Сөз құдіреті 2017

 

Бекітемін

«Қостанай облысы әкімдігінің

мәдениет басқармасы» ММ

басшысы

__________ Е.Қалмақов

2017 ж. «___»______________

IV облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының ережесі

1. Жалпы ереже

1.1. IV облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы (бұдан әрі – Байқау) Қостанай облысы аумағында 2017 жылдың 27 ақпаны мен 2017 жылдың 21 сәуір аралығында 12-13 жасар балалар арасында өткізіледі.

1.2. Байқау – қазақстандық жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтетін сайыс іс-шарасы. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған, мектеп бағдарламасына енбейтін прозалық шығармадан үзіндіні қазақ орыс немесе ағылшын тілінде дауыстап оқу тапсырылады.

1.3. Байқау Дүниежүзілік EXPO 2017 ASTANA Future Energy көрмесіне және Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне арналып өткізіледі. Байқауға қатысу үшін таңдап алынатын шығармалар қазақстандық жазушылардың заманауи (алғаш рет соңғы 26 жылда жарық көрген) көркем әдебиеттері болуы шарт (жасаөспірімдерге арналған немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті қатарына енген шығармалар болғаны жөн).

1. 4 Байқау мақсаты мен міндеттері:

  • жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ұялату;

  • жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке қызығушылығын арттыру;

  • балалар арасында кітап оқуды насихаттау, балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту, кітап оқитын балалардың беделін арттыру;

  • әртістік таланты бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;

  • заманауи қазақстандық авторларды насихаттау.

2. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

2.1. Байқауды ұйымдастырушы – Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы, Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

2.2. Байқауды ұйымдастыратын және жүргізетін Ұйымдастырушы комитет (бұдан әрі – Ұйымдастырушы комитет)

  • байқауға жалпы жетекшілік жасап, ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарын атқарады;

  • байқауды ақпараттық қолдауды жүзеге асырады («Байқау туралы Ереже» Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК ресми сайтында жарияланады); Байқаудың барысы мен қорытындысы БАҚ жариялаумен айналысады;

  • аудандық, қалалық балалар кітапханаларының Байқаудың облыстық кезеңге жіберген материалдарын қабылдайды;

  • марапаттау кезеңін дайындайды және жүргізеді.

2.3.Байқаудың әділ қазылар алқасы балалар жазушыларынан, кітапханашылардан және кітапхананың үздік оқырманынан, өнер және мәдениет қайраткерлерінен, Қостанай облысының қоғам қайраткерлерінен құралады.

2.4. Байқау екі кезеңнен тұрады:

  • аудандық, қалалық кезең – өткізілу мерзімі 27.02.17 - 21.04.17 ж.

  • облыстық кезең (мәре) (өткізілу орны – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, мерзімі – 21.04.17 ж.

2.5. Аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпазы болып, ең көп ұпай жинаған 1 қатысушы саналады. Қостанай қ. үшін қалалық кезеңнің жеңімпаздарының саны – 3 қатысушы. Аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары байқаудың облыстық турына өтеді.

2.6. Іріктеу турының нәтижелері, қатысуға сұраныстар екінші кезеңде Ұйымдастырушылық комитетіне albiblio@yandex.ru электронды поштасы бойынша 07.04.17 ж. дейін жіберіледі. Іріктеу турының нәтижелері туралы есеп пен екінші кезеңге қатысуға сұраныстар формасы 1,2 қосымшада.

 

3. Байқаудың шарты

 

3.1. Байқауда қазақстандық авторлардың проза түріндегі шығармасы орындалады.

3.2. Бір оқылымның регламенті 5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу (таныстырылым, бейне ролик қолданбау керек), декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.

3.3. Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады, І кезеңде оқушыны байқаудан аластатуға немесе байқауға күшпен қатыстыруға тыйым салынады.

4. Оқылымды бағалау

4.1. Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:

  • таңдалған шығарма орындаушы жас ерекшелігіне және байқаудың ережесіне сай келуі керек (орындаушы үшін жас ерекшелігіне сай балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаланы таңдаған тиімді);

  • таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;

  • сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);

  • мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына терең сезіну;

  • актерлік шеберлік;

  • шығарма тақырыбымен музыкалық сүйемелдеудің, костюмның үндесуі.

4.2. Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.

5. Марапаттау

5.1. Екінші кезеңнің әр қатысушысы байқауға қатысқаны туралы куәлік алып, кітаптармен марапатталады;

5.2. Әділ қазылар шешімімен әр номинация бойынша бір қатысушы арнайы сыйлықтармен марапатталады:

  • «Мұра» (қазақ тілінде шығармаларын үздік оқығаны үшін);

  • «Әртістік шеберлігі»;

  • «Айрықша таңдау» (шығарманы таңдау шеберлігі);

  • «Үздік бейне» (бейнені сомдауда шығармашылық таныту);

  • «Кітапхана таңдауы».

5.3.Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының жеңімпазы болып жоғары балдары бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады

6. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстарын қаржыландыру

6.1. Байқаудың бірінші кезеңін ұйымдастыруға (аудандық, қалалық турларды), сыйлық қорына қажетті қаржыландыруды аудандық, қалалық мәдениет мен тіл дамыту бөлімдері жүзеге асырады.

6.2. Байқаудың қорытынды кезеңін ұйымдастыруға, сыйлық қорына қажетті қаржыландыруды Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы жүзеге асырады.

1, 2 қосымша


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру