Новости


Менің кішкентай достарым

Ср, 19/02/2014 - 17:05 — Max_Warlock
И всё-таки моя кошка
Мне кого-то напоминает.
Особенно, когда лает
И клювом стучит в окошко.
А. Гиваргизов
 
         Ұлдар мен қыздар! Көктемгі демалысқа 1 айдай уақыт қалды, ал Алтынка сіздерге ертерек жақсы жаңалықты хабарлап,қатысуға шақырады. 2014 жылдың 17 ақпан мен 20 наурыз аралығында "Кітаптар джунглиі" атты балалар кітабы апталығы аясында "Тұмсықтылар мен құйрықтылар" деген фото және бейне байқауы жарияланады.
         Байқау шарты:
-        0-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі жұмыстарды қабылдайды;
-        Қатысушылар жасы - шектеусіз;
-        Қабылданады: үй жануарларының қызықты қылықтары бейнеленген бейнероликтер мен фотографиялар;
-        Фотографиялар: JPG форматтағы электронды түрде
-        Бейнероликтер: 2 минуттан 5 минутқа дейін, 2 Мб асырмай.
         Ғаламтордан алынған материалдар қабылданбайды!

news-18.02.14.jpg

         Фото мен бейнеге қосымша қатысушының аты – жөні мен сипаттамасы ұсынылуы керек және біздің ВКонтакте бетінде осы жұмыстарынды жариялап, сүйікті досыңды бүкіл елге танымал ете аласың. Сайыс қорытындысы көктемнің демалыс күндерінде "Кітаптар джунглиі" атты балалар кітабы апталығында жарияланады.


Қысқы табиғат

Сс, 18/02/2014 - 09:38 — Max_Warlock
Қыс мезгілінде орманда тыныштық орнайды. Өйткені маймақ аю қатты ұйқыға кетеді, тікенек кірпі жайлы інінде ақырын ғана пысылдайды,тек қана суық,тыныш орманда қалқан құлақ, қорқақ қоян шырша маңын аралап жүргені болмаса... Кейде соққан жел ағаш бұталарына араласып, көтерілмей жатып басылады.
Жоба шеңберінде өткен бейнелеу өнер сабағында кітапхананың кішкентай оқырмандары қысқы орман тыныштығын тыңдап,көз алдарына қол тигізсең ақырын дыбыс беретіндей ағаштардағы күмістей жарқыраған қырауларды елестете алды.
 
news-14.02.14.jpg

Ал сендер балалар, кітапхананың ертегілер сабағына қатысқыларың келе ме? Ал сабақты сиқырлы қылқаламы бар, керемет туынды туғызатын нағыз перизат жүргізеді. Сиқыршы болуға асық.

news-14.02.14-2.jpg


Біздікілерді біліңіз

Бс, 06/02/2014 - 17:32 — Max_Warlock

Адам кәсіпқорлығын арттыру мақсатында кез келген әрекетке талпынып, ізденіп, батыл шешімдер мен ниеттерге қол жеткізсе өз өмірін көріктендіргені. Әр авторлық жұмысқа өз жаныңызды салсаңыз,оған қоса әлемді елестетер шығармашылық қиял болса, сенімді болыңыз: бірде сіздің еңбегіңіз лайықты бағаланады.

Өткен демалыс күндері И. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында барлығына арналған көңіл сүйсінерлік, қуантарлық Қостанай облысының меценат клубының сыйлығын тапсыру дәстүрлі салтанаты өтті. Бұл айтулы күні өз мамандығы және шығармашылық жобасы бойынша үздік деп табылғандардың ішінде біздің Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің жетекшісі – Елена Анатольевна Астафьева болды. «Мәдени мұра» номинациясы бойынша және М. Әуезовтың 115 жылдығына арнап жасаған буктрейлер үшін, сонымен қатар Елена Анатольевнаға Л. Н. Гумилевке арналған халықаралық конкурсқа қатысқаны үшін «Қазына» сыйлығы тапсырылды. Тағы айтарлық жайт биыл жылы тұңғыш рет салтанаттың басты символын кейіптейтін-арнаулы мүсін болды.

news-03.02.14-1.jpg

Шын жүректен Елена Анатольевнаны көп еңбектің арқасында женген жеңісімен құттықтай отырып,алда армандарыңыз орындалып,сүйікті ісіңіз сізге қуаныш пен жайлылық әкеле берсін және алда болар жеңісіңіз көп болсын дегіміз келеді.

news-03.02.14-2.jpg



Шебердің айрықша айшықтары

Сс, 04/02/2014 - 15:00 — Max_Warlock
         29-қаңтарда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторында ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің көзін ашқан қазақ кескіндемешісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 110-жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шебердің айрықша айшықтары» атты бейнелеу сағаты өтті.

news-31.01.14-1.jpg

         Өз картиналарында өзі туралы, халқы туралы, Отанының жаңғыруы туралы суретші қаншалықты көлемді айта білгені жайында іс-шараға қатысқан Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің бесінші сынып оқушылары мәлімет алды. Балалар Ә. Қастеевтің керемет сурет көшірмелерін тамашалап, тіпті, Алматы қ. оның атымен аталатын Мемлекеттік өнер мұражайына виртуалды саяхат жасады. Сосын не болды дейсіздер ғой?! Сол күні балалар кітапхана оқырманы Алмат Тұрсынбаевтан графикалық шеберлік сабағын алып, өздерін кішкентай суретші ролінде сезіне білді. Алмат Қостанай педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде оқиды, ол өз болашағын бейнелеу өнерімен байланыстырады. Кім біледі, осы күн біреудің тағдыры үшін шешуші күн болған шығар!..

news-31.01.14-2.jpg       

   Алмат Тұрсынбаевтың түрлі жанрдағы суреттерінің көрмесіне шақырамыз.

news-31.01.14-3.jpg

news-31.01.14-4.jpg



Бозшымшық құсын күткенде

Жм, 31/01/2014 - 16:11 — Max_Warlock
Стынут лапы на морозе
У сосны и ели.
Что за чудо? На берёзе
Яблоки поспели...
                 Т. Шорыгина 
 
          Шынында да, алма ағашында қыста қалған дәндерді шұқылап тұратын бұл қасиетті құсты бірден көзге байқамайсың. Бірақ бозшымдық кәдімгі суықторғай. Бозшымшық торғайы қыс құстарының ішіндегі ең сұлу болып есептеледі. Олардың қаһарлы аязды ашық түсті көкірегіне қарап-ақ адам жүрегінде жылулық пайда болады.
         Балалар биылғы қыста бозшымшық торғайын көрдіңдер ме? Мысалға Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың өнер бөлімінің оқырмандары осы әдемі құстың тобына оригами техникасы арқылы қолөнер шеберін жасауға көмектеседі.

news-21.01.14.jpg

        Осы жасаған қолөнерін әр таңда көздің жауын алып, терезеннің алдында ән салып тұрғанға не жетсін.


Жаңа жылдық кездесулер мен ашылулар

Дс, 20/01/2014 - 09:27 — Max_Warlock

Кітапхананың кішкентай оқырмандарына келген жаңа жылдың әр күні көптеген жаңалықтарға толы болып, жаңа достар, жаңа ашылымдар әкелдігімен қуантады.
Қысқы демалыста балалар «Алғашқы оқырман мерекесіне» қатысып, басқа елдерде Жаңа жылды қалай қарсы алатыны жайлы көргенін, оқып білгенін айтқан қызықты маймылмен кездесті. Өздеріңіз ойлағандай кез-келген маймыл өзінің күлкілі қылықтарымен қызықты және олардың күлдірер қызықтары да көп.

news_1-14.01.14.jpg

news_2-14.01.14.jpg

Сонымен қатар балалар әлемдік тарихқа енген ең әйгілі аттар жайында біліп,кәмпиттер күні нағыз тәттілердің жиын тойын өткізді. Сол күні оқырмандар батик технологиясымен жасалатын ертегілік атты салу құпиясын үйретуші ҚМПИ өнер тарихының мұғалімі – М. В. Изюмованың мастер-класына қатысты.

news_3-14.01.14.jpg

news_4-14.01.14.jpg

Дәстүр бойынша тұрақты да, адал оқырмандар мақтау қағаздары және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

news_5-14.01.14.jpg

Қалай айтсақ та жаңа жылдың бастауы жаман емес, алда тағы да көптеген ашылымдар барын ұмытпалық.



Қиыр шалғайдағы жаңа жылдық оқиғалар

Сс, 14/01/2014 - 17:27 — Max_Warlock

Жуық арада көптен күткен керемет мерекені қарсы аламыз. Ойын мен күлкіге, сиқыр мен сыйлыққа толы бұл мейрам әр шаңыраққа шаттық әкеледі. Ал кітапханадағы жаңа жылдық мереке шырқау шегіне көтерілді!

28-желтоқсанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қиыр шалғайдағы жаңа жылдық оқиға…» атты балаларға арналған ертеңгілік өтті, оған кішкентай оқырмандарымыз бен қызметкерлердің балалары қатысты. Үш құлыппен жабылған сиқырлы сандықты табу үшін балалар орман, тау, теңізден өтіп, қиыр шалғайға сапар шегіп, күтпеген кездесулер мен сиқырға толы жаңа жылдық ертегіге тап болды.

Балалар бастарынан не кешпеді десей, Теңіз Патшайымының еркелігі, Мыстан кемпірдің қитұрқы қылықтары және Соловей қарақшының бұзақылығы... Бірақ балалар еш қорықпастан, қаймықпастан үш кілтті тауып, сиқырлы сандықты ашты, ал оның ішінде … ха, бұлай болар деп кім ойлаған! … Әрине, Аяз Ата сыйлықтары: тәттілердің түр- түрі: бал татыған пряниктер, мармеладтар мен шоколадтар.

Бірақ… достар тоқтай тұрыңыздар, жаңа жылдық оқиға бұнымен аяқталмайды! Кітапханада 3қаңтар күні кездесеміз! Таң атқаннан кеш батқанға дейін тосынсыйлар, көңілді байқаулар, жылы сөздер және басқа да керемет сыйлықтар сіздерді күтеді. Жаңа жылдарыңызбен!!!



Жаңа жылдық шытырман

Сн, 28/12/2013 - 16:37 — admin

Ұлдар мен қыздар және ата-аналар! Сіздерді қысқы демалыс 3 қаңтар күні сағат 9.00-18.00 аралығында өтетін «Алғашқы оқырман» атты мерекені бізбен бірге қызықты да, көңілді өткізуге шақырамыз.

  • Мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсетуге арналған бөлім Сіздерді «Жаңа жылдық шытырман» атты мерекелік тосын сый бар шараға қатысуға шақырады.
  • Өнер бөлімі болса Сіздердің назарларыңызға «Үш ақ боз ат» танымдық ойынды бағдарлама ұсынады.
  • Ал 6-11 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімі 3 қаңтар күні «Оқу науқаны — 2014» ашады.

Сіздерді ойындар, сыйлықтар, сайыстар күтеді. Келіңіздер өте қызықты болады.

news_3_27.12.13.jpg



Керемет аттар

Жм, 27/12/2013 - 16:53 — Max_Warlock

«Соңғы атын өлгенде – әлем күйрейді, өйткені ең жақсы адамдар – олар аттар, жылқылар...» – деп бірде Василий Шукшин жазған екен. Бұл сөйлемнің мағынасын тек қана ат досы бар жандар немесе адам секілді жас төгуді білетін, адал достықты сезінетін, қателікті кешіре білгендер ғана түсінеді.

news_1_27.12.13.jpg

Шығыс күнтізбегі бойынша алда жылқы жылы келе жатыр. Қай заманда болмасын біртума тамаша мүсіншілер мен суретшілердің осы жылқыны бейнелегенде әдемілік пен әсемдікті, сымбаттылықты іске асырған көптеген жұмыстар мен туындылары бар. Сонымен қатар жылқылар туралы ғажайып ертегілер, өлеңдер, оқиғалар қаншама. Міне осының бәрі сені қызықтырса біздің кітапханамыздағы өнер бөліміне келіңіздер. Бұнда сендер оқы керемет жануар туралы көптеген мәліметке қанық болып, өз қолымен қызықты ат қораны қағаздан, бисерден, батпақтан, жіптен жасауыңа болады.…

news_2_27.12.13.jpg



Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Жм, 13/12/2013 - 18:25 — admin

Кұрметті оқырмандар мен әріптестер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерге осы мерекеде ықыласты құттықтаулар мен ізгілікті тілектер ғана тілейміз.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру