EXPO2017

Болашақтың қуат көзі – бұл экологиялық таза, арзан, жаңарып тұратын, адамдарға жылу мен жарық сыйлайтын «Жасыл» қуат көзі. Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін өтетін көрме тақырыбы да «ЭКСПО көкжиегі» деп аталады. Оған 100-ге жуық ел мен халықаралық ұйымдар қатысады. Бүкіләлемдік Expo көрмесі—индустрияландыру нышаны мен техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме.

Қазақстан үшін «ЭКСПО-2017» айтулы оқиға болады: бұндай деңгейдегі халықаралық көрме бұрын-соңды Орталық Азия мен ТМД елдерінде болып көрген жоқ.

Жалпы алғанда, 2 миллиондай тұтынушы келіп, олардың әрқайсысы кемінде 2 немесе одан көп көрмені тамашалайды деген болжам жасалып отыр. Сондықтан да барлық қатынау саны 5 миллионға дейін жетеді.

Виртуалды көрме үш тараудан тұрды. Бірінші тарау Бүкіләлемдік Expo көрмесінің өткізілу тарихы мен «Expo-2017» көрмесінің Қазақстанда ұйымдастырылу жолдары туралы айтылады. Екінші тарау Қазақстанда оның ұйымдастырылуы туралы, оның өтетін орнының дайындалуы туралы, сәулетшілер, дизайнерлер байқаулары туралы, павильондар құрылысы туралы, техника мен адамдардың дайындығы туралы әдебиетке арналған. Үшінші тарауда ЭКСПО мен оған қойылатын жәдігерлер туралы әңгімелейді. Виртуалды көрме орта және жоғары сынып оқушылары мен осы оқиғаға қызығушылық білдіретін еліміздің басқа да азаматтарына арналған.

ЭКСПО-2017 көкжиегі

Видеоматериалы

«АСТАНА EXPO- 2017 – Болашақтың қуаты» көрмесі


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру