Новости


"Оқитын Еуразия" фестиваліндегі қостанайлықтар.

Сс, 12/02/2013 - 17:27 — admin

Өткен жылдың екінші жарты жылдығында дүниежүзілік жұртшылық ХХ ғасырдың атақты ғалымы және ұлы ойшылы Лев Николаевич Гумилёвтің 100 жылдығын атап өтті. Бұл айрықша оқиғаға атақты ғалымның ғылыми және әдеби мұрасын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және шығармашылық жобалардың Халықаралық фестивалі арналды. Фестивальдің ұйымдастырушылары ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, РКҚ мектеп кітапханасының секциясы, Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының «Ақпараттық қоғам» ғылыми-білім орталығы, сонымен қатар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кітапханасы қатысты.

Фестивальға Ы. Алтынсарин атындағы ақпараттық-библиографиялық ОБЖК меңгерушісі, «Ақпараттық бүктеме + Лев Николавеич Гумилёвтан 7-10 сынып оқушыларына ұсынылатын кітаптар тізімі» библиографиялық құралдың авторы – Елена Анатольевна Афанасьевна да қатысты. Елена Анатольевнаның жұмысы фестиваль дипломымен, сондай-ақ естелік сыйлық – веб-камерамен бағаланды.

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Елена Анатольевнаны шын жүректен құттықтайды және шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен жеке өміріне бақыт тілейді!



Балалар поэзиясы туралы бірер сөз...

Ср, 30/01/2013 - 17:39 — Max_Warlock

29 қаңтар сейсенбі күні Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында әдеби вебинар өтіп, оның тыңдаушылары Қостанай облысының қалалық балалар кітапханасы және аудандық кітапханалардың кітапханашылары болды. Балалар поэзиясына арналып өткен бұл шара балаларға арналған өлең жырларымен, керемет ауасымен есте қалады. Сонымен қатар алғаш рет бұл шара Ресейдегі біздің әріптестеріміздің қатысуымен өтті. ЧММӨА ақпараттық қызмет және кітапханалық кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Бобина Татьяна Олеговна ,- баланың өсіп, дамуына баға жетпес маңызы бар өлең жырларды арнады. Ал Троицк қаласының Орталық балалар кітапханасының әдіскері- Марина Михайловна Клименкова, кітапханада балалар поэзиясымен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Балалар поэзиясы туралы бірер сөз...

Кенжиғарина Зоя Әлмұқанқызы, ОБЖК мектепке дейінгі балаларға және 0-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі кітапханашысы қатысушылар мен тыңдаушыларға - қазақ балалар поэзиясының бастауы және оның ұшан-теңіз бұлағы-жырлар жайында сөз етті. Сәбиге арнап айтылатын бесік жырларының маңыздылығы мен балаларға арнап жазған аталарымыздың асыл сөздерінің берер тәрбиесі жөнінде айтылған өлеңдерге тоқталды. Осындай өлеңдер бала бойына мейірім шуағын, білім нәрін ұялатады.

Ал Кошкина Ирина Михайловна, ОБЖК әдебиеттерді түптеу және өңдеу бөлімінің меңгерушісі, қазіргі балалар поэзиясының негізгі қыр-сырын түсіндіріп, ата-аналарымыз бен әжелерімізден естіген поэзиямен салыстырып кетті. Көптеген жаңа авторлармен таныстырып, олардың кітаптарына шолу жасады. Өлең жолынан шашқан нәзіктік пен махаббатқа таңданбау қиын-ақ.

Қорыта келе өз өзімізге де, оқырмандарымыз бен балаларымызға да өлең кітаптарын жиі-жиі оқу керек деген ой түйдік. Кеңістік пен жаңа әлем ашу үшін көп оқып, таңқалдыра білуіміз керек. Осы балаларға арналған өлеңдердің арқасында балалық шаққа саяхат жасап, өз балаларына да сол бір балауса өмірден бір сәт сыйлауға мүмкіндік бар.



Матаға өрнектелген ертегі

Жм, 18/01/2013 - 09:56 — Max_Warlock

Ертегі әлеміне саяхат жасағың келе ме? Бірақ білмейсің қалай? Оның шешімнің табу жолы бар. Ол үшін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер бөліміне келулерің керек.Әр күн,көз жауын алатын әр түрлі ертегілерге толы. Бұл жолы А. Никифоров атындағы ОКДБМ оқушылардың батик техникасындағы көрме жұмыстары.

Сказка на ткани

Батик техникасы матаға нағыз сиқыр жасайтын, әрі өзіңді жақсы таныта білуге үйрететін өте қызықты сабақ. Оны үйрену қиын емес. Ол үшін қылқалам,әртүрлі бояулар, мата, сәл ғана шабыт керек. Міне осылардың көмегімен жібек мата гүлдеп, қарапайым нәрсе өнер туындысына айналады.



Кітапханаға «Ең Бірінші Оқырман» мерекесіне асығыңыздар!

Бс, 03/01/2013 - 18:11 — admin

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жаңа жылдың бірінші күнінен бастап нағыз мерекелік апалаң-топалаңмен есте қалды. Балалардың сыңғырлаған даусымен және шырша жылтырауықтарының сыбдыры құлаққа жағымды естілді. Әрине солай болу керек, өйткені бүгін кітапханада – ЕҢ БІРІНШІ ОҚЫРМАН МЕРЕКЕСІ және Жаңа жылдық таңғажайыптар жалғасатын күн. Балаларды Жаңа жылдарымен құттықтауға Аязата мен Ақшақардың өзі келіп, тәтті сыйлықтарымен балаларды қуантып тастады. Сонымен қатар осы күні ғана мейіріммен жақсылық сыйлаған Кикимора мен Леша қосылып балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.

Барлығыңа мәлім ең бірінші оқырман мерекесі сәтті нөмірді әртүрлі қызықты тапсырмаларды табу арқылы өтетіні ешкімге жаңсық дүние емес. Міне сол нөмерлерді Аязата сиқырлы дорбасында тәтті сыйлықтармен бірге қызықты тапсырмалармен жасырып, жылы-жылы тілектермен қоса сыйға тартты.

Мерекенің дәстүрі бойынша өткен жылды қорытындылай келе «Ең үздік оқырман», және «Өзің жазылсаң да, досыңды ұмытпа», «Сүйікті кітапханана кітап сыйла», «Шебермен өткен демалыс» атты акцияға қатысушыларды марапаттау рәсімімен жалғасты. Мақтау қағазы мен сыйлықтарға ие болған балалардың көңілдері қуанышқа толы болды.

Мереке әлі де жалғасуда, ал ертең «Алтын теңізінің қарақшылары» атты квест-ойынына келіп қатысуға шақырамыз. Біздің кеме ертең сағат 11.00 де аттанады!



Жаңа жылдық оқиғалар жалғасуда...

Дс, 24/12/2012 - 16:23 — admin

Жауыздық жасаушы Кикимораның ойы жүзеге асты ма? – деп сұрасаңдар, орындалған жоқ дер едім. Өйткені бұл оқиға Жаңа жыл қарсаңында болғандықтан сиқырлы ғажайыптар жамандықты жеңе білді. Балалардың жайдарлы жүздерің көрген Кикимора оларға жамандық істей алмады. Керісінше балалармен көптеген ойындар ойнап, өлеңдер айтып, билеп көңіл көтерді. Ал Аяз ата мен Ақшақар уақытылы келіп балаларды нағыз жаңа жылдық ертегілер әлеміне шақырды.

Ал осы қызықты оқиғаның жалғасын 3, 4, 5-ші қаңтарда Алғашқы оқырман мерекесінде жалғастырып, сүйікті кейіпкерлеріңмен қайтадан жүздесе аласыңдар. Ең бірінші оқырман мерекесінде Күлкістан деген керемет елге саяхат жасайсыңдар. Онда су жаңа кітаптарды парақтап, «Ойлан, Тап, Ойна» ертегілік бағдарламасына қатысып, күштеріңді дүлей-күшпен сынға түсе аласыңдар. Күш сынасуға дайынсыңдар ма? Әрине...

Балалар барлықтарыңды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттытаймын!



Жаңа жылдық шытырман оқиға

Сс, 11/12/2012 - 17:14 — admin

Құрметті балалар! Сіздерді 21 желтоқсан күні Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛАР

күтеді, онда кіммен кездесетіндеріңізді білесіздер ме? Батпақты Кикиморо! Батпақтағы бақа – шаяндарымен уақыт өткізуден жалыққан Кикиморо Қостанай қаласына келіп, өз бизнесін ашуды ойлапты. Ал оған қаражат қайда? Сондықтан да біз асыға күтетін Аяқ Ата қапшығындағы құнды заттарды ұрлауды жоспарлапты!!! Әрине, көмекші ретінде тәртібі нашар қазды алуға тырысып бағады ғой?... Енді не болар екен? Бір білетініміз – бос уақытымыз болмайды! Сиқырлы тосынсыйлар, қызықты ойындар мен байқаулыр, тәттілер, керемет билер және көтеріңкі көңіл күйді сүйікті кітапханамыздан табамыз.

21 желтоқсанда сағат 11.00-де мерекеге келіңіздер,

ал жағымды әсер қалдыратын жақсы кітаптар алу үшін кез келген күні келулеріңізге болады.

Сіздің кітапханаңыз



Сурет салып үйренеміз.

Жм, 07/12/2012 - 15:32 — admin

Балалар! Сурет салып үйренгілерің келе ме? Олай болса, Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың өнер бөліміне әр сенбі, сағат 14.00-де Юлия Мирошниченко өткізетін қызықты сурет сабағына шақырамыз. Ол әрдайым кішкене оқырмандарға өзінің сиқырлы да, шебер білімімен бөлісетін талантты суретші және жай ғана керемет жан.

news-12-12-07-2.jpg

Енді кішкентай суретшілер кез-келген суретті сала отырып, оны өнер туындысына айналдыруға болатынын білетін болады.

news-12-12-07-2.jpg



Тұңғыш Президент Күні

Ср, 28/11/2012 - 11:51 — Max_Warlock

Әр адамның өз алар асуы болады. Дегенмен, әрқайсысы ол туралы терең ойлана бермейді, тек өмір жолының соңында ғана өткенге көз салып, босқа кеткен уақыт үшін өкініш білдіреді. Өз ісіне бар ғұмырын арнап, аянбай еңбек ететіндер де болады. Сондай адамдардың бірі... Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сондықтан да осындай елбасымызды біздер, қазақстандықтар мақтан тұтамыз, елін болашаққа сеніммен бастайтын, біртұтастықты, татулықты ту етіп, халық тәуелсіздігін ту етіп көтерген тұлғаның беделін Қазақстаннан басқа елдер де мойындап отыр.

День Первого Президента

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында апта бойы Тұңғыш Президент Күніне арналған іс-шаралар өтуде. 26, 27, 28 қарашада Қостанай медициналық колледж студенттері, № 1, 2, 14, 21 мектептерінің жоғары және 6-7 сынып оқушылары Тұңғыш Президент Мұражай бойынша виртуалды саяхат жасап, «Тұлға және саясат келбеті. Ұлт көшбасшысы» портрет кеші мен «Елбасы және тәуелсіздік» кешіне қатысты, оның ел басқаруда қол жеткізген жетістіктері туралы сөз қозғады. Әрине, балалар елбасының қарапайым өмірде, жақын туыс-туғандарының ортасында қандай екенін білгісі келіп қызығушылық білдірді. Себебі, ол біреулер үшін Президент болса, кейбіреулер үшін қуана да, уайымдай да білетін, алға жетелер арман-мақсаты бар қарапайым адам. Қалай десек те, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты миллиондаған адам жақсы көреді, оның қолын қысуды армандап, еліміздің кемел болашағын елбасы есімімен байланыстырады.

День Первого Президента



Қыздар – қандай-ай?..

Сс, 27/11/2012 - 13:27 — Max_Warlock

Қыз баланы қалай тәрбиелеу керек? Қыз баланың тәрбиесі ұл баланың тәрбиесінен несімен ерекшеленеді? Қыз бала болашақта жақсы отбасы құрып, жақсы келін атануы үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға балалар психологынан немесе отбасы мен неке маманынан жауап алуға болатын шығар. Дұрысы, озық балалар әдебиетінен жауап іздеген жөн. Сонда ғана бала қылығының себебін түсініп, жасөспіріммен арада болатын түсініспеушіліктердің алдын аласыз, ересек қыз баламен жылы қарым - қатынас орнатасыз. «Жанға жайлы жүздесу» клубы аясында өткен «Қыздар, қыздар-ай!» кездесуінде сүйікті қыздарымыз, сүйкімді немере, жиен қыздарымыз, тіпті ана болып бір шаңыраққа ие болып отырған қыздарымыз жайлы да сөз болды.

Қыздар – қандай-ай?..

Ата-аналар назарына ұсынылған кітаптардың басты кейіпкерлері әртүрлі: кішкентай қыз бала, бойжеткен, махаббат сезіміне бөленген қыз, анасының еркесі, оңашада жастыққа көз жасын көлдетін тентек қыздар. Олар: В. Осееваның «Динка», Й. Спиридің «Хайди», және бәріне қатты ұнап қалған Э. Портердің «Поллианна», Л. Будогоскаяның «Повесть о рыжей девочке», Ф. Бернеттің «Маленькая принцесса или история Сары Кру», К. Патерсонның «Великолепная Гилли Хопкинс» кітаптарының кейіпкерлері. Бұл қыздардың бойынан өз қыздарының мінез-құлқын танып қатты таңғалған ата-аналар болашақта туындап жататын кей жағдайларда өздерін қалай ұстау керек екенін ұғынды, өздерінің ата-ана ретінде жинақтаған тәжірибелерін молайтты. Кітап сөрелерінің тез босауы да осыған дәлел болары анық :)



Айвазовское теңізі

Бс, 22/11/2012 - 17:47 — Max_Warlock

В природе есть море Азовское,

Балтийское, Черное, Красное,

А в живописи – «айвазовское»,

Живое, красивое, страстное,

Глубокое, как настоящее,

С большою сердитою тучею,

И даже немного рычащее,

И даже порою брызгучее.

                         Галина Дядина

Ы. Алтынсарин атындағы Облыстык балалар мен жасөспірімдер кітапханасына келіп «Айвазовское» теңізі қандай екеніне көз жеткізгіңіз келе ме? Онда сізге өнер бөлімі шын оның әдемілігі мен дүлей күшін, қуанышын ашады... Суретшінің суреттегі бейнеленген теңіздің күшті толқындарын қарап отырып, сезімдердің сан алуандылығы сезінуге болады. Сонымен қатар сенбестік қуаныш пен таңқаларлық алаңсыз тыныштыққа кенелесін. Бір білетінім - бұл көрме кез-келгендеріңіздің көңілдерінен шығатынын. Өйткені ол аты әлемге танылған суретші - Иван Константинович Айвазовскийдің қылқаламынан туған туындылар.

Айвазовское теңізі


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 4 guests қонақ.

Жүйеге кіру