Новости


Үзілген ән

Сс, 25/09/2018 - 14:18 — Ольга А

Халыққа және ежелгі қазақ жеріне деген махаббатты жүрегіне сыйдырта білген дарынды жазушы Оралхан Бөкеевтің 75 жылдығына орай, Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттерімен «Үзілген ән» әдеби кеші өткізілді. Іс-шара қатысушылары жазушының өмірбаяны және қайырымдылық пен жауыздық, қуаттылық пен батылдық, сонымен қатар рухани құндылықтардағы шынайылық пен жалғандық турасындағы шығармашылығымен танысты. Басты назар «Қар қызы» повесінің сюжетін ашуға негізделді. Повесте кейіпкерлердің өмір жолында кездескен кедергілерін жеңудегі табандылықтары мен өмірге деген құлшыныстарын көрсететін мінез-құлықтары көрсетілген.

Ісшарада бейнероликтер көрсетілді және жазушының шығармалары қойылған «Алтын сөз шебері» кітап көрмесінің тұсаукесері болды. Бүгінгі күні классиктердің драматикалық шығармаларын оқығылары келмейтіні жасырын емес, бірақ, студенттер ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады.

 

Фото



Тәуелсіз елімнің әдебиеті

Жм, 21/09/2018 - 17:11 — admin

20 қыркүйек Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы № 24 а мектебімен бірлесе өз оқырмандары мен оқушыларына кітап және кітап оқу мерекесін өткізді. Мерекенің басты мақсаты: балалардың кітап оқуға құмарлықтарын арттырып, сапалы білім мен саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керектігін түсіндіру. Бұл мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Кітап – білім бұлағы» шағын жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Ал ел болашағымыз білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті болу керек. Оған бізді не үйретеді, әрине алған біліміміз, ал білімнің қайнар көзі-кітап. Ал кітаптың маңыздылығын кеңінен балаларға түсіндіру осы салада қызмет атқарып келе жатқан біздердің басты міндетіміз. Сондықтан да кітапхана мен мектеп бір орталық. Осы мақсатта кітапханамыздағы балаларға арналған кітаптар өз достарына қонаққа барды. Іс-шара барысында № 24 а мектебінің оқушылары «Тәуелсіз елімнің әдебиеті» атты өздеріне арнайы ерекше етіп ұйымдастырылған кітап көрмесінен ұнатқан кітаптар үйге алып, кітапхананың бай кітап қоры және ережесі жайында біле алды. Ал кітаппен нағыз дос болғылары келетіндерді кітапханамызға шақырдық.

Фото



Күзгі суреттеме

Сс, 18/09/2018 - 18:01 — admin

17 қыркүйекте, жазғы каникулдан кейін апта сайын болатын сурет сабағы қайта жаңғырды. Біздің жас суретшілеріміз осы күнді тағатсыздана күткен болатын, міне, сол күн де туды! Бірінші сабақтың тақырыбы күз болды, атап айтқанда, күзгі жапырақтардан құралған гүл шоғы. Балалардың сурет альбомы жылы сарғылт түстен, суық көк түске дейінгі саналуан күзгі түрге енді.

Фото



Сундучок историй

Сс, 18/09/2018 - 17:55 — admin

2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Сундучок историй» театр студиясы жаңа маусымда екінші сабағын өткізді, тақырыбы - «Музей проживания одной книги», атап айтқанда, оқыған шығарма бойынша «экспонат» жасау. Мұндай тақырыптың таңдалуы тегін емес, себебі біздің балаларымыз жазғы каникул кезінде саяхаттап, демалып қана қоймай, кітап та оқыды.

Балалар экспонат жасау нұсқаулығымен танысты, экспонаттар қандай болатынын көрді, сонымен жұмыс та басталып кетті. Бір сағат бойы олар талмай еңбектенді, содан мынадай қорытынды шықты: Айбар мектеп оқиғаларының көңілді кейіпкерлерін көрсетті, Оксана «Волшебник изумрудного города» кітабындағы Элла қызды бейнелесе, Алиса үшін басты кейіпкер – Паддингтон-аю болды. Әдемі күн мен сүйкімді балапандар біздің студиямыздың ең жас қатысушысы 4 жасар Делияның жұмысы болды. Баслық жұмыстар керемет жасалған, ең бастысы жүректен шыққан.

Фото



Сундучок историй

Сс, 11/09/2018 - 17:00 — admin

Каникулы закончились,
Всему приходит срок –
Осень на пороге.
К нам пришла не одна…

8 қыркүйекте осындай өлең жолдарымен «Сундучок историй» театр студиясына қатысушы балалар үшін Жаңа маусымның ашылуы болды. Әрбіреуі тәтті шаймен дөңгелек үстел басында Жаз бен каникул туралы жарқын да ерекше естеліктерімен бөлісті. Сонымен, Даша Небога жазда қарбыздың өсуін бақылаған, ол кішкентай болғанда қарлыған жидегіне ұқсайтын болып шықты, ал оның інісі Артем скейтборд теуіп үйренді. Лиза Воронова мысықты қалай құтқарғанымен бөлісті. Амина Масалиманова алыстағы Семей өңірінде қонақта болған, барлығына «хенд мейд» стиліндегі сыйлықтар сыйлаған. Настя Китаева жаз бойы бизнес сабақтарын үйренген. Ульяна Распетюк Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Қытайдың тропикалық курорттық аймағы Санья қаласына барғандағы алған әсерімен бөлісті, ол Айбар Карбузов жаңа оқу жылында қатысатын үйірмелер санымен барлығын таңқалдырды.

Ал «күз», шынымен де, жалғыз келмеді, онымен бірге студияға жаңа балалар жазылды, олар енді өз дарындарын сахнада көрсетпекші. Олар - Ткач София мен Байжанова Делия! «Бұрынғы» әртістер жаңадан келгендерге студияда не үйренгендерін, сабақты жеңуге қандай кешен көмектескенін, бір отбасына айналып, шағын үйлері саналатын студияның оларды қалай біріктіретіні туралы айтты.

Сабақ «Жапырақтар жайылды» сергітуі мен «Сөзді аяқта» ойынынан тұратын, «жаңадан келгендерді қабылдау» дәстүрімен аяқталды.

Мелкий дождь бьет в окно – хмурится природа
Но известно давно – нет плохой погоды
Все желтеет кругом и уходит лето…
«Неприятность эту» - студийцы пережили!

Фото



Мен - өз елімнің патриотымын

Ср, 05/09/2018 - 16:10 — admin

1 қыркүйекте осындай атаумен Қостанай қаласы №14 мектебінің 7 сынып оқушыларымен ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылды.

Патриотизм өз еліне, жеріне, Отанына, қаласы мен онда өмір сүріп жатқан адамдарына деген сүйіспеншілікте, сонымен қатар ана тілін білуі кезінде танылады. Оқушылар қазақ тілі графикасының негізін қалаушы А.Байтұрсынов туралы, қазақ тілінің әдемілігі мен әуезділігі туралы Герольд Бельгердің сөзін тыңдады: «Назыз қазақ тілі қолдан тоқылған кілемдегі өрнек іспетті. Қазақ ешқашан тура, бірсарынды, әлбетте, бетіңе бірден айта салмайды, ол айтар ойын түрлендіріп, мәнерлеп барып жеткізеді».

Біздің еліміздің жаңа графикаға көшуі туралы талқылау болған кезде, балалардан әртүрлі пікір естілді. Іс-шара соңында мынадай сұрақтардан тұратын «Полиглот» викторинасы ойнатылды: тіл туралы ғылым қалай аталады, жаңа қазақ әліпбиінде қанша әріп болады және басқа. Сонымен қатар, балалар «Тіл - ұлт рухының алдаспаны» көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.



Оқу әлеміндегі қызықты оқиғалар

Ср, 25/07/2018 - 15:56 — admin

23 шілде күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қыздар әлемі» атты әдеби кештер аясында, қарақшылық қазынаны іздеу рухында «Оқу әлеміндегі қызықты оқиғалар» атты кітапханалық квест өтті. Балалар белгілер көмегімен көмбе іздеді, станциялар бойынша саяхаттады, жұмбақтар шешті, тапқырлық пен әдеби шығармалар бойынша білімдерін таныта отырып, көңілді конкурстарға қатысты. Қатысушылар барлық сынақтардан өткеннен кейін, оларды басты байлық күтті: әр түрлі жанрдағы қызықты кітаптар. Айта кетейік, екінші жүргізуші кітапхананың оқырманы, кештің қатысушысы болды.

Фото



Сен білесің бе...

Ср, 25/07/2018 - 15:51 — admin

Мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сен білесің бе... » библио-дайджест жұмысын бастады. Оқырман назарына Өзбекістанның тарихи мен мәдени бай мұраларының кітаптар мен мерзімді басылымдардың беттері ашады, сонымен қатар екі елдің тығыз байланыстарын көрсетеді. Осы дайджест қыркүйек айына дейін жұмыс жасайды.

Фото



Жабылу маусымы

Сс, 10/07/2018 - 16:09 — admin

5 шілдеде нағыз таныстар ортасы болып «Сундучок историй» театр студиясының жас артістері және Ы. Алтынсарин ат. Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы директоры Н. М. Тепляковамен Лиза Воронованың анасы сыйлық ретінде пісірген мерекелік тортымен Бірінші театралдық маусымында өткен шаралар туралы талқылады.

Жылы көңілді жағдайда, өз жұмыстарын мақтанышынымен атқарған. Бекер емес жарты жылда балалар көп нәрсе үйренді: пьесаны рольдермен орындау, дауыстарын қою жаттығулары мен қатар дауыс мәнерін дайындау, әрекеттесу тернингін өткен, «театр этикеті» туралы білді. Қостанай облыстық орыс драма театры және Қостанай облыстық қуыршақ театрына экскурсия жасады. «Алдар көсе» және «Бір күні кітапханада...» екі спектакль қойып және «Радуга» авторлық балалар бағдарламасында Томирис Рыспаеваның кейіпкерлері болып үлгерді.

«Қазына» сыйлығының лауреаттары, театр майталмандары Ажар Шәкіржанова мен Наталья Дедюх деген бірнеше эмоциялар, білімдер мен білімділік қасиеттер мен қатар актерлердің сыр, құпияларын шебер-таптарында бөлісті. Наталья Борисовна кітап театрының бенефисі «Бір күні кітапханада» балаларға ең үлкен ұпай қойып, балалардың сенімділігін мен құштарлығын арттыруда және олардың театр студиясында ары қарай мұраттарын үзбеу, жалғастырды. Студия құрылғанда, бірде келіп кеткен балалар болды, бірақ та қалған балалар – олар: Настя Китаева, Злата Нестер, Лиза Воронова, Алиса Каримова, Акбар Ергалиев, Даша Небога, Оксана Сотникова, Виктория Остренкова студияда қалды. Жаңадан келген балалар, олар қалғанына аянған жоқ - Айбар Карбузов, Артем Должников және Ажар Жунусова.

Балаларға кітапхана директоры Н. М. Теплякова жақсы дем алып және жаңа сәтті қойылымдар болуына тілек білдірді. Студия басшысы Т. Г. Барибан мен аға дыбысрежиссері Ю.А. Тыщенко әртістерге болашақта болатын жоспарларын айтып, ал бірақта басқаларға бұл құпия болып қалады!

Фото



Астана — ел мақтанышы

Бс, 05/07/2018 - 17:48 — julia

5 шілде күні Астананың 20 жылдығын мерекелеу құрметіне байланысты Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде күні бойы республикамыздың астанасының құрылуы мен дамуына арналған видеороликтер көрсетілді.

Жоғары сынып оқушыларына осы оқиғаға арналған көрме шолуы мен «Астана — ел мақтанышы» атты ойын ұйымдастырылды. Олар кітапханашы қойған викторина сұрақтарына қуана-қуана жауап беріп, астанамыз туралы қызықты мәліметтер алды. Мәселен, астананы Алма-Атадан көшірудің бастамашысы кім болды немесе Қазақстанда қанша адам астана есімін алған.

Фото


Синдикатты контент

Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 3 guests қонақ.

Жүйеге кіру