Новости


Қыздар, қыздар қыздар – ай!

Дс, 29/10/2012 - 11:22 — Max_Warlock

Қымбатты біздің ата-аналарымыз!

Сіздер сүйкімді де көрікті сәнқойдың, бет моншағы үзілген нәзік жанның, не болмаса, тентек те еркетотай қыздың бақытты ата-аналары шығарсыздар? Олай болса,

«ҚЫЗДАР, ҚЫЗДАР ҚЫЗДАР – АЙ!»,

атты ата-аналар клубының танымдық-ойын сауық бағдарламасына қатысуға міндеттісіз. Бұнда сіздер «қыздар» тәрбиесінің қыр-сырын меңгеріп, «үш қамқор анамен» сыр шертесіз, психологтың ақыл-кеңесін тыңдап, қыздарды тәрбиелеу барысында көп көмек көрсететін ең жақсы кітаптармен танысасыздар.

Ох уж эти девчонки!

Сүйікті қызыңыздың ең жақсы фото суретін беріп жіберсеңіз, ол тұсаукесер бетінде жарық көріп, кешіміздің көркіне айналады. Фото сурет дәл қазір жіберілсе дейміз!

Желтоқсанда кездесеміз, жаңалықтан құр қалмаңыздар.



Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

Бс, 25/10/2012 - 16:30 — Max_Warlock

Қазанның 23-ші жұлдызы күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханада «Оқу - қиялға қанат бітіреді!» атты Жастар фестивалі аяқталды, ол фестивальдің шегінде бірқатар қызықты іс-шаралар өткізілген болатын. Біздің оқырмандарымыздың осы күні онсыз да жақсы көңіл-күйлері кітапханаға келген жаңа жұмыскермен тануса отырып одан да көтеріле түскенінен басап кетейік. Ол кісінің айрықша бет бейнесі естелік суретке түсуге тартқандай:

Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

Саған 14.00-де, арасында ҚМПИ мен педагогикалық колледж студенттері бар жастар «Оқу керек пе әлде қажеті жоқ па?» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. Оқырмандар кітап пен оқудың өмірдегі мәні, кітапханалардың келешегі, сонымен қатар үйреншікті қағаз кітаптар балшық тақта немесе пергамент орамы сияқты мұражай экспонаты болып қала ма деген сияқты тақырыптарға пікір таластырды.

Саған 14.00-де, арасында ҚМПИ мен педагогикалық колледж студенттері бар жастар «Оқу керек пе әлде қажеті жоқ па?» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. Оқырмандар кітап пен оқудың өмірдегі мәні, кітапханалардың келешегі, сонымен қатар үйреншікті қағаз кітаптар балшық тақта немесе пергамент орамы сияқты мұражай экспонаты болып қала ма деген сияқты тақырыптарға пікір таластырды.

Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

ТОл уақытта кітапханашылар уақытты босқа кетірмей, фототаспаны қолға алып, қақпаның сыртына шықты. Олар қала тұрғындарына «Кітапхана қайда орналасқан?» деген бір сұрақты ғана қоймақшы еді. Бұл сұрақтың жеңілдігіне қарамастан көп адамдар не деп жауап берерін білмей, біраз абдырап қалғанын мойындау керек (!) Дымбілместерге кітапхана координаттары салынған визиткалар мен естелікке кішкене сыйлықтар үлестірілді.

Жастар кітабы фестивалінің жабылуы

Ал осы күні кітапханаға келген оқырмандардың барлығы «Сыйлыққа кітап» атты науқынның бақытты қатысушылары болды, және кеш батқанға дейін интернетті тегін пайдаланды.



Сиқыршымен кездесу

Сс, 23/10/2012 - 12:18 — Max_Warlock

20 қазан күні сағат 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеттегі сенбінің әр күніндей балалардың сыңғырлаған дауысымен күмбірлеген күлкісіне толы кішкентай шеберлердің «Шебердің қолы ортақ» атты үйірмесі өтті. Осы сенбі де өткен кездесу балалар үшін ерекше әсер қалдырып, толғандырды. Өйткені дәл осы күні оларға қонаққа дәл Шелудько Елена Георгиевнаның өзі келді. Ол өзінің сабаннан не қамыстан жасалған тамаша суреттерін ала келіп, балаларға бұрын сонды жасап көрмеген қолөнер түрін жасап үйретті.

Сиқыршымен кездесу

Осы күнді сиқырға айналдырған Елена Георгиевна өз құпиясымен бөлісіп, кептірілген бидайдың сабағынан алтын түстес керемет қоңыр күздің жапырақтары бейнеленген тамаша көріністі қамыстан жасауды үйретті. Сонымен қатар сиқырлы қолөнер кәсібінен көптеген қызықты әңгімелерін айтып берді. Елена Георгиевна өзінің сүйікті оқушыларына көп ұзамай 3 қарашада кездесетінін уәде етіп,кішкентай шеберлерді қуантып тастады.

Сиқыршымен кездесу

Сиқыршымен кездесу



Кітаптың салмағы қандай?

Сс, 23/10/2012 - 11:55 — Max_Warlock

Расында да, әлемдегі ең ауыр кітаптың салмағы қандай болуы мүмкін? Мысалы, атақты Клементинумде - Карлова университетінде (Прага қ.) 160 есектің терісінен жасалған, салмағы 75 килограммға дейін жететін, әлемдегі ең ауыр салмақты "Codex Gigas " немесе "Библия дьявола" кітабы көрмеге қойылды. Атауы қандай суық болса, кітаптың жасалуына байланысты да түрлі қорқынышты қауесеттер тараған, кітап беттері құпияға толы суреттермен безендірілген- осының бәрі көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын арттырып отыр :)

http://lifeglobe.net/blogs/details?id=933

Ал біздің сүйікті оқырмандарымыз бір күнде қанша килограмм кітап әкетеді екен? Абонемент кітапханашылары бұны анықтау үшін кәдімгі таразы көмегіне жүгінді. Нәтижесінде не болды деп ойлайсыздар? Сенесіздер ме, бір күнде кітапханадан 12,7 килограмм кітап оқуға алынды. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, кітапханашылар сырттай нәзік көрінгенімен осындай ауыр салмақты жұмыс атқарып жүр :))

Ал Жастар кітабының Фестивалі өз жалғасын табуда. Ертеңгі күні «Оқу керек пе, керек емес пе?» пікірталасына қатысып, «Тілегені алдынан іздемей- ақ табылған» диалогында қаламыздың атақты адамдарымен кездесе аласыздар және кітапханалық «еркіндік алаңында» өз шығармашылық қабілетіңді танытып, жұлдызға айналу мүмкіндігіне ие бола аласыз..



Бір сағатқа кітапханашы

Бс, 18/10/2012 - 17:27 — Max_Warlock

Достар! Балалар мен жастарға арналған облыстық кітапханада кез келген ниет білдірген оқырман қатысушысы бола алатын «Бір сағатқа кітапханашы» дублер-шоуының шегінде Жастар кітабы фестивалі өтіп жатыр. Ал өзін кітапханашы ретінде сынаудан қорықпаған біздің алғашқы оқырмандар Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ-нің оныншы сынып оқушылары Кульмагамбетова Аида мен Куанышпаева Салтанат. Қыздар кітапхана жұмысына үлкен жігерлілікпен және жауапкершілікпен кіріскендерін айта кету керек: абонемент келушілерінен олардың не оқығысы келетінін жөндеп білуге тырысты, кітаптардың орналасуының айлалы жүйелерін біліп, кітапхана қорының жолдарын өз бетімен табуғы тырысып бақты. Ал кітапханашылар қыздарға күтпеген жерден келесідей сұрақ қойды: «Қалай ойлайсыңдар, біздің заманда кітапханашылар керек пе?». Бұл сұраққа қыздар бір ауыздан – «Керек! Себебі, біз өмірімізді қызықты, таңғажайып кітаптарсыз елестете алмаймыз» - деп жауа берді. Жұмыс барысында уақыт та зу етіп өте шықты, көзді ашып жұмғанша ертеңгі күні осында қайта оралу үшін қоштасатын уақытта жетті.

Бір сағатқа кітапханашы



«Оқу-қиялға қанат бітіреді» атты жастар кітабының фестивалі

Бс, 18/10/2012 - 17:14 — Max_Warlock

Бәріңізге! Бәріңізге! Бәріңізге! Көңілділер мен тапқырларға, зеректер мен зейінділерге! Сіздерді 23 қазан күні өтетін «ОҚУ-ҚИЯЛҒА ҚАНАТ БІТІРЕДІ» АТТЫ ЖАСТАР КІТАБЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІНЕ шақырамыз!

«Оқу-қиялға қанат бітіреді»  атты жастар кітабының фестивалі

Фестиваль бағдарламасында:

23 қазан 10.00 бастап - «Кітап – ізгілікке бастар жол» ретро-кітаптар мен жаңа басылымдардың көрмесі. Сіздердің назарларыңызға дүние жүзі бойынша сендердей жастағы балалардың таңдап алған кітаптары және әртүрлі әдеби бәйгеге лайық болған кітап көрмесі ұсынылады.

23 қазан 14.00-да - «Оқиын ба, оқымайын ба?» пікірталас. Жастардың қазіргі оқулары өз алдына қандай әсер береді және өмірлеріңде қандай орын алады екенін пікір-талас арқылы аңықтауға тырысамыз.

23 қазан 15.00-да - «Кітапқұмар адамның алар асуы да биік». Олар бір - кезде біздің кітапханамыздың оқырмандары болған-қазіргі таңда бұл адамдардың «Жолдары болы» болды деп сеніммен айтуға болады. Олар өздерінің оқу жолдарымен және осы өмір жолдарында оқу қалай ықпал еткені жайында бөліседі. Кім бұл адамдар? Бұл сендерге күтпеген жағдай болсын!

22-23 қазан – «Кітаптың салмағы». Бір күнде кітапханадан оқырмандар қанша килограмм кітап әкететіні қызықтырама? Айптақшы осымен бірге абонемент бөлімінің кітапханашысының «жүк көтерімділігі» қанша екенін білуге болады.

22-23 қазан - «Кітапханаға қалай баруға болады?». Бұл «жай» сұрақты кітапханашы кітапханадан шығып қаламыздың кез-келген тұрғынына қояды. Бұдан не шығарын байқап көреміз. Ақцияға қосыл!

17-23 қазан - «Бір сағатқа кітапханашы» дублёр-шоу. Кез-келген тілек білдіруші дублёр-шоуға қатысып, өзің осы мамандықтың иесі бола алады ма екенін байқап көруіңе болады.

23 қазан 15.00-да – «Кітапхана - шығармашылық алаңы». Дәл осы жерде әркім өзінің нендей қабілеті барың көрсете алады. Фестивалға қатысушылар мен көрермендер алдында спорт және өнер, сонымен қатар әдебиет саласында да өз қабілетің мен шеберлігінді көрсету мүмкіндігінді өткізіп алма.

Сіздерді бүгін күтеміз!



Шеберлік сабағына шақырамыз

Бс, 18/10/2012 - 13:29 — Max_Warlock

Өзімізді әдемі заттармен қоршай отырып, біз өзімізді «Сұлулық әлемді сақтайды» деп сендіреміз. Бірақ сол сұлулықты қолдан жасау әрқасымыздың қолымыздан келе бермейді. Өзіңіз түсінгендей, бұл жерде сөз Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер секторының оқырмандары жайлы қозғалып отыр :) мысалы, Елена Георгиевна Шелудько сияқты, «сабанды істер шебері», оның таңғажайып жұмыстары, міне бірнеше апта бойы біздің оқырмандарымызды таңдандырып келеді.

Сіздерді қуантуға асығудамыз! 20 қазан күні, сенбіде, сабаннан бастырмалар дайындау бойынша шеберлік сабағы болады, онда Елена Георгиевна сабанды пайдалануға қалай дайындайтынын, оны қалай дұрыс өңдейтінін және сізге қандай құралдардың аса қажет болатыны жайлы айтып береді.

Шеберлік сабағына шақырамыз

Сәндік-қолданбалы өнерге ынтық кісілер мен барлық ниет білдіргендерді шақырамыз. Мүмкін, қолыңызға алтын сабанды алғаннан кейін, Сіз осы істі бар жаныңызды салып жасайтын шығарсыз.

20 қазан күні сағат 15.00-де өнер секторында кездесеміз!



Суретке түсіруді үйренейік

Ср, 17/10/2012 - 16:06 — Max_Warlock

Фотография өнерінің музыка мен сурет өнері сияқты тосын сырға толы екенін әркім біле бермейді. Ал сен суретке түсіру фотоаппарат нүктесін баса салумен шектеледі деп ойладын ба? Ендеше қымбат фотоаппаратпен түсірген ең қызықты сәттерінің бейнесі неліктен көмескі көрінеді? Сол себептен де Ы. Атынсарин атындағы облыстық балалар мен жас өспірімдер кітапханасында фотография өнерін игеруге мүмкіндігін бар, әрі бұл тегін. Бұл керемет мүмкіндік беретін орын өнер секторы деп аталады және екінші қабатты орналасқан.

Суретке түсіруді үйренейік

Сонымен фотография өнері жайлы білгін келсе,кәсібі маманнан кенес алғын келсе,жаңа достар тапқын келсе есігіміз ашық. Кәсібі фотограф өз мамандығының қыр-сырымен таныстырып,фотография өнерін меңгеруге қуана қол ұшын береді. Осыдан кейін қарапайым ыдыстың өзі шығармашылық ойынды жеткізетін бейнеге айналады. Өмірінің әр сәті өткен шақтың еншісінде қалмайтынына сене беруіне болады.

Анықтама телефоны – 54-11-61

(өнер бөлімі)



Бахытты отбасы

Ср, 17/10/2012 - 15:23 — Max_Warlock

12 қазанда «Жаңға жайлы жүздесү» клубы мүшелерінің көптен күткен кездесуі өтті. Бұл кездесуде отбасындағы кикілжің мен бала қатыгездігі жайлы сөз болғандықтан, жас өспірімдер психологі В. А. Гаан қатысты.

Бахытты отбасы

Өз баланның жағымсыз қылығын тусүну қиынның қиыны шығар. Біз көңіл бөле бермейтін ұсақ-түйектер бала үшін шешілмейтін мәселедей көрінуі мүмкін. Көңіл бөлмейтініміз аздай, бала сезімін күлкіге айналдырамыз. Нәтижесінде бала ересектер көмектеседі және түсінеді деген пікірге күдікпен қарай бастайды. Өзін жалғыз қалғандай сезінген ол жағымсыз қылықтар көрсете бастайды.

Бахытты отбасы

Вера Андреевнаның айтуынша отбасындағы түсіністік маңызды роль алады. Конфуцидің сөзін еске алайық, «бақыт дегеніміз-өзінді өзгенің түсінуі». Балаларыңызды түсініп, аялай біліңіздер. Олар сіздердің қамқорлықтарыңызға зәру. Статистика деректері бойынша әр адам баласына күніне 20 минут қана көңіл бөледі екен. Сондықтан да ата-аналар балаларымен болатын кикілжіңдерді шешпес бұрын оның түп-төркініне үңілуі тиіс.

:) Ал бастамасына ұйықтар алдында балаға ертегі оқып беруге болады.



Жанға жайлы сырласу

Жм, 05/10/2012 - 17:07 — admin

Қымбатты біздің мамалар мен папалар!

Жақсы жаңалық: жазғы демалыстан кейін «Жанға жайлы сырласу» атты ата-аналар клубы өз кездесулерің жалғастырады. Міне алдағы 12 қазан күні сіздерді психолог Гаан Вера Андревнамен кездесуге шақырамыз. Вера Андревна әр отбасында туатын дау-жанжалдардан құтылу жолы мен отбасы тыныштығын қалай сақтап қалу керектігі жайында сөз қозғайды.

Сіздерді сейсенбі 12 қазан, сағат 18.00 күтеміз.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру