Новости


Қысты шығарып салу

Сс, 19/03/2013 - 17:32 — Max_Warlock

Міне көктемде келді! Наурыздың күннің көзі бізге өз жылуын, сыңғырлаған тамшылар мен құстардың таңертенгі сайрауын сыйлайды, орманда алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Қысты шығарып салу уақыты жетті! Бейсенбі күні Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасында қысты салтанаты шығарып салу болды. Ал қарлы сұлу қайтсе де балаларды қалдырғысы келмеді: оларға жұмбақтар жасырды және қармен ойнауға шақырды және қолғаптарын қиюді иландырды, бірақ бәрі де бос болды. Ол кетуге мәжбүр болды, бірақ ол ашуланған жоқ, керсінше балаларған көңілді ән сыйлады, олар онымен бірге ән салды. №3 музыка мектебінің балалар фольклорлық ансаблінің кішкентай әртістерінің арқасында осы күні әндер көп айтылды. Әрине сый-сыяпатсыз болған жоқ- дәстүрлі құмақ және керемет өрік тосабымен мерекелік шай ішу болды.

Қысты шығарып салу



8-Наурыз мерекеңізбен!

Бс, 07/03/2013 - 15:51 — Max_Warlock

Қымбатты қыздар мен ханымдар! 8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз!

С 8 марта!

Ы. Алтынсарин ат. Облыстық балалар мен жасөспірімдер

кітапханасының ұжымы



Талдау толқынында: жолдау жолдарынан

Сс, 05/03/2013 - 17:07 — Max_Warlock

14 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауымен қазақстандықтарға сөз сөйледі. Бұл құжаттың маңыздылығы мен тарихи мәнін асыра бағалауға өте қиын, себебі бұл құжат өткен жылдардың мемлекет дамуының негізгі нәтижелерін ғана емес, сонымен қатар әрі қарай дамудың және әлемдік қоғамда жетілдірілуінің мақсаттары мен міндеттерін көрсетті.

Өткен аптада Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында құрылыс колледжі мен медициналық колледждің оқушылары арасында диспут өтті. Оқушылар Жолдаудың негізгі мәселелері бойынша өз көзқарастарын айтуға мүмкіндік алды. Оған қоса, қалай сапалы білім алуды, лайықты жұмыс табуды, қадір артуды және тәуелсіз тұлға ретінде қалыптасу туралы сөз қозғады. Өйткені, Президенттің сөзі бойынша қазіргі ұрпақтың білімі және кәсіпқойлығы тәуелсіздікпен қатар болып табылады және олардың Отанға деген берілгендігі біздің мемлекетке «2050 жылда әлемнің 30 ең дамыған елдердің қатарында» болуға мүмкіндік береді.

Талдау толқынында: жолдау жолдарынан



Керек мамандықты таңдау

Жм, 01/03/2013 - 10:45 — Max_Warlock

Счастье не в том, чтобы делать всегда, что хочешь,

а в том, чтобы всегда хотеть того, что делаешь.

Л. Н. Толстой

Көңілге жағымды, қанағаттандыратын, тек қана жағымды сезімдер әкелетін жұмысты және мамандықты таңдауда қалай қателеспеу керек? Әрине, әрбіреуіміз қолымыздан жақсы келетін іспен айналысуымызды армандаймыз. Сонымен қатар, еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныстын көп екендігін және сәтті жұмысқа орналасудың мүмкіндігін білуіміз келеді. Бұл маңызды ақпарат 26 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Керек мамандықты таңдау» атты кәсіптік бейімделу сағатында сөз қозғалды. Қостанай облыстық есту қабiлетi нашар балаларға арналған түзеу мектеп – интернаттың жоғары сынып оқушылары бұл әңгімеге белсеңді қатысып, қызықты практикалық тапсырмаларды орындады, ал ең негізгісі – өз қабілеттерін бағалауға мүмкіндік алды және өздеріне керек маңызды мәселелерді шешті.

Керек мамандықты таңдау

Ал кім осы күнге дейін өз мамандығын таңдамағандар Қостанай және Қостанай облысы бойынша келешек студенттерге арналған анықтамалық-жол көрсеткішке көз жіберіңіз.



Менің әлемім – Музыка

Жм, 01/03/2013 - 09:47 — Max_Warlock

XX ғасырдың музыкалық мәдениетінің тарихы ұлы есімдерге толы: олар Дмитрий Шостакович, Сергей Прокофьев, Альфред Шнитке. Бұл сазгерлердің әлемдік музыка өнеріне қосқан үлестері тарихта мойындалған, шын мәнінде баға жетпес қазына. Бірақ осы есімдердің ішінде бір әйел есімі жоқ, келісесіңдер ғой? Алайда осы жақында ғана нағыз ұлттық шығармаларға байытқан және Қазақстанның кәсіби өнерін әлемдік деңгейге көтерген шығарушы, композитор-әйел Жұбанова Ғазизаның (1927-1993) туғанына 85 жыл болды. Ол өзінің құмарлық пен сезімге, жанның шырақтауына, өз өмірінің сезуіне толы шығармашылығын – «Менің жерімнің әуені» деп атағанды жақсы көрді.

Мой мир - Музыка

26 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында Ғазиза Жұбанованың бірегей шығармашылығына арналған «Менің әлемім – Музыка» атты музыкалық сағат өтті. Осы ұмытылмас шараға келген Қостанай педагогикалық институтының музыкалық бөлімінің студенттеріне Людмилы Петровны Белозёр (фортепиано) мен Ларисы Михайловны Сергазинаның (флейта) орындауындағы керемет шығармаларынан ләззат алуға мүмкіндік туды.



Кітапханада немен айналысуға болады?

Дс, 25/02/2013 - 16:38 — Max_Warlock

Қайда жерде уақытты зерікпей және ең бастысы ақысыз өткізуге болады?.. Қайда бару керек? Кейбір сенің жолдастарың пайдалы таңдау жасаған... Ол кітапхана!..Оқу, ойнау, жасау, армандау, әңгімелесу, жаңадан хабардар болу, іздеу (және табу) достар... - шын, бұл айтылғандар кітапхананың бір күндік қалыпты күндерінің кішігірімі ғана. Жуырдан бері кітапханалық ПАЗЛОМАНИЯ тұрақты оқырмандарды өзіңе баурап алды.

Кітапханада немен айналысуға болады?

Пазл ойыны – бас миын шынықтырады, егерде көңіл күйін болмаса жүйкені жайландырырады, сонымен бірде мысалға аудио кітапты тыңдауға және жаңа достар табуға немесе жай ғана жалғыздықты сезінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы ойын көңілінді арбап қызықтыра түседі, бастағасын аяқтап шықпайынша тоқтай алмайсың.

Сөз ретінде айтып кететін болсақ, бүгінгі күнмен алғанда ең үлкен пазл 24 000 бөлшектерден тұрады. Оның авторы новозеландық суретші – Ройс МаккЛюр. Пазлының тақырыбы жер бетімен,су асты әлемінің масштабты көрінісін таңдаған. Бұл керемет – пазл Өмір атауымен Гиннес рекорд кітабына енген.

Кітапханада немен айналысуға болады?

http://www.huffingtonpost.com/2013/01/17/amanda-warrington-giant-puzzle-_n_2497203.html



Поэзия менің өмірімде

Сс, 19/02/2013 - 17:26 — admin

Поэзия деген не? Өлең қалай жарық көреді? Неге біз сүйікті өлең жолдарын есте сақтап, оның көркемділігімен басқалармен бөлісуге тырысамыз. Егер сен ақын болмасаң, бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес. Бұған поэзияға арналған кездесу кешіне келген Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарының көзі жетті. Бұл кездесу кешке оқырмандарға қонақ ретінде атақты қостанайлық ақын, Солтүстік Қазақстанның әдебиетшілер Ассоциациясының жетекшісі Владимир Леонидович Растёгин, аймақтық «Ковчег» әдебиетшілер одақтастықтың жетекшісі және облыстың табысты жас ақындарының бірі Александр Колесников, сонымен қатар жаңа бастап жүрген, бірақ атақтылығы кем емес ақын және прозаик, Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты (2011 жыл) Ангелина Никулина келді.

Ақындар өлең жазудың қиын екені, шабыттың қайдан туатыны, алғашқы жолдардың қалай пайда болатыны туралы айтты, сондай-ақ өздерінің армандарымен, келешек жоспарларымен, және де әрине керемет өлеңдерімен бөлісті. Барлық қатысушылар біздің қаланың тартымды, қызықты және талантты адамдарымен «жанды» қатынастан үлкен ләззат алды.



Ұмытылмас естелік

Бс, 14/02/2013 - 17:45 — admin

13 ақпан Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының акт залында Сталинград түбіндегі шайқас – Ұлы Отан соғысының басты оқиғаларының біріне арналған еске алу кеші өтті. Миллиондаған солдаттар мен адамдардың өмірлерін алған бұл Жеңістің аяқталғанына 70 жыл. Дүние жүзі бойынша әр адамның жүрегінде осы соғыстағы батырлардың ерліктері есте қалады.

Қатысушы оқырмандар жүргізушінің айтқан әңгімесінен және бейне түсірілімді көре отырып,сол күндерде болған уақиғаны бастарынан өткізгендей әсер алды. Балалар бұл кештен туған отанына деген сүйіспеншілікті, отаншылдықты сезіне алды деп ойлаймыз.



Аспан түстес көгілдір

Бс, 14/02/2013 - 17:06 — admin

Көгілдір аспан, көгілдір теңіз, көгілдір қырау... Бұл түстерді көбіміз осылармен орайластырамыз. Осыған жақын №10 кәсіптік лицейдің студенттері «Көк этюд» деп аталатын бейнелеу сағатын өткізді. Бұл сағат Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың өнер бөлімінде «Кескіндемені жырлаңдар, ақындар» деген қызықты танымдық іс-шаралар топтамасының ашылуымен атап өтілді. Жүргізушілер, өнер секторы бөлімінің кітапханашылары – көк түстің символдық атауын түсіндіріп, көк түс табиғатта көп кезесетінін және оның қасиетін бағалау үшін адамға көп уақыт пен еңбектену керек болғанын әңгіме етті. Көк түсті мойындағаннан кейін,бұл түс көп ақындардың жүрегінен жол тауып, арбаған ұйқастарды құруға шабыт берді. Ал атақты суретшілерге қайталанбас сурет салуға, көрнекті музыканттарға – өшпес композиции жасауға мүмкіндік берді.

Осының салдарынан балалар жан-жақтарында кездесетін көгілдір түске ғашық болып қалды.

Эдгар Дега. Синие танцовщицы



Сағындық қуанышың құтты болсын!

Сс, 12/02/2013 - 17:37 — admin

23 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Бүкiләлемдiк қысқы Арнаулы олимпиадалық ойындары өтті. Жыл сайын Special Olympics ойынына әлемнің жүзден астам елдерінен мүмкiндiктерi шектеулi адамдар қатысады. Өз күштерін сынға түсірген бұл адамдар өмірдің қиындықтарын жеңе білген, қайратты да,күшті адамдар деуге болады. Биылғы жылы осы ойында Қазақстанның Құрама командасы спорттың әр түрінен өз күштерін көрсетіп, 28 алтын, күміс және қола медалінің иегері болды. Бұл ойындағы жеңіс иегерлерінің бірі – қостанайлық және біздің Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың тұрақты оқырман Карымов Сағындық. Сағындық коньки тебуден 333 метр арақашықтықтағы жарыстан күміс медалді иеленді.

Сағындықты шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз.Сенің бұл жеңісің- барлық мүмкiндiктерi шектеулi балалары және солай деп ойлайтындар үшін зор мақтаныш және үлгі.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

БиблиоКешParty

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру