Новости


Көрінетін өнер

Дс, 16/11/2015 - 14:21 — julia

Мүсіндік шығармаларды тудыратын суретшілерді - (латын тілінен аударғанда ою, ойып алу, қашау дегенді білдіреді) мүсіншілер дейді. Бейнелеу өнерінде - сурет жазады, графикада - сурет салады, ал сәулет өнерінде -жұмсақ материалдар:саз,ермексаз,балауыздарды жапсырып мүсіндер жасайды.Ал қатты мрамор мен гранит тастардан қашап сурет жасайды.

Оқырмандар өнер бөлімінде ұйымдастырылған «Көрінетін өнер» деп аталатын мүсіндеу өнерімен таныса алады. Одан балалар көркем мектебі оқушыларының саз бен гипстан жасаған жұмыстарын көре алады. Демалыс кезінде біздің кітапхананың кішкентай оқырмандары мүсінші болып, сабыннан әртүрлі мүсіндер жасады. Оны оларға БКМ оқытушылары Нина Сергеевна Коровина және Александр Юрьевич Рерих мастер-сабақ өткізді. Бір көзбен қарағанда жеңіл көрінетін бұл іс онай болған жоқ. Алдымен мүсіннің суреті салынып, сосын сол мүсінді кесушімен кесті. Қолдарынан жасап шығарған заттары балаларға ұнап, олар қызығушылық танытты. Мастер-сабағы өте тартымды,қызықты өтті. Рахмет саған, сурет өнері.

Фото

 



Қыздар әлемі

Дс, 16/11/2015 - 14:17 — julia

Кезекті «Қыздар әлемі» әдеби отырысы «Динка - әр уақыттың болса да кітабы» атты тақырыппен өтті. Қыздарды Валентина Осееваның «Динка» атты кітабын талқылауға шақырдық. Осы кітапты оқыған қыздар шығарма қазіргі таңда да өзекті екенін айтты, өйткені шығармада достық пен сатқындық, адалдық туралыжазылған. Сонымен қатар басты кейіпкер Динкаға сүйсініп, кітаптың есеюге үйретіні де айтылды.

Фото



«Бір артист - бір әлем»

Бс, 18/06/2015 - 15:10 — admin

Кезекті «Қыздар әлемі» әдеби отырысы «Бір артист - бір әлем» атты кездесу өтті. Кездесуді сторителлинг түрінде өткізіп, театр әлеміне арнадық. Бұлай өтуге орыс драм театрының актрисасы - Анна Эдуардовна Удесиани көмектесті. Отырыстың қатысушылары Анна Эдуардовнаның әңгімесін тыңдап, әртүрлі сұрақтар қойып, сұрақтарына қызықты, тартымды жауаптар алды. Анна Эдуардовна осы мамандыққа қалай келді, осы жолда қандай қиындықтар кездесті солар жайында әңгімеледі. Көптеген қатысушы қыздарды актриса мамандығының қыр-сыры қызықтырып, өздерінің осы мамандық иесі болғылары келетінін айтып бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар актрисамен естелік фотосына түсіп, осы кездесу оларға ұмытылмас әсер қалдырғанын айтты.

Фото



«Орыс поэзиясының шырағы...»: А. С.Пушкин

Ср, 10/06/2015 - 15:56 — julia

«Шығармашылық алаң» әдеби шығармашылық студияның кездесу барысында ұлы ақын А. С. Пушкиннің туған күні қарсаңында «Орыс поэзиясының шырағы...» атты портрет кеші өтті. Кездесуде балалар жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында аз айтылған деректерімен танысты. Сонымен қатар ресей актерлері мен опера орындаушыларның орындауындағы өлеңдер мен романстар тыңдады. Оқушылар назарына А. С. Пушкин туралы «Последняя дуэль» фильмінен үзінді мен шығармашылығы туралы ЕРАЛАШ көрсетілді.

Фото



Жан жылуы

Бс, 04/06/2015 - 11:08 — julia

«Жан жылуы» - осындай атаумен кітапхана ауласында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қызықты сайыстар мен викториналық сұрақтарға толы мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік бағадарламаның ең сәтті кезі ол жыл сайын балалар алдында Маргарита мен Викторияның орындайтын тамаша Флэшмобы болды. Балалар тамаша көңіл күймен олардың қимылдарын қуана-қуана қайталады. Іс-шара соңында балаларды тәтті тосынсый күтті.

news-15-06-04.JPG

Фото



Қостанай хроникасы

Бс, 30/04/2015 - 15:23 — julia

Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында жыл басынан бастап, «Қостанай хроникасы» өлкетану жобасы жұмыс істеуде. Кітапханашы Мырзагүл Ахметбековна Нуриева №1 лицей-мектебінің жағрофия мұғалімі Валентина Григорьевна Пархоменкомен бірлесе Қостанай облысының экологиясы, жағрофиясы, тарихы туралы іс-шараға жоспар құрды.

news-2015-04-30-4.JPG

29 сәуір «Қостанай хроникасы» топтамасы шеңберінде кезекті кездесу өтті. 7-сынып оқушыларына «Табиғатты аялайық» деген экосағат өткізілді. Кездесуге мемлекеттік экологиялық инспекторы Сергей Талғатұлы Мұкашев шақырылды. Сергей Мұкашев Қостанай облысында болып жатқан не туындаған экологиялық мәселелер және оның шешу жолдарын түсінікті түрде тыңдармандарға жеткізе білді. Экологпен әңгімелескеннен кейін, «Қостанай облысының экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары» деген кластерді құрастырды. Балалар тапсырманы мүдіртпей орындады.



Жанды кітап

Бс, 30/04/2015 - 15:14 — julia

2015 жылдың 28 сәуірінде үлкендерге арналған оқу залында «Жанды кітап» топтамасының шенберінде «Алау» арнасының тележүргізушісі Яна Галамен кездесу өтті. Бұл шараның басты тапсырмасы әртүрлі мамандықтағы адамдармен кездесу.

news-2015-04-30-3.JPG

Басты мақсаты-мектеп бітірушілердің болашақта мамандық таңдауына және оның қыр-сырын білуге үйретеді. Кездесу барысында балалар журналист мамандығы туралы қызықты мәлімет алды. Бұл мамандық жан-жақты, өйткені бұл мамандықтың иесі-тілші, хабаршы, көсемсөзші, шолушы, аналитик, фототілші, стрингер (тәуелсіз штаттан тыс хабаршы) және т.б. болып қызмет атқаруы керек екен. Тележүргізуші болу оңай емес. Ол үшін оқырмандар мен көрермендерді қызықтыра білуі керек, міндетті түрде әдеби орыс тілімен, мемлекеттік тіл және шет тілдерін біліп, сонымен қатар кең ой өрісті, білімді болу керек. Көп ақпараттың ішінен бастысын ғана таңдап, соған ерекше көңіл бөліп, нақты, қысқа, түсінікті түрде ойынды жеткізу қажет. Әртүрлі адамдармен тез тіл табысып, қарым-атынас жасай білуін керек. Тағы бұл мамандық жүйке жүйесіне байланысты болғандықтан шыдамшылықты, әсіресе дене шыдамдылығын қажет етеді.



Жазушымен кездесу

Бс, 30/04/2015 - 10:17 — julia

27 сәуір біздің кітапханамызда «Футбольное поле» кітабының авторы,балалар жазушысы Аделия Амраева кездесу өтті.

news-2015-04-30-1.jpg

Аделия Амраева - С. Михалков атындағы және Вл. Крапивин атындағы әдеби премиясының лауреаты. Автордың «Футбольное поле» кітабы Ресейде басылып шыққан ең бірінші кітабы.

news-2015-04-30-2.jpg

Кездесу он-лайн тәртібінде өте көңілді, қызықты өтті. Балалар Аделияға: неліктен кітап футбол жайлы, Димка жайлы тағы да кітаптар бола ма, өзі футбол ойнай ма деген көптеген әр түрлі сұрақтар қоя алды. Аделия сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, қатысушылар мен сөйлесіп, өзі де сұрақтар қойып отырып, өзінің шығармашылық ойымен бөлісті. Екі жақтан да қызығушылық болғанын сенімді түр де айтуға болады, өйткені қарым қатынас қазақастандық авторлар төңірегінде болды. Ең қызықты сұрақтың авторына Аделия авторлық қолтаңбасымен «Футбольное поле» кітабын сыйға тартатынын уәде етті. Ал балалар болса, Аделияға футбольный допқа өз тілектері жазып, сыйға тартты.

news-2015-04-30_0.JPG

Фото



Біз сіздердің қалаларыңызды білеміз

Сс, 28/04/2015 - 11:21 — julia

23 сәуір кітапханада Рязань қаласының облыстық балалар кітапханасымен он-лайн кездесу өтті. Кездесу «Біз сіздердің қалаларыңызды білеміз» деген ойын түрінде өтті. Осыған дейін көптеген он-лайн кездесулер өткізгенбіз, бірақ бұндай ойын түрінде алғашқы рет өткізіп отырмыз. Бұл ойынның қатысушылары №2 лицей мектебінің 8 «Б» сынып оқушылары болды. Ойынға дайындық алдын-ала дайындалды. Оқырмандар біздермен бірге екі жеті бұрын Рязань қаласының географиясы мен тарихы және Рязань облысының белгілі адамдары туралы оқып, танысты. Ойын үшін кішіғұрлым визиттік кәртішке дайындалды. Кездесу барысында Рязань кітапханасы орыс өлең ұсынды, ал біздің жақтан облыстық филормония әртісі ән салды. Ойын өте қызықты, әрі өте көңілді өтті. Әрине екі жақтан да сұрақтарға жауаптар дұрыс болмады, бірақ балалар Ресей және Рязань жайында өте қызықты мәліметтер алып, келесі жаңа кездесуді күтетіндерін айтты. Қорытынды бойынша достық жеңді. Екі жақта ризашылықпен қоштасты.

news-15-04-28.jpg

Фото



Тарих толқынында

Жм, 17/04/2015 - 16:35 — julia

«Тарих толқынында» деген атаумен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шара тарихи калдейдоскоп түрінде өткізілді.Іс-шара барысында Қазақ хандығы және оның құрылу тарихы айтылды.Шарада оқушылар екіге бөлініп,екі хандық болып жарысқа түсті.Олар осы тақырып аясында дайындалған сұрақтарға жауап берді.Балалардың өз елдерінің тарихы жайында жақсы білімдерін көрсетіп,белсенділік танытқандары қуантады.


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру