Новости


Қыркүйек шамшырағы

Дс, 03/09/2012 - 17:55 — admin

Күнтізбе бойынша тағы да тамаша мереке күні. Бұл күні мектеп оқушылары жаңа оқу жылына тағы бір қадам басып, ал мұғалімдерінің құшақтарына гүл шоғын толтырып, көше бойы ақ бантик таққан қыз бикештер мен алғашқы қоңырауға асыға басқан балаларды көреміз. Әрине бұл салтанатты, аса толқулы балалардың көптен күткен 1 қыркүйек - Білім күні.

Міне, осы айтулы мереке күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өз оқырман оқушыларын қуана қарсы алды. Оқушылар назарына қызықты тапсырмалар, әзілқой викториналар, мектеп тақырыбында жұмбақтар, «Ералаш» кейіпкерлерінің күлдіргіш әңгімелері және сонымен қатар ең қызықтыда, тартымды кітаптар ұсынылды.



Ертегі тілімен

Жм, 10/08/2012 - 15:55 — admin

Кешке жылу шашқан ананың даусымен айтып берген ертегісінен кейін не бар ғажайып әлемді елестете отырып тәтті ұйқыға кетесің. Осындай тамаша ертегілер - ұлы жазушы Александр Сергеевич Пушкиннің шығармаларында да көп. Әсіресе Алтын балық, Аққу ханша, Черномор ағасы және теңіз батырлары жайлы ертегілерді білмейтіндер кемде-кем.

Мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде тамыздың 8-і күні мектеп маңындағы жазғы лагерге қатысушы балалар тамаша ұлы жазушының шығармаларына әдеби саяхат жасап, «Ертегі тілімен» деп аталатын ертегілік лото ойынын ойнады. Ұлы жазушының балалық шағынан бастап, көптеген қызықты мәліметтерді қызықтап тыңдап, сүйікті шығармаларының кейіпкелерін тест, викториналық ойындар арқылы тауып, жарыса тұс-тұстан қуанып жауап беріп жатты.



Қыдырып қайттық!

Бс, 26/07/2012 - 16:44 — admin

Кітапханада не болмайды дейсің! Мысалы, бүгін өнер секторында болған бірінші мектеп балалары біздің еліміздің сұлу асатанасы – Астана қаласына барып қайтты! Немес барды? Ойлап көріңізші – ПАПОВОЗБЕН (өзі ПАПОХОД, өзі ПАПОЛЁТ). Бұл не деген таңғажайып көлік, - деп тек ең таңғажайып және қызықты балалар кітаптарын оқымаған адамдар ғана сұрайды. Ал ол кітаптарды оқу ешқашан кеш емес, бұл үшін Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жастар облыстық кітапханасына келсеңіздер болғаны, - ертегілер әлемінің сырлары саған өз есігін айқара ашады!

Балалар еліміздің Президентінің өзі тұратын сәулетті Ақ-Орданы көрді, «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде қыдырдық, ол кешен бір тылсым күштің көмегімен өзіне барлық Қазақстанды сыйдырта білген, аспанға шейін көтеріліп, астананың белгісі – биік «Бәйтерекке» көтерілдік. Сол жерде тұрып көркем астамамыздың әсем ғимараттары мен көшелерін тамашаладық, тағы да көп мәлімет алдық. Сосын кейін қайттық, әрдайым үйде жақсы ғой, рас қой?



Күнім менің

Жм, 20/07/2012 - 17:36 — admin

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторында жаратылысы ерекше, шығармашылығы мол, ой-қиялы ұшқыр, жақындарын тың бастамаларымен таңдандыра білетін оқырмандар бар.

Елена Георгиевна Шелудьконың — «Менің күн шуағым» атты жеке көрмесі осыған дәлел болады:

Сабаннан жасалған нәзік, алтын түстес күнім қандай керемет еді ... (!)

Шебердің жасаған жұмыстарының нәзіктілігі соншалық, оны қайталау мүмкін еместей көрінеді. Елена Георгиевна бұл жұмыстың көп шыдамдылықты қажет ететін күрделі еңбек екенін айтады. Ал күнге қажетті материалды табу қиын емес, күздің басында егістікке шықса болғаны, онда сабаннан аяқ алып жүргісіз. Бір құшақ сабан бір жылға, тіпті екі жылға жетуі мүмкін, сосын қалаған ойыншығыңды, суреттеріңді, сыйкәделеріңді жасай беруіңе әбден болады.

Балалар! Елена Георгиевна өзінің кәсіби құпияларымен бөлісіп, осы керемет өнерге сіздерді баулуға қуана келісімін беріп отыр.



Кітапхана ұсынады: Жайлаудағы демалыс.

Бс, 19/07/2012 - 17:26 — admin

Жайдарлы жаз келген соң сабақтан босап, киноны қалағанша көруге, балмұздаққа тойып, суда армансыз шомылуға қол жеткізген балалар кітаптан қол үзе қойған жоқ. Сондықтан да жазда «Жазғы жайлау» жазғы оқуының өткізілуі заңдылық.

Жыл бойы балалар белгілі қазақ жазушысы Марат Қабанбаевтың кітабымен аттас құрастырылған «Туған жердің төрт мезгілі» әдеби ойынын ойнады, Надя Шевелянчик пен Сараева Алина (6 сын.№ 23 мектеп), Марина Бочарова (5 сын. № 122), Света Бобкова (6 сын., № 18), Ира Солохина (7 сын.,№ 1) біршама тапсырмаларды орындап тастағанымен сенің де үздік атануға әлі де болса мүмкіндігің бар! Биылғы жаздың керемет жаңалығы Жазғы жайлауға барғың келсе, кітапханаға тез жет!



Ақылбек Шаяхмет: Отан, сенің ұлыңмын!

Сс, 17/07/2012 - 16:50 — admin

Шығыс ұлы едім мен,
Шығыс нұры болсам екен дедім мен.
Кіндік қаным, маңдай терім төгілген.
Қуат алдым жаны жомарт жерімнен.
Елдің қамын жедім мен.
Қуанғаннан ұмыттым,
Тағдырымның аязы мен ызғарын.
Жүрегімнің қызуымен жылыттым,
Солтүстіктің мұздарын.
Оңтүстіктің естіп талай сырлы әнін,
Бүлбұл даусын тыңдадым.
Батыстың да көріп талай ғажабын,
Есім кете жырладым,
Шарлап қайттым төрт бұрышын әлемнің,
Қанша жанның пейіліне бөлендім.
Туған жерім екендігін түсіндім,
Қайнар көзі өлеңнің.
Тас бұлақтай атқылаған жырымның,
Бастауы сол екендігін ұғындым.
Шығыс та емес,
Батыс да емес,
ОТАНЫМ!
Тек өзіңнің ұлыңмын!

Отаны туралы осындай ғажап сөздерді тек ақын айта алады. Иә, рамысен, Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК ескі досы Ақылбек Қожаұлы Шаяхметті таныстырудың қажеті жоқ.

12 шілдеде Сарыкөл Орталық балалар кітапханасында «Жазушымен жақын танысайық» әдеби турне шегінде, осы керемет адаммен көптен күткен кездесу өтті. Естеріңізге сала кетейік, турненің мақсаты біздің өлкеміздің мәдени және рухани өміріне баға жетпес үлесін қосқан, жергілікті авторлардың шығармашылығымен аудандық кітапханалардың жас оқырмандарын таныстыру болып табылатын.

Қостанайлық ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхметовтың кітаптары балаларға да үлкендерге де бірдей ұнайды. Себебі онда біздің туған жеріміз, жазық дала, оның күш-қуаты мен мейірімділігі туралы жазылған. Кездесу кітапхана оқырмандары мен қызметкерлерінің ортасында сырлы әңгіме түрінде өтті. Автордың ертеректе жазған өлеңдерімен қатар, қазіргі шығармашылығы да оқылып, жанды тербеді. Балалар жазушыдан оның мектеп жылдары, әдеби қызметінің басталуы және басқа да көпдеген сұрақтарға жауап алды. Жазушы үшін Чехов орта мектебінің 8-сынып оқушысы, жас ақын Жанат Мәликенің ақынға оның «Жеті ата мен жеті ұрпақ» өлеңін оқып беруі жағымды сыйлық болды.

Автор жаудырма сұрақтарға жауап беріп, сүйсіне автографтар таратты. Осы кездесуге қатысқандардың барлығы да Ақылбек Шаяхметовтей тартымды, талантты, және тіл табысу өте оңай адаммен тілдесуден зор ғанибет алды. Кездесу қас қағым уақытта өтіп кеткендей болды. Осы тамаша кездесудің жылы сәттері мен кітаптардағы авторграфтар естелікке қалды.



Неткен керемет – біздің жаз!

Бс, 12/07/2012 - 15:32 — admin

Әр қайсымызға жаз әрқалай ұнайды. Біреулерге ең ұзақ демалыстар үшін ұнаса, енді біреулерге шуақты жылы күндері үшін, біреулерге ұзақ күткен сүйікті ісімен айналысу үшін, ал кейбіреулерге осыдан былай қанша уақыт болса өзінің сүйікті кітапханасында өткізуге болатынымен ұнайды. Себебі мұнда күн сайын ерекше оқиғалар болып жатады. Мысалы, жуықта мұнда біздің кішкене оқырмандарды көңілдендіріп, албырту үшін, біздің ескі құрбыларымыз – Жалмауыз Кемпірлер келген болатын. Олар балаларға жұмбақтар жасырды, сұрақ-жауаптармен де қинады, түрлі ойындар ойлап тапты, тіпті мультиктер де қосып үлгерді (өздері жайлы, ал сендер қалай ойлап едіңдер). Жалпы уақытты керемет өткіздік!

Шынымен, әр қайсымыздың осы жыл мезгілін сүйетін себебіміз бар. Жазда ең бастысы – күні бойы үйде отыра бермей, мүмкін болғанша көбірек шаттануға, атқан әр таңға қуанып, жаңалықтар ашуға тырмысыңдар. Алтын сендерге ұмытылмас сәттерді, жылы жаз бен жаңа достар табуды тілейді!



Ту, елтаңба және әнұран - тәуелсіздіктің айғағы

Дс, 04/06/2012 - 20:48 — admin

Бүгін 4 маусым біз еліміздің мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба, әнұранның жиырма жылдығын атап өтудеміз. Егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкер шілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділер-ол рәміздер.

Осы күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келген №16 мектептің балалары «Ту, елтаңба және әнұран -тәуелсіздіктің айғағы» атты әңгіме-диалог шарасына қатысып, еліміздің рәміздерініңтарихы туралы әңгімелесіп,білмегендерін біліп қайтты. Сонымен қатар ойын - викторинаға қуана бірауыздан жауап беріп, өз білімдерін көрсете алды.



Зеңгір көктен, нұрын төккен ортақ біздің күніміз

Жм, 01/06/2012 - 17:56 — admin

Көптен күткен жазымыз да келді, артынан көп күттірген ең ұзақ демалысымызды да және осы қуаныштармен бірлесе балалардың сүйікті мейрамы - 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін ала келді.

1 маусым күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ауласында көптеген жақын маңдағы мектептердің балаларының қатысуымен Зеңгір көктен, нұрын төккен ортақ біздің күніміз атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні күннің көзінің шашқан шуағының өзі балалардың көңіл күйін көтеріп, жылуын шашып қуанышқа бөледі. Тіпті үлкендердің өзі «Жасдәурен» вокалдық студиясының кішкентай әртістері әң шырқағанда олармен бірге билеп, қосылып бірге ән айтты. Осындай тамаша мереке оларды да балалық шағына барып қайтқандай әсер қалдырғаны сезілді.

Ал ғажайып мысықтар биін орындаған «Искорка» хореграфиялық дуэті балалардың бірталай көңілдерін көтеріп тастады. Кейіннен әсерлі «Кукареллу» биін біздің волонтерлеріміздің көрсетуімен бірге қатысушылардың барлығы қуана билей жөнелді.

Қызықты сайыстар мен ойындарда бірде-бір көрермендердің көңілін қалдырмады. Әрбір бала өзін осы тамаша мерекенің басты кейіпкері сезіне алды.Соңы балаларға арналған жалынды әуендер қосылған супер-дискотекамен жалғастып, балалар тәтті балмұздаққа тойып, көңілдері шат күлкіге толы болып тарасты.

Бір сөзбен айтқанда мереке көңілден шықты. Бұл мереке көңілді билерімен, жалынды әуендерімен, қимылды ойындарымен, қуанышты күлкісімен, сүйікті тәттісімен балаларға нағыз ғажайып мереке бола алды. Сүйікті кітапханаларында осындай мерекелер әлі де жалғасатынын білетін балаларға айтарым-алда жазғы демалыста да осындай мерекелердің куәсі бола аласыңдар дегім келеді.



Сөздер және қаракеттердiң сиқырлы күшi

Дс, 28/05/2012 - 17:21 — admin

Анаңнан бірнәрсені сұрамсақтана берсең, ол «Сиқырлы сөзді айт!» деп жауап береді. Оқи алатындардың кез-келгені «мархаббат» сөзін айту керектігін түсінеді, біледі. Осы сөздің мағынасын жақсы түсініп, оны кім шығарғанын білгің келсе-тамаша балалар жазушысы Валентина Осеева оқуға асық.

Валентина Осееваның таңғажайып әңгімелері нағыз сезімді, жүректі толғандырады.Оның әңгімелерін оқып отырғанда өз әжеңді қалай сағынғандығын еске түседі, ұрысып қалған жолдасың болса сол екеуіңнің қарым қатынасың еске түседі және сонымен қатар солардың бәрін дұрыстауға үйретеді.

Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келген № 27 мектеп оқушылары «Сөздер және қаракеттердiң сиқырлы күшi» атты интерактивті диалог-әңгімеге қатысып, жазушының ең жақсы шығармаларымен танысты. Балалар мейірбан сөзді еске түсіріп,әңгімелердегі басты кейіпкерлердің жасаған қылықтарын бағалап, сол жерде өздері болса не істер екендігін әңгіме етті. Ең бастысы ішкі дүниелерін жақсы және жайлы әсерлермен байытты.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру