Новости


Күнім менің

Жм, 20/07/2012 - 17:36 — admin

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторында жаратылысы ерекше, шығармашылығы мол, ой-қиялы ұшқыр, жақындарын тың бастамаларымен таңдандыра білетін оқырмандар бар.

Елена Георгиевна Шелудьконың — «Менің күн шуағым» атты жеке көрмесі осыған дәлел болады:

Сабаннан жасалған нәзік, алтын түстес күнім қандай керемет еді ... (!)

Шебердің жасаған жұмыстарының нәзіктілігі соншалық, оны қайталау мүмкін еместей көрінеді. Елена Георгиевна бұл жұмыстың көп шыдамдылықты қажет ететін күрделі еңбек екенін айтады. Ал күнге қажетті материалды табу қиын емес, күздің басында егістікке шықса болғаны, онда сабаннан аяқ алып жүргісіз. Бір құшақ сабан бір жылға, тіпті екі жылға жетуі мүмкін, сосын қалаған ойыншығыңды, суреттеріңді, сыйкәделеріңді жасай беруіңе әбден болады.

Балалар! Елена Георгиевна өзінің кәсіби құпияларымен бөлісіп, осы керемет өнерге сіздерді баулуға қуана келісімін беріп отыр.



Кітапхана ұсынады: Жайлаудағы демалыс.

Бс, 19/07/2012 - 17:26 — admin

Жайдарлы жаз келген соң сабақтан босап, киноны қалағанша көруге, балмұздаққа тойып, суда армансыз шомылуға қол жеткізген балалар кітаптан қол үзе қойған жоқ. Сондықтан да жазда «Жазғы жайлау» жазғы оқуының өткізілуі заңдылық.

Жыл бойы балалар белгілі қазақ жазушысы Марат Қабанбаевтың кітабымен аттас құрастырылған «Туған жердің төрт мезгілі» әдеби ойынын ойнады, Надя Шевелянчик пен Сараева Алина (6 сын.№ 23 мектеп), Марина Бочарова (5 сын. № 122), Света Бобкова (6 сын., № 18), Ира Солохина (7 сын.,№ 1) біршама тапсырмаларды орындап тастағанымен сенің де үздік атануға әлі де болса мүмкіндігің бар! Биылғы жаздың керемет жаңалығы Жазғы жайлауға барғың келсе, кітапханаға тез жет!



Ақылбек Шаяхмет: Отан, сенің ұлыңмын!

Сс, 17/07/2012 - 16:50 — admin

Шығыс ұлы едім мен,
Шығыс нұры болсам екен дедім мен.
Кіндік қаным, маңдай терім төгілген.
Қуат алдым жаны жомарт жерімнен.
Елдің қамын жедім мен.
Қуанғаннан ұмыттым,
Тағдырымның аязы мен ызғарын.
Жүрегімнің қызуымен жылыттым,
Солтүстіктің мұздарын.
Оңтүстіктің естіп талай сырлы әнін,
Бүлбұл даусын тыңдадым.
Батыстың да көріп талай ғажабын,
Есім кете жырладым,
Шарлап қайттым төрт бұрышын әлемнің,
Қанша жанның пейіліне бөлендім.
Туған жерім екендігін түсіндім,
Қайнар көзі өлеңнің.
Тас бұлақтай атқылаған жырымның,
Бастауы сол екендігін ұғындым.
Шығыс та емес,
Батыс да емес,
ОТАНЫМ!
Тек өзіңнің ұлыңмын!

Отаны туралы осындай ғажап сөздерді тек ақын айта алады. Иә, рамысен, Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК ескі досы Ақылбек Қожаұлы Шаяхметті таныстырудың қажеті жоқ.

12 шілдеде Сарыкөл Орталық балалар кітапханасында «Жазушымен жақын танысайық» әдеби турне шегінде, осы керемет адаммен көптен күткен кездесу өтті. Естеріңізге сала кетейік, турненің мақсаты біздің өлкеміздің мәдени және рухани өміріне баға жетпес үлесін қосқан, жергілікті авторлардың шығармашылығымен аудандық кітапханалардың жас оқырмандарын таныстыру болып табылатын.

Қостанайлық ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхметовтың кітаптары балаларға да үлкендерге де бірдей ұнайды. Себебі онда біздің туған жеріміз, жазық дала, оның күш-қуаты мен мейірімділігі туралы жазылған. Кездесу кітапхана оқырмандары мен қызметкерлерінің ортасында сырлы әңгіме түрінде өтті. Автордың ертеректе жазған өлеңдерімен қатар, қазіргі шығармашылығы да оқылып, жанды тербеді. Балалар жазушыдан оның мектеп жылдары, әдеби қызметінің басталуы және басқа да көпдеген сұрақтарға жауап алды. Жазушы үшін Чехов орта мектебінің 8-сынып оқушысы, жас ақын Жанат Мәликенің ақынға оның «Жеті ата мен жеті ұрпақ» өлеңін оқып беруі жағымды сыйлық болды.

Автор жаудырма сұрақтарға жауап беріп, сүйсіне автографтар таратты. Осы кездесуге қатысқандардың барлығы да Ақылбек Шаяхметовтей тартымды, талантты, және тіл табысу өте оңай адаммен тілдесуден зор ғанибет алды. Кездесу қас қағым уақытта өтіп кеткендей болды. Осы тамаша кездесудің жылы сәттері мен кітаптардағы авторграфтар естелікке қалды.



Неткен керемет – біздің жаз!

Бс, 12/07/2012 - 15:32 — admin

Әр қайсымызға жаз әрқалай ұнайды. Біреулерге ең ұзақ демалыстар үшін ұнаса, енді біреулерге шуақты жылы күндері үшін, біреулерге ұзақ күткен сүйікті ісімен айналысу үшін, ал кейбіреулерге осыдан былай қанша уақыт болса өзінің сүйікті кітапханасында өткізуге болатынымен ұнайды. Себебі мұнда күн сайын ерекше оқиғалар болып жатады. Мысалы, жуықта мұнда біздің кішкене оқырмандарды көңілдендіріп, албырту үшін, біздің ескі құрбыларымыз – Жалмауыз Кемпірлер келген болатын. Олар балаларға жұмбақтар жасырды, сұрақ-жауаптармен де қинады, түрлі ойындар ойлап тапты, тіпті мультиктер де қосып үлгерді (өздері жайлы, ал сендер қалай ойлап едіңдер). Жалпы уақытты керемет өткіздік!

Шынымен, әр қайсымыздың осы жыл мезгілін сүйетін себебіміз бар. Жазда ең бастысы – күні бойы үйде отыра бермей, мүмкін болғанша көбірек шаттануға, атқан әр таңға қуанып, жаңалықтар ашуға тырмысыңдар. Алтын сендерге ұмытылмас сәттерді, жылы жаз бен жаңа достар табуды тілейді!



Ту, елтаңба және әнұран - тәуелсіздіктің айғағы

Дс, 04/06/2012 - 20:48 — admin

Бүгін 4 маусым біз еліміздің мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба, әнұранның жиырма жылдығын атап өтудеміз. Егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкер шілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділер-ол рәміздер.

Осы күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келген №16 мектептің балалары «Ту, елтаңба және әнұран -тәуелсіздіктің айғағы» атты әңгіме-диалог шарасына қатысып, еліміздің рәміздерініңтарихы туралы әңгімелесіп,білмегендерін біліп қайтты. Сонымен қатар ойын - викторинаға қуана бірауыздан жауап беріп, өз білімдерін көрсете алды.



Зеңгір көктен, нұрын төккен ортақ біздің күніміз

Жм, 01/06/2012 - 17:56 — admin

Көптен күткен жазымыз да келді, артынан көп күттірген ең ұзақ демалысымызды да және осы қуаныштармен бірлесе балалардың сүйікті мейрамы - 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін ала келді.

1 маусым күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ауласында көптеген жақын маңдағы мектептердің балаларының қатысуымен Зеңгір көктен, нұрын төккен ортақ біздің күніміз атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні күннің көзінің шашқан шуағының өзі балалардың көңіл күйін көтеріп, жылуын шашып қуанышқа бөледі. Тіпті үлкендердің өзі «Жасдәурен» вокалдық студиясының кішкентай әртістері әң шырқағанда олармен бірге билеп, қосылып бірге ән айтты. Осындай тамаша мереке оларды да балалық шағына барып қайтқандай әсер қалдырғаны сезілді.

Ал ғажайып мысықтар биін орындаған «Искорка» хореграфиялық дуэті балалардың бірталай көңілдерін көтеріп тастады. Кейіннен әсерлі «Кукареллу» биін біздің волонтерлеріміздің көрсетуімен бірге қатысушылардың барлығы қуана билей жөнелді.

Қызықты сайыстар мен ойындарда бірде-бір көрермендердің көңілін қалдырмады. Әрбір бала өзін осы тамаша мерекенің басты кейіпкері сезіне алды.Соңы балаларға арналған жалынды әуендер қосылған супер-дискотекамен жалғастып, балалар тәтті балмұздаққа тойып, көңілдері шат күлкіге толы болып тарасты.

Бір сөзбен айтқанда мереке көңілден шықты. Бұл мереке көңілді билерімен, жалынды әуендерімен, қимылды ойындарымен, қуанышты күлкісімен, сүйікті тәттісімен балаларға нағыз ғажайып мереке бола алды. Сүйікті кітапханаларында осындай мерекелер әлі де жалғасатынын білетін балаларға айтарым-алда жазғы демалыста да осындай мерекелердің куәсі бола аласыңдар дегім келеді.



Сөздер және қаракеттердiң сиқырлы күшi

Дс, 28/05/2012 - 17:21 — admin

Анаңнан бірнәрсені сұрамсақтана берсең, ол «Сиқырлы сөзді айт!» деп жауап береді. Оқи алатындардың кез-келгені «мархаббат» сөзін айту керектігін түсінеді, біледі. Осы сөздің мағынасын жақсы түсініп, оны кім шығарғанын білгің келсе-тамаша балалар жазушысы Валентина Осеева оқуға асық.

Валентина Осееваның таңғажайып әңгімелері нағыз сезімді, жүректі толғандырады.Оның әңгімелерін оқып отырғанда өз әжеңді қалай сағынғандығын еске түседі, ұрысып қалған жолдасың болса сол екеуіңнің қарым қатынасың еске түседі және сонымен қатар солардың бәрін дұрыстауға үйретеді.

Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келген № 27 мектеп оқушылары «Сөздер және қаракеттердiң сиқырлы күшi» атты интерактивті диалог-әңгімеге қатысып, жазушының ең жақсы шығармаларымен танысты. Балалар мейірбан сөзді еске түсіріп,әңгімелердегі басты кейіпкерлердің жасаған қылықтарын бағалап, сол жерде өздері болса не істер екендігін әңгіме етті. Ең бастысы ішкі дүниелерін жақсы және жайлы әсерлермен байытты.



Кітапханадағы вебинар

Сс, 15/05/2012 - 17:34 — admin

Технология жанарған заманда қазіргі интернеттің көп мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім және сол мүмкіндікті қолайлы монитор алдына жайғасып кофе ішіп отырып, көпшілікпен тәжірибе алмасып,іздеген көптеген сұрақтарға тез жауап алып,соңғы жаңалықтардан тез арада хабардар болуға барлық жағдай жасауға болады. Міне,мысалға, қазір кітапханалық ортада.. ВЕБИНАР немесе вебсеминарлардың арқасында әртүрлі қажетті болатын алыс сапарлар және оларға қатысты жағдайлар мен шығындар ауырлық туғызбайды. Және уақыты да үнемдейді...Бұл жағынан вебинар нағыз табылған олжа.Осы жылы Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-сы бұл форма веб-конференцияны өз жұмыстарында қолдана алды.

11 мамыр айында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның ғылыми әдістемелік бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай «Бірлік пен бейбітшілік нышандары»деп аталатын вебинар өтті.Вебинар қатысушылары-Қостанай облысының қалалық және аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашылары болды. Әріптестерімізбен Отанымыздың өткен тарихы болатын мемлекеттік нышандардың мән-мағынасын ашуда оқырмандар арасында мәдени-ағарту жұмыстары бойынша тәжірибе алмаса отырып,Мемлекеттік рәміз — бұл еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісі. Олар Қазақстан Республикасының өзіндік даму жолы мен өзге елдерден ерекшелігін бейнелейді, ал мазмұны мен мәні адамгершілік, ынтымақ, бірлік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды ту ететіні айтылды.

Бірге болған екі сағат ішінде кішкентай оқырмандарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында кітапхана жұмысы бойынша көптеген қызықты да, дәстүрлі әдістер мен инновациялық формалар тыңдалды.

ОБЖК-сында бұндай вебинар екінші рет өтуде.Осыдан екі ай бұрын жасөспірімдер үшін классикалық әдебиеттерді насихаттау барысында «Классиканы бірге оқиық» атты әдеби вебинар өткізілген болатын.

Алда-жаңа вебинарлар мен талқылауға арналған жаңа тақырыптар,сол себептен жаңалықтар күтіңіздер!



Нағыз ерлер мектебі

Бс, 10/05/2012 - 17:33 — admin

Отан қорғаушылар күні - бұл бұрынғы батырларымызды еске алу күні, отан қорғап жүрген жауынгерлер мерекесі және болашақ отан қорғаушылар –ұлдардың мерекесі. Міне, 1992 жылдың осы 7-мамыры күні Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Қарулы күштерінің құрылуы туралы заңға қол қойды, яғни биыл біздің даңқты әскерімізге 20 жыл (!)

Әдеттегідей, Отан қорғаушылар күні мықты, ақылды, шыншыл, жігерлі, қайырымды Нағыз Ерлердің мерекесі болып саналады. Ол күн Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кішкентай оқырмандарының есінде несімен сақталды?

7 мамырда балалар «Нағыз ерлер мектебінде» болып, осы керемет мерекенің тарихымен, әскери дәстүрлермен, әскери өмірдің ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар ұлдар ерік- жігері, шыдамдылығы, әскери өмір туралы білімі, ептілігі мен мергендігі, қиыннан жол табар ақылдылығы сыналатын байқауға қатысты. Себебі нағыз ер жүрек жігіт қана отан қорғаушы бола алады ғой! Қыздар да шет қалған жоқ, олар әскери викторина сұрақтарына жауап беріп, оқырмандық есте сақтау қабілетін көрсетті, байқауға қатысушыларға қолдау жасады.

Сөз соңында біз болашақ отан қорғаушылар- оқырман ер балаларға оқуда тек қана алда болып, қандай жағдайда да өздерін нағыз ер жігітке лайық ұстауларына тілектеспіз.



Біз бір-біріміз жайлы не білеміз?

Жк, 29/04/2012 - 12:02 — admin

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қостанайдан мыңдаған шақырым жердегі өзге елмен осылай оп-оңай хабарласа аламыз деп кім ойлаған? 2009 жылдан бастап Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бейне конференциялар өткізіліп келеді. Біздің балалармен болған виртуалды кездесулерге қазақстандық (Қарағанды, Шымкент қ.) балалар ғана емес, Ресей (Челябі қ.) және Украина (Севастополь қ.) оқырмандары да қатысты. Негізінен бұл кездесулер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, оқу мәселесі, жазушылар мен кітаптардың мерейтойлары сияқты тақырыптарды қамтыды.

Мысалы, 24 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары украиндық құрдастарымен «Ақпараттық кеңістіктегі диалог: бір-біріміз жайлы не білеміз» веб-марафонында әңгімелесуге мүмкіндік алды.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру