, сол шежіредегі халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу; кітапхана оқырмандарын EXPO тарихымен таныстыру; Астанадағы «EXPO-2017» көрмесін өткізу туралы әңгімелеу. Көрме келесідей үш бөлімнен тұрады: «ЭКСПО тарихы», «ЭКСПО-2017 – Астана мерейі»,«Ұлы Дала Елі- Мәңгілік Ел». Көрме формасының тақырыптық тұрақтылығы үнемі қолданыста болады. Кітап көрмесін ашу Қазақстан туралы, ЕХРО туралы оқырмандардың білімін тереңдетуге, елде болып жатқан оқиғаларға қазақстандықтардың ортақтас сезімін қалыптастыруға, өз елін мақтан ететін қазақстандық патриоттық тәрбие беруге ықпал етеді.

Фото



Сіздің балаңызға арналған библио-ұзартылымға

Сс, 17/01/2017 - 16:59 — julia

Ардақты ата-әжелер! Құрметті ата-аналар!
Сіздерді «Сіздің балаңызға арналған библио-ұзартылымға» шақырамыз. Онда біздер балалармен кітап оқимыз, оқығанын талдаймыз және сұрақтарға жауап береміз. Кітапханада сіздерді күн сайын сағат 10.00 ден 18.00 дейін күтеміз.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру