Новости


«Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәмізім-мақтаныш!»

Бс, 08/06/2017 - 12:03 — julia

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекесіне орай Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК №13 ОМ-тің 1-6 сынып оқушылары үшін «Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәмізім-мақтаныш!» атты ақпараттық бағдарлама дайындап өткізді.

Балалар үшін «Бәйге» интеллектуалды ойыны мен патриоттық ойындар дайындалып, «Сәлеметсің бе, Астана», «Отаным менің» деген тақырыптағы видео көрсетілді. Кіші сынып оқушылары үшін ойын деңгейінен өту оңайға соқпады, дегенмен олар аға жолдастарына қарап тырысып бақты, ал олар болса, ойынның барлық сұрақтарына жауап беріп, «Бәйге» ойынын патриоттық ұранмен аяқтады.

ФОТО



Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Бс, 08/06/2017 - 11:46 — julia

Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби отырысының қатысушылары үшін «Шыншылдық – адамдықтың белгісі» атты жағдаяттық ойын ұйымдастырылды. Ю. Яковлевтың «Багульник» әңгімесі жалпыға оқылды. Бұл әңгіме мұғалімнің оқушыдан мейірімділік, бауырымдылық, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау сияқты жақсы қасиеттерді үйренуі туралы.

Әңгіме оқылғаннан кейін кітапханашы талқылау сұрақтарын қойды. Қыздар жарқын тұлға ретінде танып білген басты кейіпкерге қатысты өз ойларын білдірді. Түрлі жағдайлармен қожайындары өз жануарларын күте алмауына байланысты, Костя оларға адал ниетпен қамқор болғанын қыздар атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар Костяны сабақтан кейін аңдып, оның немен айналысып жүргенін білген мұғалім туралы да өз ойларын ортаға салды. Олардың ойларынша, мұғалімнің басты кейіпкерге деген көзқарасы өзгеріп, балаға жақсы көзқараспен қарайды.

Бұл қатысушылар бойында жақындарымызға, достарымыз бен туғандарымызға үнемі әділеттіміз бе деген ой туғызды.

ФОТО



Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Бс, 01/06/2017 - 17:33 — julia

Балаларды қорғау күніне орай Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» деген тақырыппен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мерекесіне арналған тосын сыйдың бірі-мерекеге қонақ болып Пеппи ұзын шұлықтың өзі келді. Балалар Пеппимен бірге түрлі байқаулар мен викториналарға қатысты. Басынан аяғына дейін музыкалық құттықтауларға толы іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларды мереке соңында дәстүрге айналған тәтті тосын сый күтті. Іс-шараға 137 адам қатысты.

ФОТО



«Мейірім мен достық аралы»

Ср, 31/05/2017 - 15:54 — julia

30 мамыр күні Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-ның мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Мейірім мен достық аралы» атты ойын-саяхат өтті. Саяхатты Қостанай мамандандырылған мектептің оқушылары жасады. Балалар «Халық даналығы», «Әдептілік туралы сөйлесейік», «Қиын жағдайға тап болма», «Кітап викторинасы» сияқты аялдамаларға тоқтап, достық туралы мақалдарды еске түсірді. Ертегі кейіпкерлерінің достарын тауып айтып, «Сөзді аяқта» ойынын ойнады. Соңғы аялдамада достық ережесін құрған балалар, дос бола білу – адамның жақсы қасиеті деген шешімге келді.

ФОТО



«Шәлкездер, жылауықтар және де басқа «сотқарлар»

Ср, 31/05/2017 - 15:51 — julia

Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Жазғы алаң» ұмыстары аясында Заречный а. Заречный ОМ-нің 2 сынып оқушылары үшін «Шәлкездер, жылауықтар және де басқа «сотқарлар» атты сыпайылық әліппесі болып өтті.

Ойын ретінде балалардың тәртібі жайлы түрлі жағдаяттар көрсетілді: қырсықтық, тыңдымаушылық, еркелік. «Жауап қайыру» ойыны барысында кітапханашы қойған сұрақтарға жауап беруде балалар белсенділік танытып, «Ералаш» киножурналы мен үйретуші мультфильмді қызыға тамашалады. Бұл тақырып педагогтерді қатты қызықтырды және олар өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде дұрыс материал таңдағандары үшін кітапханашыларға алғыстарын білдірді.

ФОТО



Оқы да біл, ойна да қүл!

Сс, 30/05/2017 - 12:52 — julia



Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да күлкі-тайм және шеберлік сабақтары

Жм, 26/05/2017 - 15:52 — julia

Міне, оқу жылы аяқталып, асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Бұл балалардың бос уақытын ұйымдастыру мен оқу мәселесінің аса өзекті кезеңі. Кітапхана балаларға бос уақытын тиімді өткізуге көмектесіп, қарым-қатынас жасау орталығына айналады. Осындай іс-шараларға бірінші болып №2 ОМ-тің бастауыш сынып оқушылары мен №20 ОМ-тің МДС балғындары қатысты.

Олар үшін Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК 23 мамыр күні МДС және 1-6 сыныптарға қызмет көрсету бөлімінде «Ойын-күлкі бәріне» атты күлкі-тайм өтті. Оқырмандар мен 3 «В» сынып оқушыларын көркем әдебиеттің әзіл-оспақ жанрымен таныстырды.Григорий Остердің өлеңдерінен үзінді арқылы, балалар мектепте, көлікте, қонақта жиі кездестіретін жағдайлар талқыланды. Күлкі-тайм «Ералаш» киножурналын тамашалаумен аяқталды.

Бұл күні Өнер секторының сөрелерінде 3 «Б» сынып оқушылары «Хитрук, мәңгі» мультипликация сабағында жасаған, бәрінің сүйікті қонжығы - «Винни» және балаларға мектеп аяқталуын білдіріп, көңілді кезеңнің жеткенін сездіретін гүл - «мамыргүл гүлдері» жайғастырылды. Гүлшоқтарды №2 ОМ-тің 4 «Б», 2 «Б» және «2» Г сынып оқушылары «Көктем гүлшоғы» атты шеберлік сабағында жасап шығарды.

№20 ОМ-тің МДС балғындары Қазақстанның тұңғыш мультипликаторы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қазақ ертегісі сарынымен түсірілген мультфильмді тамашалап, автордың өмірбаянына шолу жасады. Сондай-ақ, адамдардың бұл құсты не үшін жақсы көретіндерін білген балғындар, өзерінің осындай «адал достары» болғанын қалады. Іс-шара соңында балғындарға кітапханашы Елубаева З.К. өз армандарын жүзеге асыруға көмектесіп, жапсыру арқылы құс жасады. Бұл үшін ата-аналар риза болып, өз алғыстарын білдірді.



Жазғы демалысқа шақырады

Жм, 26/05/2017 - 15:40 — julia

2017 жылғы 25 мамырда Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК №16 ОМ-тің 3 сынып оқушылары кітапханамен танысып, саяхат жасады. Сүйікті әдеби кейіпкерлеріміз Карлсон мен маймыл Анфиска достарын жазғы демалысты бірге өткізуге шақырды. Балалар кітап бетіндегі кейіпкерлерді көріп қана қоймай, олармен тікелей танысқандарына қуанды. Олар қуана-қуана Анфиска жасырған шатасқан ертегілерді өз қалпына келтіріп, Карлсонмен бірге «Тауып көр, кім айтады?» атты музыкалық ойында балалар әнінің атауын тауып айтты.



Достық мейірімнен басталады

Сс, 23/05/2017 - 15:35 — julia

2017 жылғы 22 мамырда Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК №2 ОМ-тің 3 «В» сынып оқушыларымен «Достық мейірімнен басталады» атты ерекше саяхат сабақ өтті.

Сабақта әдеттегідей баға алып, тақтаға шақырылған жоқ, керісінше, олар барлық балалардың сүйікті әндерін айтып, бір-біріне жылы тілектер білдірді. Және де өмірлік жағдаяттарды талқылап, «Сәлем» ойынын ойнады. В.Оссевтің «Үш жолдос», «Үзілген жапырақ», «Бәріміз бірге», «Кім қожайын» атты әңгімелерін оқи отырып, өз достық заңдарын зерттеп шығарды.

Сабақ уақыты байқалмай өтіп кетті, ұлдар мен қыздар «Достық аралында» сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерімен кездескендеріне мәз-мәйрам болып, Леапольд мысыққа «Тату өмір сүруге» уәде етті.

Фото


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру