Новости


«Кітаппен саяхат»

Сс, 03/02/2015 - 17:20 — admin

Қостанай-Ұзынкөл бағыты бойынша «Кітаппен саяхат» акциясы жалғасуда.Ұзынкөл ОКЖ кітапханашыларының сұраныстары бойынша әртүрлі тақырыпта екі тілде кітаптар, журналдар ұсынылды. Кітап акция шеңберінде 4-сынып оқушыларына арнайы дайындалған кітап көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара өткізілді.

Оқушылар үлкен қызығушылықпен іс-шараға белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті. Кітап көрмесінде 28 адам болды. Олардың назарларына 37 кітап, 88 журнал қойылды, соның ішіндегі жарты журналдар кітапханаға сыйға тартылды.



«Девичий мирок»

Дс, 02/02/2015 - 15:55 — admin

Кітапханада «Девичий мирок» атты қыздарға арналған әдеби отырыс ашылды. Отырыстың ең алғашқы кездесу ұйымдастыру, танысу түрінде болды. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдалып,ортақ жоспарлар талданды. Танысу барысында оқырмандар сүйікті кітаптары туралы ғана айтып қоймай, өз сезімдерімен бөлісті. Кездесу соңында қуанышты жүздерін көргеннен кейін,осындай отырыстар керек екендігіне көзімізді жеткіздік.

Екінші кездесуіміз В. Голявкинннің «Совесть» шығармасы бойынша адамгершілік тақырыбына арналып, ролді ойын ретінде өтті.

Кездесу барысында алдымен «адамгершілік», «ар-ұят», «намыс» сөздерінінің мағынасын талқылап, автордың өмірбаянынымен танысып, кезекпен «Совесть» әңгімесін оқыды. Қатысушы қыздар «әдеби сыншылар» және «журналистер» болып екі топқа бөлініп, «әдеби сыншылар» (жақтаушы), ал «журналистер» болса керісінше (теріс) жақты қабылдап, өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасты қолдап, қазіргі таңда бұндай жағдайды кездестіруге болады ма екендігі талқыланды. Кездесуді соңында қатысушылар өз ойларын, әсерлерін суреттеп қағаз бетіне түсірді.



Кітап жабылғанымен, оқиға жалғасады

Дс, 12/01/2015 - 09:20 — julia

news-12-01-14.JPG

6 қаңтар біздің кітапханада балалар үшін алдын-ала хабарланған «Ежик» журналының он бес жылдығына орай Фанфикшен байқауының «Кітап жабылғанымен, оқиға жалғасады» атты марапаттау рәсімі өтті. Фанфик дегенді түсіндерер болсақ, Фанфик не фанфикшен деген термин қандайда шығарманың негізінде оның кейіпкерлерімен оқиғаны жалғастыру, не құрастыру, не сол кейіпкерлермен жаңа оқиға жазу. 5-11 сынып оқушыларының оны байқауға қатысу үшін кітапханаға әр түрлі әдеби шығармаларды оқығаннан кейін жазған өз фанфиктерін әкелді. Әділқазы мүшелері олардың жұмыстарын қарастырып, «Сюжетті әсерлі суреттегені үшін», «Сюжеттің өзектілігі үшін», «Сиқырлы, болжамды сюжет үшін» деген үш номинация бойынша үш жеңімпазды анықтады. Олар: 5 сынып оқушысы Грить Настя, 11 сынып оқушысы Лыксова Саша және 7 сынып оқушы Немеренова Әсел. Әділқазылар тартысы барысында барлығы бір дауыспен тағы бір қатысушыны атап өту керектігі анықталды және сол қатысушыға әдейлеп арнайы тағы бір номинация ойластырылды. Шара кезінде журналдың басты кейіпкері Ежик пен жүргізуші қатысушылар мен шақырылған қонақтарды дайындалған көріністерге қатысуға және қойылған сұрақтарға жауап берулеріңе шақырды, сонымен қатар қатысушылар өз қатарластарының өлеңдері мен әндерін тамашалады. Осы жерде «Ежик» журналының әр жылдағы басылымдар қойылған және шығармалар бойынша жазылған әртүрлі фанфикшендер бар ерекше көрме ұйымдастырылды. Шара соңында далада шарларға байланған кітапханаға шақыруы бар ашық хаттар таратылды.

Фото



Жаңа жылыңызбен!

Дс, 29/12/2014 - 16:11 — admin



Жұмбақты суреттер

Сс, 25/11/2014 - 12:19 — julia

Кезекті демалыс күндерінен кейін кітапханада біздің жас суретшілерімізбен қайта қуана жолықтық.

news-14-11-25.jpg

20 қарашада өткен кездесуіміздің тақырыбы-«Жұмбақты суреттер»деп аталды.Суретті монотипті техникасы бойынша сиқырлы таяқшамен емес,сиқырлы жіппен салды.

news-14-11-25-1.jpg

Бұл сиқыр кездесуге келгендердің барлығын таң қалдырды.Балалардың жасаған қолөнерлері рухқа жылы сезім қондырды.Олар көрінбейтін құстар,алтын балықтар,сұлу бұғылар.Алдарыңызда осы ғажайып суреттер...



Алақай! Бізде жаңа кітаптар

Дс, 17/11/2014 - 14:44 — julia

Кезекті ата-аналар клубының кездесуі «Алақай! Бізде жаңа кітаптар» - деген атаумен өтті. Ата-аналардың назарына ұлдар мен қыздар, үй жануарлар мен ертегі кейіпкерлері және әртүрлі қызықты, шым-шытырман оқиғалар жайында айтылған жаңа кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Клубқа қатысушылар қуана-қуана, шын ризашылықпен: «Вот это книга», «Пришкольные истории», «Смешные истории», «Тузик, Мурзик и другие» атты жаңа кітап топтамаларымен танысты.

news-14-11-17.jpg

Фото



Жаратылыстану ғылымдарына саяхат

Бс, 13/11/2014 - 12:32 — julia

И. В. Корчагинаның басшылығымен құрылған ғылыми қоғам қатысушыларының сұрауы бойынша жаратылыстану пәніне арналған кітаптарға шолу өткізілді. Балалар көптеген суретті безендірілген қызықты, белгілі ғылыми басылымдармен танысты.

news-13.11.14-1.jpg

Фото



Семинар

Бс, 13/11/2014 - 10:21 — julia

2014 жылдың 6 қарашасында облыстың балалар кітапханалары мамандарына арналған «Шектеусіз кітапхана: мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі» атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына 27 аудандық, қалалық балалар кітапханаларының мамандары қатысты. Семинарда мүмкіндігі шектеулі балалармен кітапханада жұмыс жасау мүмкіндіктері мен ерекшеліктері қарастырылды. «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Лимарева Л. В. түрлі дертке шалдыққан балалардың мінез-құлық ерекшеліктері туралы айтып берді. Тактильді кітаптар мен оның түрлері жайлы «Ашық әлем» жастар еріктілер үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Кайгородцева Л.А. сөз қозғады. Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қостанай аймақтық орталығының педагогы Л. В.Распопованың жұмыс тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Қолдан жасалған қуыршақтар көмегімен педагог балаларды оқытады, оларға әлеуметтік дағдыларды меңгертеді. Әртүрлі ойыншықтар: сөйлейтін қуыршақтар, саусақтық, буындық қуыршақтар балаларға осы әлемді танып білуге көмектеседі. Он-лайн тәртібінде семинарға қатысушылар алдында Өскемен қаласының А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы мен А.С.Пушкин атындағы Саратов облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары сөз сөйледі. Өскемен кітапханасының директоры Ақжігітова К. М. мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруге бағытталған жаңашыл жобалар туралы айтса, Саратовтықтар «ерекше» балалармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қорытындысында, кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы көркем және арнайы әдебиеттерге шолу жасады.

Фото



Жастар кітабы күні

Бс, 06/11/2014 - 10:40 — admin

29-шы қазанда Жасөспірімдер кітаптары күніне арналған жыл сайын болатын іс-шара өткізілді. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау. Биылғы шара жәрмеңке стилинде өтті. Жылдағыдай бұл күні әр түрлі акциялар жүргізілді. Фойеде оқырмандарды қарсы алып, бөлімдерге шақырды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде жаңадан түскен кітаптармен таныстырып, қысқаша шолу жасады. Абонемент бөлімінде букенист дүкені жайғастырылды, онда оқырмандар сыйлыққа кітаптар алып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Негізгі іс-шара сайыс түрінде өтті. ҚМПИ студенттері қатысып, әдеби кейіпкерлерін еске түсіріп, өлеңдер оқыды. Сонымен бірге қандай және қай жерде кітап оқуға болатынын белсене талқылады. Мысал ретінде, саяхатқа өзімен бірге туристер анықтағышы мен Есеннинің өлеңдерін, саяжайға Толкиенді, ал тіс дәрігеріне Толстойдың «Война и мирін» алуға болатынын айтты. Кездесу көңілді және еркін өтті.

Оқырман залында «Әдеби жәрмеңке» жазуы ілініп, бірнеше алаңшықтарда ойындар өткізілді. Олар:

  • «Шебер әлемі» түсті қағаздардан оригами техникасын үйретті.
  • «Сиқырлы көз» ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік болды.
  • «Қуыршақ сиқыры» өз қалауымен оқырмандар қуыршақ спектакілін көрсетті.
  • Және де «Ғажайып қарандаш» алаңшығында бастаушы суретшіден оқырмандарға өз портреттерін сыйлады.

Весь фотоальбом



«Бір ел – бір кітап»

Ср, 05/11/2014 - 14:58 — admin

22 қазанда «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» шығармалары бойынша оқырман конференциясы өткізілді.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сонымен қатар жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Конферецияға 11-ші мектептен 8-9 сыныптың оқушылары қатысты. Жалпы келушілердің саны-15.

Жазушының «Жусан иісі» повесі бойынша сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысты. Жазушының бірнеше шығармалары бойынша шағын кітап көрмесі болды.

Көрмедегі жазушының шығармаларына шолу жасалды. Сонымен қатар презентация мен кітап бойынша буктрейлер ұсынылды.

(ссылка на фотоальбом)


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру