Новости


Кітапхана – отансүйгіштік тәрбие орталығы

Дс, 26/05/2014 - 15:50 — Ольга А

20 мамыр Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК акт залында «Кітапхана – отансүйгіштік тәрбие орталығы» атты семинары өтті, оған қалалық және аудандық ОКЖ меңгерушілері, облыстық мектеп кітапханалары қатысты. Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК мен Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК семинардың ұйымдастырушысы міндетін атқарды. Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК директоры Г.Г. Казина модератор болды.

Семинарға арналып «21 ғасырдағы отансүйгіштік: бұрынғы және қазіргі тәжірибе дәстүрінде» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Д.М. Шакарова шолу жасады. Тіркеу мен шолудан кейін семинарға қатысушылар акт залында семинарды жалғастырды. Семинардың алғашқы жартысында баяндамалар тыңдалды:

1. «ХХ ғасыр соңы мен ХХI ғасыр басындағы қазақ диаспораларының тарихын зерттеу мәселелері» - тарих ғылымының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ гуманитарлық – әлеуметтік факультетінің оқу ісі бөлімі деканының орынбасары Исмаилов С. С.

2. «Қазақстандық отансүйгіштікті нығайтудың заманауи әдістері» - Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкері Мусабаева Ж.К.

3. «Жастар саясаты мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі» - Жастар саясаты ісі бойынша Басқарма, жастар және жастар ұйымымен жұмыс бойынша бөлім Қарымсақова Д.И.

4. «Қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға арналған ғаламтор кеңістігін қолдану» - Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Смышляева Е.В.

5. «ЖасОтан» жастар қанатының жобасын жүзеге асыру – «Нұр Отан»ХДП «Жас Отан» жастар қанатының Қостанай қалалық кеңесінің хатшысы Төлетаев Е.С.

6. «Тарихи – өлкетану порталының контентін толықтырудағы кітапхана қорының ролі» - «Қостанай және қостанайлықтар» сайтының әкімшілігі Қозыбаев Арман.

7. «Кітапханадағы отансүйгіштік: құрамдас бөліктері, мәселелері және келешегі » - Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК ғылыми – әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Байгенжина С.М.

8. «Кітапханалық ортадағы отансүйгіштік тәрбие» - Меңдіқара ОКЖ қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ерсултанова Г.М.

9. «Науырзым ОКЖ отансүйгіштік тәрбие бойынша жұмыс тәжірибесі» - Науырзым ОКЖ директоры Абенова Г.Е.

Ақпараттық мол қоры бар кітапханалар күрделі және әлеуметтік мәні зор міндеттерді жүзеге асыруға ат салысады. Сондықтан да жастардың отансүйгіштік тәрбиесі бойынша сұрақтарды аша отырып, Қазақстанды ұлттық деңгейде қайта өркендету және оның мақсаттарын орындау үшін жағдай жасауға баса назар аударылды: жастар арасында жоғары әлеуметті белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, адамгершілік құндылықты дамыту, рухани бай адамдарды тәрбиелеу. Барлық баяндамашылар осы сұрақтың аспектілеріне, нюанстарына тоқталып өтті, мәселелері, әдістері, жастар саясаты, қолдану, жастар жобасын жүзеге асыру және әлеуметтік саясаттың осы бағытын жүзеге асырудағы кітапхананың ролі туралы сөз қозғады. 7-9 баяндама алдыңғы сөздерді қорытындылап, кітапханалар осы бағытты іс жүзінде қалай жүзеге асыратыны, жастарды отансүйгіштік әдебиетті оқуға қалай тартып, белсенділік пен әлеуметтік отансүйгіштікке қандай әдістер арқылы қызықтыратындықтары туралы айтып өтті.Ғаламтор арқылы Қарағанды облыстық кітапханасымен байланыс орнатты, онда әріптестер осы бағытты жүзеге асыру жолдары бойынша ой бөлісті. Олар үшін отансүйгіштікті насихаттаудың ажырамас бөлігі болып Мемлекеттік рәміздерді оқырмандар арасында көрнекі түрде насихаттауы, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба бейнелері мен Мемлекеттік әнұран мәтіні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен облыс кітапханаларында ҚР Заңына сай орналастырылуы табылады. Баяндамалардан кейін семинар қорытындысы бойынша пікірталас жүргізілді. Сөз алған кітапханашылар отансүйгіштікті насихаттау бойынша жүргізген жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Соңында мынадай қорытынды жасалды: Н.Назарбаев ұсынған әлеуметтік саясаттың бағыттарының біреуін насихаттап, жүзеге асыру үшін кітапханашылар оқырманға көп ақпараттың ішінен елімізде ауызбіршілік орнатып, халқымызды татулыққа үндейтін ең маңыздысын таңдауға көмектесіп, ел ішіндегі және әлемдегі болып жатқан оқиғаларға байланысты шұғыл көзқарастарын білдіріп, уақытпен қатар жүру керек. Ол үшін бұрынғы, ұмытылған және сирек қолданылатын құралдар арқылы , топтарда жекелеген шығармаларды оқу арқылы, викториналар мен шолулар жүргізу, бір кітаптыңі көрмесі сияқты әдістерді қолдану арқылы өз жұмысын үнемі жетілдіріп отыру керек. Кітапхана қызметкерлері біздің еліміздің тұтастай саясатын көтеру және қолдау арқылы мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының осы бағытын жүзеге асыратындықтарына сенімді екендерін айтты.



Қостанайлықтар – тыл қаһармандары

Жм, 23/05/2014 - 14:45 — Ольга А

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында келер ұрпаққа ашық аспан, жарқын күлкі, алғашқы махаббат пен шат – шадыман қуаныш, ең сүйікті кітаптар мен міндетті түрде орындалатын армандар сыйлау үшін өмірлерін сарп етіп, сұрапыл күндерді бастарынан өткізген аға ұрпақты еске аламыз еске аламыз. Осындай ержүрек, батыр адамдардың арқасында өміріміз қызықты, керемет, жарқын болып отыр. Ол аңыз адамдардың арасында біздің қостанайлық жерлестеріміз де бар.

23 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қостанайлық белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер ұзақ жылдар бойы тер төккен "Кустанайцы - герои тыла. Личный вклад" кітабының тұсаукесері өтті. Шын мәнінде, бұл құндылығын ауыз толтырып айтатындай үлкен ұжымдық еңбек, өйткені кітапта біздің жерлестеріміз туралы естелік жазылған.

Кітапхана оқырмандары осындай керемет басылымның редакторы Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрайымы Вера Григорьевна Семёнованы және кітап кейіпкерлерінің бірі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Көпей Әбдірахманқызы Мальчубаеваны ыстық ықыласпен қарсы алды. Қаламыздың құрметті тұрғындары Вера Григорьевна мен Көпей Әбдірахманқызы балаларға роликтер, айпадтар, 3d фильмдері болмаған, балалар ересектермен бірдей еңбектеніп, күнбағыс тұқымын талғажау еткен тылдағы балалық шақтары туралы айтып берді. Ол кез бақытты болды ма екен? Өз Отанын шексіз сүйетін осындай керемет әйелдердің мейірімді жүздеріне қарап, бұған еш күмәнің қалмайды. Ал біз, құрметті достар, Вера Григорьевнаның арқасында "Кустанайцы - герои тыла. Личный вклад" кітабы біздің кітапханамызда пайда болғанын қуана хабарлаймыз. Ол кітапқа қаншама рухани күш жұмсалғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес - құжаттарды дұрыстап, мұрағаттарды көтеру, туыстарын іздеп табу, соның нәтижесінде, сан алуан, бірақ барлығы дерлік қаһарман адам тағдырлары әлемге паш етілді... Мүмкін оның беттерінің бірінде сенің әжең туралы сөз болған шығар?



Мысықтың үйі

Жк, 20/04/2014 - 17:43 — Max_Warlock

17 сәуір – мысықтар иттермен, сұсты тигрлер маймылдармен бірлесе жұмыс істейтін, сондай бір жұмбақ кейіппен бос цилиндрден бір құшақ гүл алып шығатын сиқыршы мен күлкіге қарық қылатын сайқымазақтар мекені – халық аралық цирк күні екенін білесіздер ме? Циркке бір рет келген адам сол алған әсерін ұмыта алмай тағы келуге тырысады. Мысалы, бір бала циркті қатты ұнатқаны соншалық, қалай да болса, сайқымазақ болуды армандады. Сосын не болды деп ойлайсыздар? Бір күні орның арманы орындалды! Бірақ ол үшін бала көп оқып, көп үйренуі керек болды. Есейген соң нағыз «Сайқымазақтардың Алтын Тәжіне» ие болып, өз театрын ашты, ал оның артистері кім деп ойлайсыздар, олар кәдімгі... мысықтар. Енді түсінген шығарсыздар, ол кісінің есімі – Юрий Дмитриевич Куклачёв.

news-17.04.14-1.jpg

Бүгін кешке Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторына келген балалар атақты сайқымазақтар, аң үйретушілер және танымал цирктер туралы білді, сонымен қатар мынадай қызық мұртты ала артистермен танысты:

news-17.04.14-2.jpg

news-17.04.14-3.jpg



Портрет Алтынсарина

Жм, 18/04/2014 - 17:17 — Max_Warlock

Бірде басқа кітапханалардың сайтын қарап отырып,бәріңе белгілі орыстың атақты жазушысы Н. Гогольдің шығармаларының фразаларынан құралған портретті көрдік. Бұл керемет ой бізге де қатты ұнады. Содан біздер де атақты жерлес жазушымыз,ұлы ұстаз ағартушы,киелі шаңырақ кітапханамыздың аты берілген Ыбырай Алтынсариннің портретін осылай жасайық деп шештік. Қалай шыққанын көріңіздер!

news-16.04.14.jpg



Жердің туған күнінде...

Жм, 18/04/2014 - 17:14 — Max_Warlock

15 сәуір күні мүмкіндігі шектеулі балалар Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткізілген Жердің... мерекесі яғни жердің туған күніне арналған іс-шарасына қатысты. Әдетте дәстүрлі айналған «Happy birthday to you…» әнін айтпасада және туған күнде қойылатын тәтті тортқа қойылатын шырақсызда, шөл қандырар шырынсызда мереке өте жақсы, қызықты өтті. Ормандағы жапырақтардың сыбдырын, тау бұлағының сылдырын, қыр гүлдерін ашық түстерін, құстардың сыңғырлаған дауысын және сәулесін шашқан күнге бетке жылуын шашқанын елестеткенге не жетсін... Міне біз осы кереметтің ортасында өмір сүреміз, бірақ біз осыны бағалай білеміз бе? Дүниежүзілік Жер күні қарсаңында осы жайлы барлығымызға да ойлану керек...

news-16.04.14-1.jpg



Сәлем, Әлем!

Жм, 18/04/2014 - 17:13 — Max_Warlock

1961 жылдың 12 сәуірінде Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихында (!) ең алғаш боп ғарышқа ұшқан ғарышкер – Юрий Алексеевич Гагариннің басқаруымен «Восток» ғарыш кемесі ғарышқа аттанды. Бұл ғаламат оқиғаны бүкіл дүние жүзі жыл сайын атап өтеді.

news-11-04-14-1.jpg

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторында №14 ом екінші сынып оқушылары үшін Дүниежүзілік авиация мен ғарыш күніне орай шығармашылық сабақ өтті. Балаларға Раиса Кирилловнаның тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин туралы және қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы әңгімесі қатты ұнағаны соншалық, олар сол сәтте – ақ ғарышқа аттанғылары келіп, қолдан жоғары жылдамдықпен ұшатын қызықты зымырандар жасады:

news-11-04-14-2.jpg

Бұндай ғажап құрылғымен бүкіл әлемді аралап шығуға болады! Мүмкін сендер де өжет ғарышкер болуды армандап жүрген шығарсыңдар? Олай болса, неге әлі кітапханаға келмей жүрсің? Алыс жұлдыздардың пайда болу құпиясын, ғарыш батырларын, қара саңылаулар жұмбағын, зерттелмеген галактикаларды қамтыған қамтитын тұтас әлем бүгін сені күтеді! Ғарыш кереметін зерттеуге аттанайық!



..Еш шектеусіз!

Жм, 11/04/2014 - 15:49 — Max_Warlock

9-сәуір күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК әдіскері А. Л. Видершпан мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін кітапханалық қызмет туралы сөз болған Шығыс Қазақстан облысының кітапханашыларына арналған онлайн-семинарға қатысты. Алла Леонидовна ОБЖК 2013 жылдан бастап енгізілген және жақсы нәтижеге жеткен инклюзивті «Шектеусіз Кітапхана» жобасы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Оның басты мақсаты мен міндеттерін заңды құжат беттерінен оқуға болады немесе бақыттан бал – бұл жанған балалар көздеріне үңіліп, сурет сабағында бояуға былғанған түрлерімен түскен фотографияларын тамашалауға болады, не болмаса, Аяз Атаға ұқсап, түрлі айшықты кітаптар салынған дорбаны арқалап, үйлеріне де жетіп барса ше… Бұл жобаның жасалуына осы түрткі болды.

news-10.04.14.jpg

Осындай балалардың өздерін қоғамнан тысқары сезінбей, толыққанды өмір сүруі, денсаулығы мықты жолдастарының қолдауын сезінуі өте маңызды. Әрине, бүгінде атқарылып жатқан іс аз емес, бірақ өз кезегін күтіп тұрғаны қаншама!.. Сондықтан да бұл семинар қостанайлықтар үшін өзекті мәселені болып, пікірталас тудырды. Әртүрлі аймақтан келген әріптестеріміздің тәжірибесі қашанда қызықты әрі тағылымды: ол салыстыруға мүмкіндік береді, нақты іске жұмылдырып, жаңа шешім жасауға итермелейді.



Оқу әлемі

Дс, 07/04/2014 - 10:17 — Max_Warlock
Кішкентай болған қандай жақсы! Күні бойы түрлі суреттерді парақтап, әкеңмен көңілді тақпақтар жаттауға болады, ал кешке таман әжеңнің ертегісімен тәтті ұйқыға кетесің. Бірақ есеюдің де өз жақсылығы бар, кітап бетін аша сала шексіз мұхиттарға кәдімгі қарақшылар кемесімен шытырман қауіпті оқиғаларға толы саяхатқа аттануға болады, ал капитан Флинт саған сықырлаған штурвалды сеніп тапсырады. Мүмкін, саған орман періштелерімен айлы түн астында көңілді сауық кештерін өткізген ұнайтын шығар? Соңынан тылсым күштерден еш қорықпастан қара күш иелерімен күш сынассаң... Мұндай сиқырлы әлемнің көп екенін айтқымыз келеді және оның әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Бұған 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келген жас оқырмандар көз жеткізуеді...

news-03.04.14.JPG



Балалар кітабы апталығының жабылуы

Сс, 01/04/2014 - 16:33 — Max_Warlock
Өкінішті болса да,балалар кітабы апталығы аяқталып,мереке қонақтары және басты кейіпкерлерімен де қоштасуға тура келді. Бірақ жабырқамаңыздар ол кейіпкер достарыңмен кітап беттеріңде жүздесесіңдер. Ал фоторепартажды осы жерден көре аласыздар.

news-01.04.14.JPG



Кiтаптар Джунглиi

Жм, 21/03/2014 - 15:29 — Max_Warlock

news-20.03.14-3.JPG


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру