Ыбырай Алтынсарин

Картаға қайта оралу


1. Өмірбаяны

2. Ыбырай Алтынсаринатындағы облыстық

     мемориалдық мұражай

3. Алтынсарин атындағы көше

4. Ескерткіштер

5. Оның атындағы мекемелер

6. Библиографиясы

7. Шығарма

 

 

 

 

 

Қостанай қ. Алтынсарин атындағы көшелер

Көше бойымен...

Егер біз осы көше бойымен ойша саяхат жасасақ, көне ғимараттармен қатар заманауи ғимараттар да кездесетінін байқаймыз. Алтынсарин көшесі — Қостанай қ. Орталық әрі көне көшелерінің бірі. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрағат деректері бойынша 1902 жылы шыққан «Торғай облысы Қомтанай қаласының жобасында» Николаевск көшесі туралы жазылған. Ол салынып жатқан қаланың қорғаушысы болып саналған әулие Николайдың есімімен аталған. 1922 жылы Қостанай қалалық кеңесі Калинин көшесі деп өзгертті, ал 1990 жылы қалалық кеңестің халық депутаттарының қаулысымен Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Алтынсарин көшесі атауына ие болды. Міне осындай атаулар тізбегі болды. 1991 жылы «Кустанаец» газетінде осы көше туралы былай деп жазды: «Бұл Қостанайдың ең ұзын көшелерінің бірі. Бұнда пионерлер Сарайы, мектептер, бала-бақшалар, әкімшілік ғимараттар, қалалық базар орналасқан». «Костанайская область» энциклопедиясына сай оның ұзындығы 4930 м. Сибирская көшесінен Орджоникидзеге дейін. Паралелльді Баймағамбетов көшесі созылып, ӘлФараби, Таран, Пушкин, Победа көшелерімен қиылысады.

Алтынсарин — Әл Фараби қиылысы қазірдің өзінде қаланың ең көп жиналатын жері. Ал 1917 жылға дейін бұнда 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басындағы ең бай көпестерінің үйлері орналасқан, сауда орындары болған. Ең атақтысы -ағайынды Яушевтар пассажы. Оған сәулетші көзімен қарайықшы. «Пассаж»- француз тілінен аударғанда өткел, дәліз. Сәулет өнерінде кең дәліздің қапталдарында орналасатын дүкендері бар сайда залының түрі. Құжаттарда пассаж бірінші рет 1902 жылы қала орталығында салынған ең көрнекті орындарының бірі ретінде айтылған, «модерн» стилінде салынып, қасбеті карниз үстіндегі мұнаралармен және шағын аттиктермен жалғасын тапқан сатылы парапетпен безендірілген. Терезе бөлігіне жапсырма аркалар- сандриктер ілінген. Төбесі дулыға іспеттес безендірілген.

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл ғимаратта Мәскеу орталық тарихи мұражайының жәдігерлері сақталған. Қостанайлықтар назарына оның жәдігерлері ұсынылды, Петр І жеке киімдері, 1812 жылғы Отан соғысының туы, Фридрих II шпагасы т.б. и т.д. 50-60- жылдары бұл жерде өндірістік тауарлар дүкені орналасып, басты бөлігін кеңестік ұйымдар алып жатты, сосын пассаж универмагқа айналды.

 

 

1995 ж. реставрациядан кейін ғимарат Облыстық тарихи – өлкетану мұражайына берілді. Мұражайдың мақтанышы- ғажайып палеолит заманының тас мүсіндері, «Тобыл ойшылы» мүсіні, қазақ ұлттық әшекейлерінің жинағы. Осы ғимаратта (Алтынсарин 115) 20006 жылдың қыркүйек айында 16 ұлттық –мәдени орталықтарды біріктірген облыстық Достық Үйі ашылды. Қостанайлықтарды құттықтауға Республиканың түкпір-түкпірінде Достық Үйлерін ашуды ұсынған Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев келді.

Бірақ тарихқа қайта оралсақ. Өлкетану мұражайына қарама қарсы Алтынсарин атындағы мектеп-интернат орналасқан. Ы.Алтынсариннің өзінің қалауымен осы жерде 1884 жылы 2 кластық орыс-қазақ училищесі ашылған болатын. Осыдан кейін мектеп үшін 4 қабатты жатақхана ашылған болатын. Осы жерде 1970 жылы граниттен ағартушы ғалымның ескерткіші орнатылды (мүсінші Н.А.Щербаков).

1991 жылы педагогәрі ағартушы ғалымның туғанына 150 жыл толуына орай Қостанай қ. Бас сәулетшісі Х. Кучиковтың жобасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық мемориалды мұражайы салынды. Ғимарат 2 бөліктен тұрады: бір қабатты – мектеп көшірмесі, онда мемориалды сынып пен қызметкерлер кабинеттері, 2 бөлігі киіз үй бейнесінде жасалған. Мұражай коллекциясында – жерлесіміздің жеке заттары, Тобыл жағасындағы үйінің макеті, әңгімелерінің шағын – диорамалары. Осы мұражайда жүріп, Алтынсариннің қалай тұрғанын, оның тағдырының өзі ашқан мектептеріне қалай әсер еткенін білуге болады.

 

Саябақ жанында (Алтынсарин,113) екі қабатты ескі ғимарат бар (көпес Бакировтың үйі, 1913 ж. салынған). Бұрын онда дүкен мен қоймалар орналасқан еді. 2008 ж. Реставрациядан өткен соң бұнда қостанайлық суретшілер шығармалары қойылатын Сурет галереясы ашылды.

Саябақтан өтеміз, алдымызда- осы ғимаратқа 1979 жылы көшкен Толстой атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Бұл – білімнің барлық саласы бойынша жарты миллиондай басылымы бар, 18-19 ғасырдың сирек кездесетін кітаптары сақталған облысымыздың басты кітапханасы.

1963 ж. (сәулетші К. Иманбеков) қаланың балалр пионерлік ұйымы белсенді жұмыс атқарған Пионерлер Сарайы ашылды. Бұл Қостанай тарихының айшықты беттері, оның қабырғасынан бірнеше жылдар бойы суретшілер, музыканттар, спортшылар қанат қақты. 1992 ж. Ол Қалалық балалар шығармашылық үйі болып аталды.

Ғимаратқа 1992 жылы келкен С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияның заманауи келбеті (Алтынсарин, 112) көз тартады. Гимназия оқушыларының ішінде – шахмат, тоғызқұмалақ, кикбоксинг бойынша Қазақстан чемпиондары бар, сонымен қатар мектептің өз домбырашылар ансамблі мен ақындар мектебі бар.

 

 

Алтынсарин мен Гоголь көшесі қиылысында бұрышы көтеріңкі үш қабатты ғимарат бар. 1950 жылы осы жерде геологтардың мыңдаған ұжымдарының штабы - геологиялық орталық құрылды, олардың жұмысы облыс дамуына зор үлес қосты, осы кісілердің арқасында темір, көмір, боксит кендері ашылды.

 

 

 

Қарама қарсы тұсына барайық. Бұл монументалды ғимарат Қостанай облыстық Прокуратурасына тиесілі, олар 2011 жылы көшіп келді. Тұсаукесері 21 мамаыр күні салтанатты киінген оркестрдің қатысуымен айрықша аталып өтті. 5 жерүсті қабаттан басқа асхана, тренажер залы бар керемет жерасты қабатымен жабдықталған.

Бұл жерде XIX ғасырда қызыл кірпіштен салынған бірнеше ғимарат орналасқан- Көші- қон басқармасы («Спортзал» аялдамасы), жанында (Алтынсарин, 126) - көпес Давлеткалиевтің жекежайы (1908 ж. қосымша құрылыстар).

 

 

 

Сосын — тағы да бір көпес үйі (Сенокосов, - қазіргі “Сәулет-жоспарлау бюросы”).

Қарсы тұсында — көрікті АТФ банкі. Ары қарай осы көшенің даңқты сауда тарихының жалғасы болатын Орталық базарға қарай жылжысақ. 90 жылдардың өзінде мынадай көріністі тамашалауға болатын еді: жаңадан салынған 9 қабатты үй, «Қайнар» дүкені, көпшілік адам.

Бүгін де біз заманауи, тауыс құсының құйрығындай айшықты ғимараттардың қаптап кеткенін көре аламыз: ресторан (бұрынғы «Дары леса»), ГУМ, «Азия» сауда үйі.

Міне шулы, иін тірескен адамдар легі көп Орталық базар аумағын артқа тастадық, көрініс бірден өзгеріп сала берді.

Өткен ғасырдың ағаштан салынған үйлері заманауи жекежайлармен қатар тұр.

Ақыры Константино-Еленинская шіркеуіне же жеттік. 2004 жылдың мамыр айында Архиепископ Уральский мен Гурьевский Антоний шырақ жаққан жаңа ғимарат. Алтын жалатылған күмбездері алыстан көз тартады.

 

Міне, Алтынсарин көшесі осындай. Қала ортасынан шетіне дейін слзылып жатқан көше көздің жауын алады, көненің көзін қастерлеп, заманауи автокөліктер шуымен құлақ тұндырады, қала өмірімен біте қайнасып, өзінің, қала тұрғындарының бейнесін түрлендіреді.

130 жылда қала өмірінде көп нәрсе өзгерді, бірақ ең басты өзгеріске ұшырамағаны— қостанайлықтардың қарапайымдылығы мен ақ көңілі, белсенділігі мен еңбекқорлығы.

 

Ендеше оқиға әрі жалғасады!

 

Әдебиеттер тізімі :

  1. Костанайская область: энциклопедия / Костанайский Соц. - тех. Ун - т; ред. Х. Баймен. - Алматы: Арыс, 2006. - 733 с.: ил.
  2. Куприн, Г.А. Кустанай: историко-информационный путеводитель. - Алма - Ата: Казахстан, 1979. - 80 с.
  3. На улице имени просветителя // Кустанаец. - 1991.—17 июля.
  4. Прогулки по Костанаю / Сост. Третьяк Н.Г.– Костанай: ОДЮБ, 2000.

ЖОҒАРЫ


 

Ескерткіштер

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат алдындағы Ы.Алтынсарин ескерткіші

Алтынсарин ауданы Обаған ауылындағы Ы.Алтынсарин ескерткіші

Рудный қаласындағы Ы.Алтынсарин ескерткіші

Ыбырай Алтынсарин кесенесі Қостанай қаласында орналасқан.

Алтынсарин өмірінің соңғы жылдарында Қостанай оязында (бұрынғы Николаевск) тұрып жұмыс істеді. Ол Қостанайдан 3 км қашықтықта үй салды. Үйінің жанында Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында жерленді. Үй сақталмады, ал кесенесі әлі де бар.

Ыбырай Алтынсарин кесенесі Қостанай қаласында орналасқан.

Ішінде зираты бар.

Алматы облысы Жаркент қаласында Ыбырай Алтынсарин ескерткіші бар.

2007 жылдың 20 қарашасындағы №373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісі.

ЖОҒАРЫ


 

Ыбырай Алтынсарин атындағы мекемелер

1. Ыбырай АЛТЫНСАРИН атындағы облыстық мемориалдық мұражай

2. Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернат

3. Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана

4. Алтынсарин ауданының Ы. Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

5. Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі

6.Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлкеттік педагогикалық институты

7. Жангелді ауданының Ы. Алтынсарин атындағы мектебі

8. Аманшелді ауданының Ы. Алтынсарин атындағы мектебі

 

1. Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Оқиға ұлы ағартушы және жазушының туылғанына 150-жыл толуы қарсаңында оны құрметпен еске алу үшін орайластырылды. Арнайы мұражай үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас әсем ғимарат салынды. Мұражай қаланың тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Мұражай ғимаратының жобасын сәулетші Хаджымұрат Адиевич Кучиков.

Мұражай қорында 11820 экспонат, негізігі қордың 10190 бірлігі сақталуда. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Торғай облысы мектептерінің инспекторы бола тұрып Ы. Алтынсарин екі сыныпты төрт орталық училищенің, бес болыстық мектептің, орыс қоныстанушылары балаларына арналған екі училищенің ашылуына себепкер болды. Ол қыздар және қолөнерлік білім берудің бастауында тұрды, бұған мұражайдағы ерекше фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар куә.

2. Ы.Алтынсарин атындағы балаларға арналған дарында мектеп интернаты

Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейін қазақ даласын басқару үшін дәрежелі басқарма - төрешілер қажет туғызды. Сол себептен қазақтарға арналған мектептер ашыла басталды. Сондайлар бірі ең алғаш ұсынылған белгілі педагог, шығыс зерттеушісі - В. В. Григорьевтің орыс-қазақ мектебінің жобасы болды. Ол алғашқы мектеп 1861 жылы Троицк қ. ашылды. Осылайша, Қазақстанда бастауыш орыс-қазақ мектептері ашылуына алғашқы қадамдар жасалды. Барлығы 4 мектеп ашылды, бірақ Григорьевтің жобасы көпке созылмады.

Арнайы мұғалімдері жоқ, мектептер материалды көмектерді қажеттілік еткен және әкімшіліктен жәрдем көрмеген мектептер көпке созылмай жабылып қалды. Сондай жағдай Тройцк қ. мектепте де болды. Мектептердің ары қарайғы тағдырларын Ы. Алтынсарин шешті. Торғай облысының инспекторлық қызметіне кіріскен кезден бастап, Алтынсарин мектептерді ашуды қолға алды. Ең алдымен мектеп жүйесін ұйымдастырып, Троицк қ. мектепті Қостанай қаласына көшіріп, Алтынсарин қазақ даласында мектеп ашудың алғашқы қадамын жасады. 1879 жылы Қостанай қ. облыс орталында тастан жаңа мектептің ғимараты тұрғызылады деп шешілді. Мектеп құрылысы 1882 жылы басталып, 1884 жылы Троицк қ. қазақ-орыс мектебі Қостанай қ. көшіріліп, «Кустанай екікластық қазақ-орыс училищесі» деп аталды.

Осылайша, Ы. Алтынсарин Қазақ даласында мектептердің ашылуына көп күш жұмсады. 1896 жылы «Торғай газетінде» былай деп жазылған: «Троицк мектебінің Қостанай қаласына көшірілгеннен кейін ғимарат жанартылып, жарықтанып, жаңарған оқу тәрбие жұмыстарының жақсартылғаны Қостанай қаласына келген мектеп инспекторының қарастыру мен әрдайым басқарманың бақылауында болғандықтан».

Училищенің аты шалғай жерде тез тарап кетті.

 

3. Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

1978 жылы Қостанайда 10 бірлік штатпен Облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды. Кітапхана көрме залының жертөлесіне орналасып, қорды жабдықтаумен айналысты, оқырмандарға қызмет көрсете қойған жоқ. 1979 жылы жасөспірімдер кітапханасына Повстанческая (қазіргі Қасымқанов) көшесіндегі ғимарат берілді. 1980 жылдың қаңтарында кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашты. 1984 жылы кітапхана өңделіп, алғашқы бейнесін қайта тапты. 1991 жылы жасөспірімдер кітапханасына ұлы қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. 1992 жылдың тамызында А. П. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болып бірікті. 1999 жылы кітапхана «Қиял әлемі» бағдарламасын жүзеге асыруға «Фонд Сорос Казахстан» грантына ие болды. 2000 жылы «Ежик» (аббревиатура: Е-ежеквартальный, Ж - журнал, И – интересной, К – компании) балалар шығармашылығының журналы жарық көрді. Осы жылы кітапхана сайты ашылды. 2002 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің шақыруымен кітапхана директоры Теплякова Н.М. Америкаға барып келді.

2009 жылы кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жасалып, ғимараттың екінші бөлігі дұрысталды, оған кітапхананың бірнеше бөлімі орналастырылды. 2010 жылғы жөндеу нәтижесінде кітапхана өз алаңын кеңейтіп, оқырмандарға жұмыс істеуге жаңа орындар бөлінді: виртуалды- анықтама қызметі, топаралық қарым қатынас бөлмесі, дәріс залы; кітапхана ауласы өзгертіліп, жайлы патио пайда болды. Кең аула іс- шараларды таза ауада өткізуге мүмкіндік береді. Кітапхана жаңа жабдықтармен жабдықталды (тиімді сөрелер, өрт қауіпсіздік жүйесі), компьютер саны көбейді.

4. Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

Азматтық пен қазақстандық отансүйгіштік, көп мәдениетті тұлға, туған өлке тарихына құрмет, өлкетану – іздеу жұмыс дағдысын, сонымен қатар оқушылардың туған өлкесінің тарихына деген қызығушылығын қалыптастыру және «Атамекен» балалар- жасөспірімдер бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2006 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде өазірге дейін жұмыс істеп келе жатқан «Атамекен» мектеп штабы бекітілді.

Штаб жұмысының бағыты анықталып, жоспары жасалды. Сыныптар аясында жыл сайын шағын және ауқымды тапсырмалар орындайтын экспедициялық іздеу отрядтары жасақталды. Осыған дейін балалар көптеген материалдар жинақтады. «Түлектер», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының ұлттық ойындары», «Ауылдың көп жасаған ақсақалдары», «Даңқты жерлестер», «Ауылымның 1985 жылдан бергі тарихы…» «Мектеп тарихы», «Славян мәдениеті», «Ыбырай Алтынсарин өмірбаяны мен шығармашылығы» және т.б. альбомдары жасалды. Биыл Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 20 жылжәне тың игеруге 55 жыл толуына орай балалар ауылымыздың ұлы адамдары- ауғандықтар мен тың игерушілердің шығармашылығы бойынша тұсаукесер дайындады. Сонынмен қатар Ыбырай Алтынсарин мен Ұлы Отан соғысына арналған балалар өлеңдерінің жинағын шығарды. Осы материалдармен балалар 2006 жылдың 25 мамырында ашылған мұражай бөлмесін толықтырды.

 

5. Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжі

Қазақтың біртума ұлы, көрнекті педагог Ы.Алтынсарин өзінің өнегелі өмірінде қазақ жеріндегі алғашқы кәсіби білім беретін оқу орындарының негізін қалаушы екендігін көптеп ашылуын армандап еді. Сол асқақ арманның жүзеге асқан алғашқы жемістерінің бірі Меңдіқара педучилищесі болды. Ол білім аңсаған жастарды бауырына тартып, үлкен өмірге қанаттандырып, сөйтіп талай түлектердің қазіргі жетістік – дәрежелеріне кәусар бұлақ көзіндей бастау алған құт дарыған Қостанай өңіріндегі бірден-бір әрі бірегей білім ошағы болған.

Сонау 1940 жылы құрылған Меңдіқара педучилищесі 1974 жылы кеншілер қаласына көшірілді. 1951 жылдан қазақтың көрнекті педагогі және ағартушысы Ы. Алтынсарин есімін иеленді. 2000 жылы Қостанай облысы білім беру Басқармасының 06.06.2000 ж. № 158 бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжі деп аталады.

 

6. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылдың 12 сәуіріндегі №220 қаулысына сәйкес Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты құрылды, 5 жылдан кейін Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институты- Торғай жеріндегі 40 жылдық тарихы бар және педагогикалық бағытта мамандық дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны.

2007 ж. Оқу үдерісі мен ғылыми-материалдық қоры жаңартылды. Оқу-ғылым бөлімшелеріне 4 факультет, 11 кафедра енеді. Оқу-әдістемелік басқармасы, білім сапасы мониторингін басқару, ғылыми-зерттеу зертханасы, оқу зертханалары, Ы.Алтынсарин атындағы білім тарихы мұражайы, Жастар ісі бойынша Комитет кәсіподақ комитеті т.б. Оқудың несиелік жүйесіне енуге байланысты институтта несиелік оқу жүйесі мен кәсіптік бағдар бөлімі ашылды.

Студенттер контингенті 2009 жылдың 1 қыркүйегінде 2164 адам болса, оның 1234–і күндізгі оқуда болса, 930-ы сырттай оқиды. Білікті профессорлық-оқытушылар құрамына 135 оқытушы енеді, оның ішінде 1 ғылым докторы, 14 кандидат, 6 магистр.

Институт 2 оқу корпусымен, 5 арнайы залы бар спорттық –сауықтыру кешенімен, компьютерлік, мультимедиялық сыныптармен, интерактивті дәріс аудиториялармен, асханамен, медпунктпен, 220 орынды Студенттер үйімен жабдықталған.

ЖОО психологтық-педагогикалық кешен, ақпараттық- кітапханалық кешен, мультисервисті білім беру кешенін, оқу-зертханалық мұражай кешенін, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу орталығын, эстетикалық даму орталығын қамтиды.

Жақында ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин атындағы жеке дәріс залы ашылды.

Салтанатты жиынға Арқалық қ. Әкімі Ғазиз Бекмұхамедов, Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы Нақан Шалдыбаев, АрқМПИ ректоры Сейітбек Қуанышбаев және проректорлар, факультеттер декандары, профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

Ыбырай Алтынсарин атындағы кабинет дәріс көрсетілімінің мультимедиялық жүйесімен жабдықталған, қабырғасына Ы.Алтынсарин өмірбаянын, ағартушылық қызметін сипаттайтын стендтер ілінген. Ақпараттық стендтерді жасаған педагогика- психология кафедрасының доценті Пернекүл Ахметова.

Ы.Алтынсарин атындағы кабинеттің басты міндеті – Ыбырайтанушы бойынша оқу, ғылыми- әдістемелік, тәрбие ісінің орталығы болу. Бұл кабинет педагогика мен психология кафедрасы жанынан ашылған психологтық-педагогикалық кешен құрамына енді.

Көптен күткен оқиғада мерекелік іс-шараның барлық атрибуттары болды: қызыл лентаны қию, концерттік нөмірлер, құттықтаулар.

АрқМПИ ректоры Сейітбек Қуанышбаев студенттердің тағы да бір заманауи дәріс залы пайда болғанын, жоо басшылары оқу үдерісінің сапасын арттыратын осындай орындарды көптеп ашуға тырысатынын айтты.

ЖОҒАРЫ


 

Библиографиясы

Балаларға ол туралы:

  1. Әбдірашев, Ж. Ыбырай; Абай - біздің бабамыз: өлеңдер / Ж. Әбдірашев // Жаттамақ.- Алматы, 1994.- Бет 270.
  2. Әуелбаева, С. Мақта қыз бен мысық: Ы. Алтынсарин ертегісі ізімен / С. Әуелбаева; сурет. Е. Қожабаев.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2006.- 38 бет:сурет + 32 бет жапсырма.- (Балалар әдебиеті сериясы).
  3. Матыжанов, К. "Асыл сөз" аталары / К. Матыжанов; сурет. Е. Козлова.- Алматы: Аруна, 2002.- 11 бет: сурет.- (Сен білесің бе?).
*******************************
  1. Алтынсарин Ибрай // Положи свое сердце книгам: писатели Казахстана-детям и взрослым/ ГДБ им.С.Бегалина.- Алматы, 2007.- С. 48-51.
  2. Бегалин, К. Алтынсарин Ыбырай (1841-1889): [просветитель, педагог] / К. Бегалин // В составе империи: империя, сырьевая база, восстание "Алаш".- Алматы, 2009.- С. 34-35.-(Дет. энцикл. Казахстана: Тарих ата).
  3. Матижанов, К. Отцы "драгоценных слов" / К. Матижанов; пер. Е. Бектенов; худож. Е. Козлова.- Алматы: Аруна, 2002.- 11 с.- (Сен білесің бе?).
  4. Тынымбаева, Ж. Школа с историей в 125 лет / Ж. Тынымбаева // Зеленое яблоко.- 2010. - № 1. - С. 1.
 

Жасөспірімдерге ол туралы:

  1. Алаш көсемсөзі: дін мәселесі: көптомдық. Т. 3 / бас ред., алғы сөз Қ. Сақ; құраст.: Э. Ерікқызы, А. Дәулетқызы.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 394,[6] бет.
  2. Алтынсарин, Ы. Өмірі мен шығармалары / Ы. Алтынсарин; құраст. А. Мұқышева; алғы сөз Б. Сүлейменов.- Алматы: Рауан, 2013.- 383,[1] бет.
  3. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. Т. 46: Өмірбайян, сөйлеген сөздер, пьесалар, зерттеу, аударма / М. Әуезов; жоба жетекшілері: С. Назарбаева, Б. Қанапиянов; түсініктеме Т. Әкім және басқа.- Алматы: Дәуір: Жібек жолы, 2014.- 287, [1] бет: портр.
  4. Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.Т.29: мақалалар, зерттеулер, әдеби сценарий, әңгімелер, пьеса, 1947 - 1950 / М. Әуезов; жауапты шығарушы К. Рахымжанов.- Алматы: Жібек жолы, 2007.- 432 бет: портр.
  5. Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.Т.43: мақалар, зерттеулер, 1923 - 1955 / М. Әуезов; жауапты шығарушы С. Майлыбай.- Алматы: Жібек жолы, 2010.- 296 бет: портр.
  6. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. Т. 29: Мақалалар, зерттеулер, әдеби сценарий, әңгімелер, пьеса, 1947-1950 / М. Әуезов; жоба жетекшілері: С. Назарбаева, Б. Қанапиянов; түсініктеме Т. Әкім және басқа.- Алматы: Дәуір: Жібек жолы, 2014.- 430,[2] бет: портр.
  7. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. Т. 41: Мақалалар, зерттеулер, 1952-1961 / М. Әуезов; жоба жетекшілері: С. Назарбаева, Б. Қанапиянов; түсініктеме Р. Әбдіғұлов және басқа.- Алматы: Дәуір: Жібек жолы, 2014.- 286,[2] бет: портр.
  8. Әуезов, М. Шығармаларының толық жинағы: елу томдық. Т. 43: Мақалалар, зерттеулер, 1923-1955 / М. Әуезов; жоба жетекшілері: С. Назарбаева, Б. Қанапиянов; түсініктеме С. Майлыбай және басқа.- Алматы: Дәуір: Жібек жолы, 2014.- 327,[1] бет: портр.
  9. Дербісәлин, Ә. Ыбырай Алтынсарин: деректі баян / Ә. Дербісәлин.- Алматы: Арда, 2005.- 216 бет+4 бет.: фот.- (Тарихи тұлға тағлымы).
  10. Жусупова, К. Даланың тұңғыш қоңырауы: [Сценарий литературного вечера, посвященного 165 - летию со дня рождения Ыбрая Алтынсарина] / К. Жусупова//Мектептегі кітапхана.Биб. в школе.- 2007.- № 2. - С. 25-27.
  11. Жыр маржаны: он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т. 2 / құраст. М. Құлкенов, Г. Мұқышева; суретші А. Айтжанов.- Алматы: Мерекенің баспалар үйі, 2014.- 525,[3] бет: портр.
  12. Исабай, Қ. Қажыға барған қазақтар: деректі баян / Қ. Исабай; С. Байжан - Ата.- Алматы: Ана тілі, 1996.- 192 бет.
  13. Ілиясова, А. Адам деген-ардақты ат / А. Ілиясова//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2014.-№ 9. - 25-28 б.
  14. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. Т.10: Қазақ ағартушыларының философиясы / құраст., алғы сөз Т. Х. Ғабитов, Г. Г. Барлыбаева.- Астана: Аударма, 2007.- 468,[4] бет.- (Мәдени мұра).
  15. Қазақстанның көркем әдебиеті, 1958 - 1967: библиогр. көрсеткіш. Екі кітаптан тұрады. 1-кітап / құраст.: А. Нұрсейітова, Ә. Сәйдембаева; алғы сөз С. С. Қирабаев.- Алматы: Мектеп, 2008.- 351,[1] бет.- (Қаз. Респ. Ұлттық кітапханасы).
  16. Қазақстанның көркем әдебиеті, 1968 - 1977: библиогр. көрсеткіш. Төрт кітаптан тұрады. 1-кітап / құраст. М. К. Әбілова.- Алматы: RUAN, 2011.- 398,[2] бет.- (Қаз. Респ. Ұлттық кітапханасы).
  17. Қайырбеков, Ә. Тұлғалар тағылымы: эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат / Ә. Қайырбеков.- Алматы: Ағаным, 2014.- 285,[3] бет.
  18. Құрманов, М. Өмір, қандай тәтті едің: зерттеулер, очерк-эсселер, өлеңдер, аудармалар / М. Құрманов.- Алматы: Жазушы, 1994.- 288 бет.
  19. Ламашев, Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары: тарихи очерктер / Ә. Ламашев.- Алматы: Қазақстан, 1988.- 184 бет.
  20. Ламашев, Ә. Ыбырай Алтынсарин: семинарий / Ә. Ламашев.- Алматы: Ана тілі, 1991.- 120 бет.
  21. Молдағалиев, Ж. Құс жолы: повесть және әңгімелер / Ж. Молдағалиев.- Алматы: Ана тілі, 2005.- 285,[3] бет.: сурет.
  22. Наушабайұлы, Н. Ұйықтама, оян, Алашым!: өлеңдер, толғаулар, ғазалдар, назымдар, термелер, нақылдар, айтыстар, әндер, мысалдар және жыр-шежіре / Н. Наушабайұлы; алғы сөз А. Шаяхмет.- Астана: Фолиант, 2014.- 336,[8] бет.
  23. Оспанов, С. Қазақ ақындарының публицистикасы: монография / С. Оспанов.- Астана: Фолиант, 2011.- 469,[3] бет.
  24. Оспанов, С. Ұлы ұстаз ұлағаты: Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин мектебінің 150 жылдығына арналады / С. Оспанов; алғы сөз А. Күзембайұлы.- Қостанай: Центрум, 2014.- 359,[1] бет.
  25. Оспанұлы, С. Жайсаңдар айтқан жарқын сөз (...деген екен!) / С. Оспанұлы.- Қостанай: Шапақ, 2012.- 140 бет.
  26. Тарих - адамзат ақыл - ойының қазынасы. Он томдық. Т. 4: Жаңа замандағы тарихи ой / томды құраст. Л. Л. Батурина және басқа.- Астана: Фолиант, 2005.- 427,[5] бет.- (Мәдени мұра).
  27. Тұрғынбекұлы, С. Таңдамалы: екі томдық. Т. 1: Өлеңдер мен балладалар / С. Тұрғынбекұлы.- Астана: Фолиант, 2014.- 377,[7] бет.
  28. Шәкейұлы, К. Көкше менің: өлең жырлар мен айтыстар / К. Шәкейұлы; құраст.: А. Сыздық, Б. Шәкеева; алғы сөз К. Салықов.- Астана: Елорда, 2001.- 198,[2] бет: портр.
  29. Штаер, А.Б. Литература: Ыбырай Алтынсарина "Щедрый человек" / А. Штаер//Начальная школа Казахстана.- 2007.- № 1. - С. 19-20.
  30. Ыбрай Алтынсарин тағлымы: әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / құраст. М. Жармұхамедов.- Алматы: Жазушы, 1991.- 384 бет. 
*******************************
  1. Бондаренко, Ю. Я. Прикосновение к слову: заметки о культуре / Ю. Бондаренко.- Костанай: Печатный двор, 2012.- 174,[6] с.
  2. Джумагулов, К. Т. Ибрай Алтысарин и развитие культуры казахского народа / К. Джумагулов.- Алма - Ата: Казахстан, 1984.- 204 с.
  3. Его именем названа наша библиотека: Методическое пособие к 165-летию Ы.Алтынсарина / Сост. Динасилова Ш.А., Ахлиукова Ф.Ф.- Шымкент, 2007.
  4. Ибрай Алтынсарин и развитие библиотечного дела в Казахстане: опыт личного исследования / сост. Молдагалиева Д.А.- Костанай: ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2006.
  5. Касымжанова, Г. Архив Памяти / Г. Касымжанова; предисл. С. Козыбаев.- Алматы: Ғалым, 2003.- 299,[5] с.: 5 л.: фот.: портр.
  6. Симашко, М. Д. Колокол: исторический роман / М. Симашко.- Алма - Ата: Жазушы, 1984.- 336 с.
  7. Фетисов, М. И. Зарождение казахской публицистики / М. Фетисов.- Алма - Ата: Каз. гос. из-во худож. лит, 1963.- 440 с.

Ол туралы мақалалар:

  1. Акмуканова, К. Б. Ы. Алтынсарин "Өзен" / К.Б. Акмуканова // Бастауыш сынып. Начальная школа.- 2011.- № 1. - 4-5 б.
  2. Алтынсарин Ыбырай // Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр: Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. 1 - шығарылым/ С. Беғалин атындағы МБК.- Алматы, 2009.- 20-27 б.
  3. Амұханова, А. Ұлт ағартушылары және ұлттық мүдде / А. Амұханова // Қазақ тарихы.- 2011.- № 4 - 11-13 б.
  4. Әбдірәсілова, Б. Мектеп мұражайындағы экскурсия жұмыстарын пән сабақтарымен байланыстыра дамыту / Б. Әбдірәсілова // Воспитание школьника (РК).- 2010. - № 9. - С. 18-22.
  5. Әлдибеков, Ж. Ы. Алтынсарин - білікті заңгер / Ж. Әлдибеков // Заң.- 2011. - № 10. - 26-29 б.
  6. Әуезов, М. Народное образование во второй половине XIX в: [просветитель Ибрагим Алтынсарин] / М. Әуезов // Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 41 том.- Алматы.- 2009. - С. 184-195.
  7. Бағалы еңбек. Жарияланбаған мақалалар//Сахариев, Б Шығармалары: әдеби зерттеулер, мақалалар аудармалар.- құрастырған Дидахмет Әшімханұлы.- Алматы, 2013.- 371-376 б.
  1. Байділда, Ж. Ыбырайдың шаші: [Ы. Алтынсарин туралы] / Ж. Байділда // Егемен Қазақстан.- 2012. - 25 шілде (№ 415-421). - 7 б.
  2. Бәкір, Ә. Қазақ көгіндегі шамшырақ: [Ы. Алтынсарин туралы] / Ә. Бәкір // Қостанай таңы.- 2012. - 6 наурыз. - 5 б.
  3. Есмағамбетов, Қ. Ұлт ұстазының мұрасын зерделеу - бүгінгі ұрпақтың борышы: [Ыбырай Алтынсаринның туғанына - 170 жыл] / Қ. Есмағамбетов // Қостанай таңы.- 2011.- № 124 (22 қазан). - 5 б.
  4. Жақып, Қ. "Инспектор көлі" немесе Ыбрай Алтынсаринге қатысты деректер / Қ. Жақып // Қостанай таңы.- 2013. - 30 қазан (№ 123). - 7, 10 б.
  5. Жусупова, К. Ағартушы - ұстаз, жазушы, этнограф: [Ыбырай Алтынсарин өмірі мен еңбектері] / К. Жусупова; З. Мукашева // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2007.- № 10. - 31-34 б.
  6. Исабаева, Б. Қазақ сахарының қоңырауы / Б. Исабаева // Мектептегі кітапхана.Биб. в школе.- 2005.- № 4. - 2-3 б.
  7. Кәкімжанова, А. Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы..: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың тыныс-тіршілігі жайында / А. Кәкімжанова // Наш Костанай.- 2014. - 14 қазан (№ 80). - 5 б.
  8. Қасенов, С. Қазақ ағартушы - ойшылдарының дүниетанымдық мұралары: [ұлттық дүниетаным - ұлттық сана қайнары] / С. Қасенов // Биология, география және химия.- 2002. - № 2. - 18-23 б.
  9. Қос бәйтерек: зерттеулер. І бөлім // Ысмағұлов Ж Алтын ғасырдың ақ таңы.- Алматы, 2009.- 8-10 б.
  10. Қостанай таланттары // Тәуелсіздіктің ақ таңы.- 2014. - № 17. - 66-67 б.
  11. Мұқатов, Н. Дала қоңырауы Ұлы ұстаз мұражайы ұрпаққа ұлағат ұсынады / Н. Мұқатов // Егемен Қазақстан.- 2013. - 21 ақпан (№ 72). - 6 б.
  12. Мұқатов, Н. Ұлтты ұлы ұстазы: [Ы. Алтынсарин туралы] / Н. Мұқатов // Қазақ әдебіеті.- 2012. - 10-16 тамыз (№ 33). - 11 б.
  13. Мұқатов, Н. Ұлттың ұлы ұстазы: [Ы. Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуы қарсаңында] / Н. Мұқатов // Қостанай таңы.- 2011.- № 93 (16 тамыз). - 4 б.
  14. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар / С. Оспанов // Қостанай таңы.- 2004. - 22 желтоқсан. - 7 б.
  15. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар / С. Оспанов // Қостанай таңы.- 2004. - 21 желтоқсан. - 6 б.
  1. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар: Ахмет Жантөрин / С. Оспанов // Қостанай таңы.- 2004. - 14 желтоқсан. - 5 б.
  2. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар: Мұхаметжан Қарабаев / С. Оспанов // Қостанай таңы.- 2004. - 14 желтоқсан. - 5 б.
  3. Оспанов, С. Тұңғыш: [Ұлы ағартушы, педагог, ғалым-этнограф, жазушы Ы. Алтынсарин туғанына 170 жыл толуына орай] / С. Оспанов // Жас өркен - Костанай.- 2011. - № 6. - 7 б.
  4. Оспанұлы, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар / С. Оспанұлы // Қостанай таңы.- 2004. - 7 желтоқсан.
  5. Оспанұлы, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар / С. Оспанұлы // Қостанай таңы.- 2004. - 28 желтоқсан. - 5 б.
  6. Оспанұлы, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар: Ильминский Н. И. / С. Оспанұлы // Қостанай таңы.- 2004. - 28 желтоқсан.
  7. Оспанұлы, С. Ы. Алтынсарин және "Оренбургский листок" газеті / С. Оспанұлы // Мәдени мұра.- 2010. - № 5. - 32-36 б.
  8. Оспанұлы, С. Ыбырай Алтынсарин және тәжік-парсы әдебиеті / С. Оспанұлы // Қостанай таңы.- 2014. - 28 наурыз (№ 31). - 10 б.
  9. Оспанұлы, С. Ыбырай мұрасына ықылас: [Ұлы ағартушы, педагог, ғалым-этнограф, жазушы Ы. Алтынсарин туғанына 170 жыл толуына орай] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы.- 2011. - 23 қараша № 139. - 10 б.
  10. Сәкенова, Ж. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашыгы / Ж. Сәкенова // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2012. - № 4. - 110-112 б.
  11. Сүйінкина, П, Ыбырай Алтынсаринді асқақтату - алты алашқа аманат / П. Сүйінкина // Қостанай таңы.- 2011.- № 101 (2 қыркүйек). - 8 б.
  12. Сүлейменова, М. Д., Шырағын жаққан білімнің / М.Д. Сүлейменова // Мектептегі кітапхана. Биб. в школе.- 2012. - № 2. - 20-21 б.
  13. Шаяхмет, А. Абай мен Ыбырай да, олардың ізбасарлары да Аллаға мінажап қылған: таным / А. Шаяхмет // Жас өркен - Костанай.- 2012. - № 5. - 14-16 б.
  14. Шаяхмет, А. Қазақ даласына себілген білім ұрығы: [ұлы ағартушы, педагог, ғалым-этнограф, жазушы Ы. Алтынсарин туғанына 170 жыл толуына орай] / А. Шаяхмет // Жас өркен - Костанай.- 2011. - № 6. - 4-6 б.
  15. Ыбырай Алтынсарин: зерттеулер. І бөлім // Ысмағұлов Ж Алтын ғасырдың ақ таңы.- Алматы, 2009.- 30-50 б.
  16. Ыбырай ата әлемі // Балалар бағының бағбандары.- Балалар әдебиеті.- 2009.- 6-9 б.
  17. Ыбырай Ата әлемі: [анықтамалық]. Балалар әдебиетінің алыптары / құрастырған Ш. Күмісбайұлы // Балалар бағының бағбандары.- Алматы, 2008.- 5-9 б.
  18. Ыбырайдың үш хаты // Марғұлан Ә.Х Шығармалары: ХІV том.- Алматы, 2012.- 308-318б.
  1. Ысмағұлов, Ж. Қос бәйтерек: Абай мен Ыбырайдың ішкі үндестігі хақында бірер сөз / Ж. Ысмағұлов // Егемен Қазақстан.- 2005. - 13 желтоқсан. - 6 б.
 
*******************************
  1. Байсарина, Р. Опыт великого учителя современен и сегодня: к 170-летию И. Алтынсарина / Р. Байсарина // Костанай.- 2011.- № 83 (20 октября). - С. 6.
  2. Балмуханова, К. С. Литературный час / К.С. Балмуханова // Начальная школа Казахстана.- 2011. - № 10. - С. 60-62.
  3. Бедельбаева, З.К. Ученый. Просветитель. Писатель: литературный вечер к 170-летию со дня рождения Ибрая Алтынсарина / З.К. Бедельбаева // Мектептегі кітапхана. Биб. в школе.- 2013.-№2.- 34-35 б.
  4. Ермекбай, Ж. "Приходите, дети, учиься!": [биография И. Алтынсарина] / Ж. Ермекбай // Казахстанская правда.- 2013. - 12 июля (№ 231). - С. 13.
  5. Ермолович, А. Памятник меняет место / А. Ермолович // Костанайские новости.- 2010.- № 49 (7 апреля). - С. 3.
  6. Жангабылов, К. Первый инспектор степи: [об И. Алтынсарине] / К. Жангабылов // Костанайские новости.- 2011.- № 154 (8 ноября). - С. 6.
  7. Жаркунгулова, З. Д. Вклад казахских просветителей в генезис проблемы развития толерантных качеств у будущих учителей / З.Д. Жаркунгулова // Жаржысы.- 2012. - № 2. - С. 96-98.
  8. Жусупова, К. Педагог-просветитель, писатель, этнограф: Литературный вечер, посвященный И. Алтынсарину / К. Жусупова // Внеклассная работа в школе.- 2007.- № 7. - С. 32-35.
  9. Ибрай Алтынсарин, просветитель и судья // Костанайские новости.- 2011.- № 37 (15 марта) - С. 5.
  10. Ибраһим Алтынсарин (1841-1889) // Звёзды казахской литературы. Ч. 1/ автор-сост. Шабжантаева М. Ш.- Кокшетау, 2005.- С. 99-105. Исенов, О. Первая школа для казахских детей / О. Исенов; М. Козыбаева // Костанай.- 2010.- № 90 (16 ноября). - С. 12.
  11. Касымжанова, Г. Степь просвещенная: к 170-летию И. Алтынсарина / Г. Касымжанова // Достық - Дружба.- 2011. - № 6. - С. 34-39.
  12. Каткова, Г. Искусство слышать избирательно: [перенос памятника И. Алтынсарину] / Г. Каткова // Наша газета.- 2010.- № 31 (5 августа). - С. 3.
  13. Курмашова, А. С. Школьная библиотека - творческая мастерская / А. Курмашова // Мектептегі кітапхана. Биб. в школе.- 2011.- № 3. - С. 37-38.
  14. Қасқабасов, С. Немеркнущее слово: [об устном народном творчестве Казахстана] / С. Қасқабасов // Қасқабасов, С. Алтын жылға: зерттеулер мен мақалары.- А., 2013.- С. 117-155.
  15. Қуанова, Р. Ыбырай Алтынсариннің Ырғыздағы ізімен: [туған жердің тұлғалары] / Р. Қуанова // Қостанай таңы.- 2011. - 8 қараша (№ 132). - 7 б.
  16. Литвинов, К. Дежа вю: к 170-летию И. Алтынсарина / К. Литвинов // Что... Где... Когда...- 2011. - 14 декабря (№ 50). - С. 14.
  17. Поэтесса Алмажан // Кумисбаев, Ш Они были первыми/ Пер. О. Жанайдарова.- Алматы, 2013.- С. 91-103.
  18. Рахимова, З. К. Века проходят - слово лишь нетленно: читательская конференция по притчам Ибрая Алтынсарина / З. Рахимова; Р. Ш. Урузбаева // Мектептегі кітапхана. Биб. в школе.- 2011.- № 3. - С. 34-36.
  19. Рыщанова, У. М. О мультимедийных пособиях на примере электронного издания: "Ибрай Алтынсарин: выдающийся казахский педагог-просветитель" / У. Рыщанова // Библиотечное дело.- 2013. - № 6. - С. 16-18.
  20. Рыщанова, У.М. Ибрай Алтынсарин: выдающийся казахский педагог -просветитель / У.М. Рыщанова // Кітап патшалығы.- 2011. - № 3. - С. 8-11.
  21. Сатпаева, Ш. Ибрай Алтынсарин (1841-1889): [рекомендации учителю по проведению урока] / Ш. Сатпаева // Сатпаева, Ш. К Веяние времени: статьи.- Астана, 2012.- Том IV. - С. 252-257.
  22. Сатпаева, Ш. Л. Н. Толстой и Казахстан / Ш. Сатпаева // Сатпаева, Ш. К Веяние времени: статьи.- Астана, 2012.- Том IV. - С. 207-220.
  23. Сметанина, Л. И. Литературное чтение / Л.И. Сметанина // Начальная школа Казахстана.- 2011.- № 10.- С. 34-36.
  24. Султанова, К. М. Урок литературы / К.М. Султанова // Начальная школа Казахстана.- 2013. - № 2. - С. 54-56.
  25. Такисова, Ж. К. Наследие предков: устный журнал по нравственно-патриотическому воспитанию / Ж. Такисова // Внеклассная работа в школе.- 2010.- № 4. - С. 10-15.
  26. Туркестанов, Т. Помни имя его: к 170-летию И. Алтынсарина / Т. Туркестанов // Костанайские новости.- 2011.- № 145 (19 октября). - С. 3.
  27. Шаяхмет, А. Чистый родник: [эссе об Алтынсарине] / А. Шаяхмет // Пирамида: эсселер, толғаулар мен мақалалар.- Костанай, 1997.- С. 214

 

Оның шығармалары

Оның балаларға арналған шығармалары:

  1. Алтынсарин, Ы. Асан мен Усен: әңгімелер / Ы. Алтынсарин; сурет. Н. Лебедев.- Алматы: Жалын, 1976.- 20бет: сурет.- (Кітаптан соң кітап).
  2. Алтынсарин Ы, Асан мен Усен: әңгімелер / Ы. Алтынсарин; сурет. Н. Лебедев.- Алматы: Жазушы, 2008.- 16 бет: сурет.- (Балаларға базарлық).
  3. Алтынсарин, Ы. Асан мен Усен=Асан и Усен / Ы. Алтынсарин; пер. с каз. Н. Калменова; сурет. М. Тұрғымбаев.- Алматы: Балауса, 1993.- 18 бет: сурет.- (Екі тілде еркін сөйлейміз = Говорим на двух языках).
  4. Алтынсарин, Ы. Бақша ағаштары; Малды пайдаға жарату; Аурудан - аяған күштірек: балабақша бүлдіршіндері мен 1-сынып оқушыларына арналған / Ы. Алтынсарин; сурет. Д. Айтжанов.- Алматы: Асыл кітап, 2012.- 12 бет: сурет.- (Буынға бөліп оқып үйренеміз).
  5. Алтынсарин, Ы. Бір уыс мақта: әңгімелер мен мысалдар / Ы. Алтынсарин; сурет. Ғ. Маданов.- Алматы: Жалын, 1990.- 37бет:сурет.- (Тілашар).
  6. Алтынсарин, Ы. Бұл кім?; Өзен: өлеңдер / Ы. Алтынсарин//Жаттамақ.- Алматы, 1994.- Бет 219.
  7. Алтынсарин, Ы. Әдеп; Бір уыс мақта; Сауысқан мен қарға: балабақша бүлдіршіндері мен 1-сынып оқушыларына арналған / Ы. Алтынсарин; сурет. Д. Айтжанов.- Алматы: Асыл кітап, 2012.- 12 бет: сурет.- (Буынға бөліп оқып үйренеміз).
  8. Алтынсарин, Ы. Әке мен бала; Түлкі мен ешке; Тышқанның өсиеті: балабақша бүлдіршіндері мен 1-сынып оқушыларына арналған / Ы. Алтынсарин; сурет. Д. Айтжанов.- Алматы: Асыл кітап, 2012.- 12 бет: сурет.- (Буынға бөліп оқып үйренеміз).
  9. Алтынсарин, Ы. Кел, балалар, оқылық!: өлең / Ы. Алтынсарин//Жаттамақ.- Алматы, 1994.- Бет 124.
  10. Алтынсарин, Ы. Кел, балалар, оқылық!: өлеңдер / Ы. Алтынсарин; сурет. Б. Мұхамедиев.- Алматы: Жалын, 1984.- 12 бет: сурет.
  11. Алтынсарин, Ы. Таза бұлақ / Ы. Алтынсарин; сурет. Б. Пулатов.- Астана: Тіл комитеті, 2011.- 26 бет: сурет+1 CD.- (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл).- (Менің елім - Қазақстан). 
  1. Алтынсарин, Ы. Таза бұлақ: өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар / Ы. Алтынсарин.- Алматы: Раритет, 2008.- 208 бет.- (Балалар әдебиеті).
  2. Алтынсарин, Ы. "Өнер-білім бар жұрттар ...": мектеп оқушыларына арналған / Ы. Алтынсарин; құраст. А. Ү. Сужикова.- Алматы: Алматыкітап, 2014.- 120 бет: сурет.- (Мектеп кітапханасы).
*******************************
  1. Алтынсарин И, Чистый родник: рассказ / И. Алтынсарин; пер. с каз. Н. Кальменова; худож. Б. Аканаев.- Алма - Ата: Жалын, 1990.- 3,[9] с.:ил.
  2. Алтынсарин Ибрай // Положи свое сердце книгам: писатели Казахстана-детям и взрослым/ ГДБ им.С.Бегалина.- Алматы, 2007.- С. 48-51

Оның жасөспірімдерге арнаған шығармалары:

  1. Алтынсарин, Ы. [Зерттеу мақалалар, естеліктер, шығармалар] / Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы; бас. ред. Б. Аяған.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007.- 632бет:портр.- (Қазақ энц-сының" кітапханасы: "Тұлғалар").
  2. Алтынсарин, Ы. Бір уыс мақта: әңгімелер / Ы. Алтынсарин; құраст. Д. Әшімханұлы.- Астана: Таным, 2003.- 80бет.- (Қазақ әңгімелері).
  3. Алтынсарин, Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. Т. 1: өлеңдер. Этнографиялық еңбектер. Ғылыми-әдістемелік шығармалар / Ы. Алтынсарин; құраст., алғы сөз. Қ. Т. Әуелбекқызы.- Алматы: Қазығұрт, 2003.- 240бет:портр.
  4. Алтынсарин, Ы. Кел, балалар оқылық: өлең, әңгімелер мен мақал, жұмбақтар / Ы. Алтынсарин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 168 бет.- (Атамұра кітапханасы).
  5. Алтынсарин, Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы=Шариат - ул - ислам = Основы мусульманства (корни): араб. тіл. сөз. ауд., транскрипциялаған және түсініктемесін жазған С. Әубәәкірова; алғы сөз А. Сейдімбеков / Ы. Алтынсарин.- Алматы: Қазақстан; Қаламгер, 1991.- 80 бет: портр.- (Ыбырай Алтынсарин туғанына 150 жыл).
  6. Алтынсарин, Ы. Өмірі мен шығармалары / Ы. Алтынсарин; құраст. А. Мұқышева; алғы сөз Б. Сүлейменов.- Алматы: Рауан, 2013.- 383,[1] бет.
  7. Алтынсарин, Ы. Өнер - білім бар жұрттар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар және естеліктер / Ы. Алтынсарин; құраст., алғы сөз мен түсініктерін С. Мақпыров.- Алматы: Жалын, 1991.- 237,[3] бет:сурет.- (Алтын сандық).
  8. Алтынсарин, Ы. Таза бұлақ: өлеңдер, әңгімелер, хаттар / Ы. Алтынсарин.- Алматы: Жазушы, 1988.- 316,[4] бет:сурет.- (Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы).
  9. Үмбеттегі, А., Тұмар ханша: Тұңғыш мектеп - тұңғыш түлектер: Жүз данышпанның бірі / А. Үмбеттегі // Ұлан.- 2010. - № 37 (14 қыркүйек). - 12 б.
*******************************
  1. Алтынсарин, И. Избранные произведения / И. Алтынсарин; сост. и подгот. к печати Б. С. Сулейменова.- Алма - Ата: Изд - во АН КССР, 1978.- 466 с.
  2. Алтынсарин, И. Рассказы / И. Алтынсарин; пер. с каз. Н. Кальменева.- Алма - Ата: Жазушы, 1971.- 56с.:портр.
  3. Алтынсарин, И.Собрание сочинений в 3-х т. Т. 1 / И. Алтынсарин; предисл. Б. С. Сулейменова.- Алма - Ата: Наука, 1975.- 360с.
  4. Алтынсарин, И. Собрание сочинений в 3-х т. Т. 2 / И. Алтынсарин; предисл. Б. С. Сулейменова.- Алма - Ата: Наука, 1976.- 424с.
  5. Алтынсарин, И. Собрание сочинений в 3-х т. Т. 3 / И. Алтынсарин; предисл. Б. С. Сулейменова.- Алма - Ата: Наука, 1978.- 352с.
  6. Алтынсарин, И. Этнографические очерки и образцы устного творчества=Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері / И. Алтынсарин.- 2-е изд., доп.- Астана: Алтын кітап, 2007.- 166 с.- (Қазақ этнографиясының кітапханасы 50 том.= Б-ка каз. этнографии 50 томов; т. 13).
  7. Алтынсарин, И. Жиренше Шешен: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 193-195.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  8. Алтынсарин, И. Мудрец Лукбан: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 196.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  9. Алтынсарин, И. Мудрый судья: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 198-199.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  10. Алтынсарин, И. Отец и сын: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 201.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  11. Алтынсарин, И. Паршивый мальчик: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 190-192.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  12. Алтынсарин, И. Письма учеников к родным: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 189.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  13. Алтынсарин, Ы., Спор животных: [сказка] / Ы. Алтынсарин//Ильяшева К. С Капелька: худож. лит.: хрестоматия.- Алматы, 2009.- С. 54-55.
  14. Алтынсарин, И. Счастливый человек: Рассказ / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 197.-(Библиотека мировой литературы для детей).
  15. Алтынсарин, И. Сын бая и сын бедняка: Сказка / И. Алтынсарин // Казахская литература: Хрестоматия. Учеб. пособ. для 10-11 кл.- А., 2004. - С. 80-84.
  16. Алтынсарин, И. Сын бая и сын бедняка; Употребление богатства на пользу; Чистый родник: Рассказы / И. Алтынсарин // Повести и рассказы писателей-классиков народов дореволюционной России.- М.,1984. - С. 185-201.-(Библиотека мировой литературы для детей).
 

Оның өлеңдері:

  1. Алтынсарин, Ы (1841-1889), Кел, балалар, оқылық; Өнер-білім бар жұттар; Ананның сүюі; Жаз; Өзен: өлеңдер / Ы. Алтынсарин//Таза бұлақ: өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ертегелер.- Алматы, 2003.- 3-9 б.
  2. Алтынсарин, Ы. Кел, балалар, оқылық!: [өлең] / Ы. Алтынсарин//Балбұлақ.- 2011. - № 12. - 11 б.
  3. Алтынсарин, Ы. Ананың сүюі: "Қайырымды" түлкі: өлеңдер / Ы. Алтынсарин; құрас. О. Асқар//Күміс кебеже: Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдер.- Алматы, 2008.- 21-23 б.
  4. Алтынсарин, Ы. Балғожа бидің баласына жазған хаты: Бұл кім?: өлеңдер / Ы. Алтынсарин; құрас. О. Асқар//Күміс кебеже: Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдер.- Алматы, 2008.- 10 б.
  5. Алтынсарин, Ы. Бұл кім?: өлең / Ы. Алтынсарин//Қазақстан Республикасының мерекелері.- Алматы, 2010.- 62 б.
  6. Алтынсарин, Ы. Жаз: Өзен: Әділдік көрмеген үшін төреге айтылған сөз: өлеңдер / Ы. Алтынсарин; құрас. О. Асқар//Күміс кебеже: Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдер.- Алматы, 2008.- 18-21 б.
  7. Алтынсарин, Ы. Жаз; Өзен: өлеңдер / Ы. Алтынсарин//Өлең өлкесі: қазақ табиғат лирикасының антологиясы. /құраст. Ж. Әсербекқызы.- Алматы.- 2009. - 33 б.
  8. Алтынсарин, Ы. Кел, балалар, оқылық; Жаз; Өзен; Өсиет өлеңдер; Балқожа бидің баласына жазған хаты; Әй, достарым; Әй, жігіттер: өлеңдер / Ы. Алтынсарин; құраст. Е. Дүйсенбайұлы//Ғасырлар тоғысындағы қазақ жыры: ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың басындағы поэзия.- Алматы.- 2007. - 123-136 б.
  9. Алтынсарин, Ы. Өсиет өлеңдер: Әй, достарым!:Әй, жігіттер!: өлеңдер / Ы. Алтынсарин; құрас. О. Асқар//Күміс кебеже: Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдер.- Алматы, 2008.- 11-18 б.
  10. Алтынсарин, Ы. Сөз басы: өлең / Ы. Алтынсарин; құрас. О. Асқар//Күміс кебеже: Қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдер.- Алматы, 2008.- 7-9 б.
  1. Алтынсарин, И. (1841-1889), Давайте, дети, учиться!; Весна; Река: стихи / И. Алтынсарин//Казахская литература: Хрестоматия. Учеб. пособ. для 10-11 кл.- А.,2004. - С. 77-80.
  2. Алтынсарин, И. (1841-1889), Давайте, дети, учиться!; Весна; Река: стихи / И. Алтынсарин//Казахская литература: Хрестоматия. Учеб. пособ. для 10-11 кл.- А.,2004. - С. 77-80.
  3. Алтынсарин, И. (1841-1889), Давайте, дети, учиться!; Кто это?; Река: стихи / И. Алтынсарин//Антология казахской детской поэзии.- А.,1983. - С. 27-29.
  4. Алтынсарин, И. (1841-1889), Давайте, дети, учиться!; Кто это?; Река: стихи / И. Алтынсарин//Антология казахской детской поэзии.- А.,1983. - С. 27-29. 

ЖОҒАРЫ


Тілдер

Жолдау 2017

Қазақ энцоклопедиясы

Антитеррор

EXPO2017

"Ұрпақ +" клубы

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру