Новости


Бізге таныс емес сөздер

Сс, 29/05/2018 - 16:18 — admin

26 мамырда «Хикаяттар сандығы» театр студиясында «сандықшадағы» негізгі кітап С.И.Ожегованың «Словарь русского языка» атты түсіндірме сөздігі болды.

«Сөйлеу — демек іс-әрекет жасау...», яғни әртіс сахнада дұрыс бағытта әрекет жасауы үшін мәтіндегі әр сөздің мағынасын түсіне білуі керек. Жас әртістер «Мерейтойлық бенефисте» кездескен «Ныне», «потомственный», «домовой», «миля», «почтение», «дирижабль», «купец» және «крынка» сияқты сөздердің мағыналарын талдады. «Купец» сөзі балалар үшін түсінікті болды — демек «олигарх», «дирижабль» сөзі де ауыр болмады, ал «крынка» сөзін түсіну үшін біраз тер төкті. Ол «кішкентай шыны шөлмек», «құты», «ыдыс», тіптен «Қырымда тұратын адам» (қырымдық) деп те ой білдірді.

«Словарь русского языка» түсіндірме сөздігімен ұжым болып жұмыс істеудің арқасында жас әртістердің санасында мағынасыз, өзара байланысы жоқ сөздер мағынаға ие болып, түсінікті бола түсті. Ал «крынкка» сөзі «сүтке арналып қыштан жасалған құмыра» дегенді білдіреді.

Осындай сөздік тренингіден кейін балалар өздерін сахналық өмірдің қиын-қыстауына дайын, «әккі» әртіс ретінде сезінді.

Фото



Хикаяттар сандығы

Сс, 22/05/2018 - 12:38 — julia

19 мамыр күні «Хикаяттар сандығы» театр студиясының тағы да бір кезекті сабағы өтті.

Олар «Пионер шапағатының» шақыру кездесуін ашты және бұл кездейсоқтық емес. Өйткені 19 мамыр күні бұл балалардың ата-аналары Пионерлер күні мерекесін атап өтетін.

Тарихи саяхат жасаған біздің әртістер пионер-батырлардың ерліктеріне таң қалды. Злата Нестер өз әжесі — Нестер Ольга Борисовнаның естелік әңгімелерімен бөлісіп, бейбітшілік уақыттағы пионерлердің өмірі жайлы айтты. Балалар «пионер» деген сөз бірінші болып үлгі көрсетуші дегенді анықтайтынын білді. Осыны естіген студияға қатысушылар бізде сондай бола аламыз деп шешті. Себебі басқа балалар көктемгі шуақты күндері аулада қыдырып немесе саяжайда демалса, әлде болмаса өз гаджеттерінде электронды ойындар ойнаса, бұл балалар жаңа спектакль дайындау үшін студиға жиналады. Бұл кітапхана мерейтойына арналған Бенефис болмақ!

Студиялықтар екінші бөлімде нағыз әртістер сияқты тренингтің барлық тапсырмаларын орындады, яғни дауыстарын қыздырып, «үйірмеге» отырып жаңа спектакльдің сценарийін оқып, дайындалды.

Жас әртістер үйлеріне таңдап алған кітаптарымен – әдеби кейіпкерлердің оқиғалары, болашақ қойылымда сомдаушы адамдармен және жаттауға алған, өз рөлдерінің сөздерімен – үйді-үйіне тарасты. Дайын бол, әрқашан дайын бол!

Бұл біздің әртістер туралы!

Фото



Құттықтаймыз!

Дс, 21/05/2018 - 14:34 — julia



Жанымда достарым

Сс, 15/05/2018 - 15:50 — julia

11 мамыр күні «Жанға жайлы сырласу» атты ата-аналар клубы аясында «Жанымда достарым» деген тақырыппен әдеби-сахналандырылған шара өтті. Балалар мен олардың ата-аналарын Э. Успенскийдің атақты маймыл Анфисасы, пошташы Печкин және мұңаймайтын Карлсон, шведтік жазушы А. Линдгреннің кейіпкерлері қарсы алды.

Балалар олардың көмегімен ертегі дегідей құтқарушы топқа айналып, ғажайып ертегі әлеміне шомды, түрлі конкурстарға белсенді атсалысты: ертегі кейіпкерлеріне өз заттарын табуға көмектесті, ит тұқымдарын ажыратты, қимыл-қозғалыс жаттығуларына қуана-қуана қатысты.

Сондай-ақ балаларға «Тауып көр!» атты музыкалық викторина өткізілді, онда слайдта көрсетілген ертегі кейіпкерін тауып, мультфильмнің өлеңін атау керек болды. Балалар мен олардың ата-аналары ребустар мен шарадаларды шешуге белсенді қатысты. Нәтижесінде, ертегі құтқарушылары барлық ертегідердішешіп, ертегі кейіпкерлерін өз орындарына жіберді. Белгісіз ғаламшардан келген тәтті сыйлары барұшатын тәрелкені ду қол шапалақпен қарсы алды.

Ата-аналар мен балалар Э. Успенский мен А. Линдгреннің кітаптары ұсынылған көрмеге үлкен қызығушылық танытты.

Фото



Тәуелсіздік дәуірі

Сс, 15/05/2018 - 14:58 — julia

2018 жылғы 11 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Таныстырылымға №10 ОМ-тің 8 сынып оқушылары мен ЧелМУ-нің студенттері қатысты.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, «Тәуелсіздік дәуірі»кітабы еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

Кітапты Челябі мемлекеттік университеттің Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты — Нұртазенов Төлеубай Қалиұлы таныстырды.

Оқушылар мен студенттер Төлеубай Қалиұлы ұсынған қызықты фактілерді тыңдады.Жас ұрпақ меңгеруге тиісті басты тағылым: «… кез келгенқолайсыз тенденцияны өзгертуге, кез-келген негативті балжамдарды теріске шығарып, өршіл және жоғары мақсаттарға қол жеткізуге болады. Жетістік кепілі — үнемі алға ұмтылу».

Фото



Құстар біздің досымыз

Сс, 15/05/2018 - 14:38 — julia

11 мамыр күні Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 20 мектептің 1 сынып оқушылары шақырылды. Іс шара барысында оқушылар құстардың түрлерімен, олардың мекендейтін жерлерімен бір сөзбен айтқанда жалпы тіршілігімен танысты. Былтыр №24 мектеп-гимназияның 1 ә сынып оқушысы Сапарғалиева Жансая «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты Ә.Қайдаровтың мерейтойына байланысты өткен іс-шарадан алған білімі, әсері бойынша биыл ғылыми жұмыс қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Өскенде Ә.Қайдаров сияқты мультипликатор болуды армандайды.

Оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, жұмбақ шешіп, құстар туралы мағлұмат алды және де оларға қомқорлық жайсайтындарын білдірді.

Іс-шара соңында оригами әдісімен құс жасалынды.

Фото



Мағжанның жұлдызы

Сс, 15/05/2018 - 14:36 — julia

11 мамыр күні 20-шы ғасырдың басындағы дарынды ақындардың бірі - Мағжанның 125 жылдығына арналған «Мағжанның жұлдызы» атты әдеби дайджест №10 мектептің 8 сынып оқушыларының атсалысуымен өтті. Балалар Мағжанның шығармашылығымен және ауыр өмірімен танысты. Мағжан 1937 жылы өмірден өтсе де, оның әдеби мұрасы қазақ мәдениетінен маңызды орын алды. Мағжан өз шығармасынан басқа, орыс және шетел ақын-жазушыларының көркем шығармаларын аударумен де айналысқан.

Қазақ КСР ҒА-ның академигі Әлкей Марғұлан ол туралы: «Мағжан Жұмабаев қазақ халқы үшін ағылшындардың Шекспирі, орыстардың Пушкині сияқты» деген.

Кездесуде Мағжанның «Мен кім?», «Атақты ақын – сөзі алтын хакім Абайға», «Қазағым» және басқа көптеген өлеңдері оқылды. Іс-шара видеороликпен, презентациямен және кітап көрмесімен сүйемелденді.

Фото



9 мамыр Жеңіс күні!

Сн, 05/05/2018 - 14:49 — julia


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

БиблиоКешParty

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру