Серікбай Оспанов

Картаға қайта оралу

 1. Өмірбаяны

 2. Библиографиясы

 3. Шығарма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірбаяны

Ақын, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Серiкбай Оспанов 1945 жылдың 1 сәуiрiнде Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданының Шилi кеңшарында, Балдай қоныс орнында туған. 1963 жылы Қамысты ауданындағы Бестау орта мектебiн бiтiргеннен кейiн өзi туып-өскен Шилi кеңшарындағы 8 жылдық мектепте аға пионервожатый болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы қазiргi әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дiң журналистика факультетiн бiтiрiп, республикалық радиода редактор (1968-1978), “Жалын” баспасының поэзия редакциясының меңгерушiсi (1978-1996) қызметтерiн атқарды. 1997 жылдан А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетiнде, 2005 жылдан бері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушiсi, доцент, профессор әрі І. Омаров атындағы қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
 
1982 жылдан Қазақстан Жазушылары Одағының, 2014 жылдан Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесi. 1986 жылы СССР Жоғары Советi президиумының указымен “Еңбектегi ерлiгi үшiн” медалiмен, 1995 жылы қазақ поэзиясының өркендеуіне қосқан зор үлесі, тарихи Торғай аймағы еңбеккерлерінің қызметі мен тыныс-тіршілігін баспасөзде жариялауда сіңірген ерекше еңбегі үшін және 50 жасқа толуына байланысты ҚР Торғай облыстық Мәслихатының, 2005 жылы Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс Әкімінің грамотасымен наградталды. 2003 жылы Қазақстан Аграрлық партиясының Ж.Әбдiрашев атындағы сыйлығын, Қостанай меценаттар клубының, А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын зерттеуде және университет жетістіктерін насихаттауда жоғарғы белсенділік танытқаны үшін А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің А. Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды. Алматыда өткен Қазақстан композиторлар одағы мен республикалық Қазақ радиосы ұйымдастырған “Жаңа ғасыр, жаңа ән” сайысында Ескендiр Хасанғалиевтiң әнiне жазылған “Ауылды аңсау” мәтiнi бас жүлде алды. 2001 жылы облыс әкiмi жариялаған әдебиет конкурсының “Балаларға арналған әдебиет” номинациясында бiрiншi орынды жеңiп алып, лауреат атағы мен әкiм сыйлығына ие болды. 2003 жылы Қазақ радиосының “ән шырқайық…” бағдарламасында айдың үздiк ән мәтiнiнiң авторы деп танылып, дипломымен, 2008 жылы Қостанай меценаттар клубының сыйлығымен, 2009 жылы 30 кыркүйекте жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» медалімен, 2013 жылы Астананың 15 жылдығына орай жасампаз еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін Қостанай облысы әкімдігі сыйлығымен, 2014 жылы еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандар дайындаудағы нәтижелі еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медалімен, осы жылы «Қостанай таңы» газетінің негізін қалаушыларының бірі, қазақ әдебиетінің зергері, журналист-жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуы мен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен ақындар мүшәйрасының Бейімбет Майлин атындағы сыйлығының, осы жылдың маусым айында Тың шығармашылық ізденістері және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған материалдар циклы үшін ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлығымен сондай-ақ Қостанай меценаттар клубының сыйлығымен марапатталды (үшінші рет).
 
2001 жылдың 4 сәуiрiнде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi ғылыми кеңесiнiң шешiмiмен Серiкбай Оспановқа журналистика кафедрасы бойынша университет доцентi академиялық атағы, Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым министрлiгi Жоғары аттестациялық комитетiнiң 2003 жылғы 24 маусымдағы шешiмiмен (№ 9 хаттама) әдебиеттану мамандығы бойынша доцент, 2010 жылдың 30 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ғылыми кеңесінің шешімімен профессор академиялық атағы берілді.
 
С. Оспанов екi жүзден аса ән мәтiндерiнiң, отыздан астам әндердің авторы. Ол сөзiн жазған “Сағындым Алматымды” (композиторы – А. Қоразбаев) әнiн Ресей жезтаңдай әншiлерiнiң бiрi Валентина Толкунова орындаса, “Шилi өзен” (композиторы – М.Сәдiбеков) әнiн Қазақстанға Еңбегi сiңген әншi Айжан Нұрмағамбетова, “Бақытты болыңдар, жұбайлар” (композиторы – М.Сәдiбеков) әнiн ерлі-зайыпты Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, “Ауылды аңсау” (композиторы – Е. Хасанғалиев) әнiн Қазақстанға Еңбегi сiңген әншi Сұлушаш Нұрмағанбетова, “Аққу ұшып барады”, “Айлы түнде” (композиторы – Қ.Дерiбсалдин) әндерiн Қазақстанға Еңбегi сiңген әншi Ғазиза Жұмекенова, “Көзiңнен айналайын” (композиторы – Б. Жұмалин) әнiн танымал әншi Бақыт Шадаева, “Ойлап сенi таптым мен” (композиторы – Ж. Сейдолла) әнiн Жеңiс Сейдолла, “Асыл жазым-ай” (композиторы – Ж. Сейдолла) әнiн “Музарт” тобы, “Қостанай жыры” (композиторы – Е. Үсенов) әнiн Қостанайлық жезтаңдай әншiлер Серiк Әбiлев пен Гүлбану Абдуллина, «Арақарағай – арман-ай!» (композиторы – Е. Үсенов) әнін Гүлмира Үмбетова, “Сарыарқа” (композиторы – Қ. Жүнiсбеков) әнiн Рамазан Стамғазиев орындап жүр. Бұл туындылар халық қазынасына айналған, жұрт сүйiп тыңдайтын әндер. Сондай-ақ ақынның өзі шығарған әндері «Ойлап сені таптым менді» Қазақстанға еңбегі сіңген әнші Майра Ілиясова, «Тобыл ағадыны» Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі Манапбек Кадіров, «Кездесем ертеңді» Азамат Мұқатов орындайды.
 
С. Оспанұлының балаларға арналған «Мектептен қашқандар мен ертектен қашқандар», «Ешкі неге төрт түлік малға енбеген?» атты пьесалары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма тетарында қойлып, көрермендер көңілінен шықты.
 
Өлеңдерi екiншi, үшiншi, төртiншi сыныптарға арналған “Ана тiлi”, “Қазақ тiлi” оқулықтарына енген.
 
Ақын шығармашылығы жайында Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Серік Қирабаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жұмаш Сомжүрек, Есенғали Раушанов т.б. ақындар мен сыншылар пікірлерін білдіріп, жылы лебіздерін айтқан.
 
Өлеңдерi орыс («Сборник стихов руских и казахских поэтов», «Современник» Москва 1986, аударған И. Жеглов), тәжiк («Тазкирай» «Антология детской советской литературы» Душанбе «Адиб» 1988 ж. аударған Низон Косим) қырғыз («Сарарқа» «Мектеп» баспасы 1988, аударған С. Урманбетов) т.б. ТМД халықтары тiлдерiне аударылған.
 
Михайл Исаковскийдiң, Сергей Смирновтың, Владимир Костровтың, Николай Старшиновтың, Римма Казакованың т.б. орыс, қырғыз, тәжiк, украин, чечен ақындарының өлеңдерiн, Виктор Широковтың («Рубеж»-«Белес» «Жалын»1982), Раушан Аспандиярованың ( «Часы» - «Сағат» «Жалын»1984) өлеңдер жинақтарын қазақ тiлiне аударған.
 
С. Оспанұлы Торғай қаласының (2005), Жанкелдин ауданының (2013) құрметті азаматы.
 

 

Библиографиясы

  1. Әбділдаұлы, О. Жасын шақтың жарқылы [Мәтін] / О. Әбділдаұлы // Қостанай таңы. - 2014. - 21 қараша (№ 137). - 6-7 б.

  2. Әбділдаұлы, О. Ұстаздық пен ұсталық [Мәтін] : [Серікбай Оспанұлы туралы] / О. Әбділдаұлы // Қазақ әдебіеті. - 2013. - 3-16 мамыр (№ 18-19). - 15 б.

  3. Әнесұлы, Ж. Ақынның алпыс асуы [Мәтін] / Ж. Әнесұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 26 тамыз. - 11 б.

  4. Жақсанов, О. Жүрегі - шуақ, жаны - жыр: сегіз қырлы, бір сырлы азамат Серікбай Оспановтың жұртшылыққа белгісіз қырлары хақында [Мәтін] / О. Жақсанов // Костанай. - 2008. - 18 қараша. - 7 б.

  5. Жаңбыршынов, З. Ақын толғауы - жүрек толғауы [Мәтін] : [ақын Серікбай Оспанов шығармашылығы туралы] / З. Жаңбыршынов // Қостанай таңы.- 2005. - 9 ақпан

  6. Жүнісұлы, Ж. Азаматтығы ақындығымен үндескен [Мәтін] / Ж. Жүнісұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 20 шілде. - 3 б.

  7. Меңдібай, С. Ақынның ақиқатпен жүрегі бір [Мәтін] / С. Меңдібай // Қостанай таңы. - 2005. - 1 сәуір. - 8 б.

  8. Меңдібай, С. Серікбай серінің жаңа жинағы [Мәтін] / С. Меңдібай // Қостанай таңы. - 2009. - 7 сәуір. - 2 б.

  9. Мұқатов, Н. Серікбайдың домбрасы [Мәтін] : Серікбай Оспанұлымен сұхбат / Н. Мұқатов // Ақиқат. - 2008. - № 1. - 83-87 б.

  10. Оспанов Серікбай [Мәтін] // Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр: Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. 2-шығарылым / С. Беғалин атындағы МБК. - Алматы, 2009. - 79-83 б.

  11. Оспанова, Қ. Сегіз қырлы, бір сырлы Серікбай сері [Мәтін] / Қ. Оспанова // Қостанай таңы. - 2005. - 29 қараша. - 2 б.

  12. Тұрғынбекұлы, С. Серікбайдың сегіз қыры [Мәтін] / С. Тұрғынбекұлы // Қостанай таңы. - 2010. - № 37. - 7 б.

  13. Сомжүрек, Ж-Н. Серікбай Оспанов: "Беттен өпкен ағадай, Туған елдің самалы-ай!" [Мәтін] : [ақын Серікбай Оспанов туралы] / Ж-Н. Сомжүрек // Егемен Қазақстан. - 2014. - 5 маусым (№ 109). - 8 б.

  14. Сомжүрек, Ж-Н. Табиғатпен жаны егіз [Мәтін] : [ақын Серікбай Оспанов шығармашылығы туралы] / Ж-Н. Сомжүрек // Қостанай таңы. - 2014. № 12. - 5 б.

  15. Тұрғынбекұлы, С. Серікбайдың сегіз қыры [Мәтін] / С. Тұрғынбекұлы // Қостанай таңы. - 2010. - № 37. - 7 б.

ЖОҒАРЫ


 

Шығарма

  1. Оспанов, С. Айгүл [Мәтін] : өлеңдер, жұмбақтар және ертегілер / С. Оспанов. - Алматы: Жалын, 1981. - 128 б.

  2. Оспанов, С. Аққала [Мәтін] : өлеңдер / С. Оспанов // Балдырған. - 2010. - № 12. - 32 б.

  3. Оспанов, С. Әке мен бала [Мәтін] / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2010. - № 5. - 4-5 б.

  4. Оспанов, С. Балабақта... [Мәтін] : өлеңдер / С. Оспанов // Жаттамақ. - Алматы, 1994. - 102 б.

  5. Оспанов, С. Ең ақылды, ең көркем, таңғажайып баласың / С. Оспанов // Бесік жыры. - Алматы, 1989. - 109-110 б.

  6. Оспанов, С. Жанылтпаштар [Мәтін] : мысал / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2009.- № 1. - 55-56 б.

  7. Оспанов, С. Жұлдыздар [Мәтін] / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2008. - № 3. - 111 б.

  8. Оспанов, С. Жұмбақтар [Мәтін] : мысал / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2009. - № 1. - 56-57 б.

  9. Оспанов, С. Зообақ - хайуанаттар түрмесі [Мәтін] / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2010. - № 3. - 58-60 б.

  10. Оспанов, С. Қанаттыларым [Мәтін] : өлең / С. Оспанов ; құраст. Е. Елубай // Жарты ғасырдың алтын қоры. - Алматы, 2007. - 1 том : Поэзия. - 174-175 б.

  11. Оспанұлы, С. Қоқиқаз [Мәтін] / С. Оспанұлы // Ұлан. - 2005. - 29 наурыз. - 4 б.

  12. Оспанов, С. Қостанай [Мәтін] / С. Оспанов // Айгөлек. - 2005. - № 8. - 5 б.

  13. Оспанов, С. Көкек [Мәтін] : [өлең] / С. Оспанов // Балапан әлемі. - 2012. - № 1. - 26 б.

  14. Оспанов, С. Кілем мен киіз [Мәтін] : мысал / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2008. - № 5. - 9-11 б.

  15. Оспанов, С. Қымыз [Мәтін] : [әңгіме] / С. Оспанов // Жыл-он екі ай. - 2007. - № 1. - 18-19 б.

  16. Оспанов, С. Мамам [Мәтін] : [өлең] / С. Оспанов // Балдырған. - 2014. - № 2. - 17 б.

  17. Оспанов, С. Не жақсы? Не жаман? [Мәтін] / С. Оспанов ; сурет. Ү. Жұбанышева. - Алматы: Балауса, 2003. - 32 б.: сурет. - (Балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған).

  18. Оспанов, С. Өлеңдер [Мәтін] / С. Оспанов, // Балдырған. - 2005. - № 4. - 14-15 б.

  19. Оспанов, С. Тілегіміз - бейбіт күн ; Алматы қаласы [Мәтін]: өлеңдер / С. Оспанов // Жаттамақ. - Алматы, 1994. - 195 б.

  20. Оспанов, С. Тасбақалар шежіресі [Мәтін] : әңгімелер / С. Оспанов // Бастау. - Алматы, 1990. - 663 б.

  21. Оспанов, С. Шашу [Мәтін] : өлеңдер мен жұмбақтар: төменгі кл. оқушылары үшін / С. Оспанов. - Алматы: Балауса, 1992. - 176 б.

  22. Оспанұлы, С. Аққу [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған.- 2014. - № 9. - 42 б.

  23. Оспанұлы, С. Ақ ләйлектер [Мәтін] : өлеңдер / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 43 б.

  1. Оспанұлы, С. Аю мен ала тышқан жайлы аңыз [Мәтін] : аңыз / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2009. - № 8. - 16-17 б.

  2. Оспанұлы, С. Балықшы [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 43 б.

  3. Оспанұлы, С. Бұркіт [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2008. - 7 шілде. - 17-19 б.

  4. Оспанұлы, С. Бірқазан [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған.- 2014. - № 9. - 43 б.

  5. Оспанұлы, С. Қарақу [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 42 б.

  6. Оспанұлы, С. Қасқалдақ [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 42 б.

  7. Оспанұлы, С. Қоқиқаз [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 43 б.

  8. Оспанұлы, С. Көкқұтан [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 43 б.

  9. Оспанұлы, С. Құсбегінің әліппесі [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы ; суреттерін салған Д. Керекбаев // Балдырған. - 2014. - № 7. - 6-8 б.

  10. Оспанұлы, С. Мұрат пен сағат ; Мұрат пен сұрақ ; Еріншек т.б. [Мәтін] : өлеңдер / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2010. - № 6. - 34-35 б.

  11. Оспанұлы, С. Тырна [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 43 б.

  12. Оспанұлы, С. Тырна ; Құстар, қайтып келдіңдер! ; Ақ ляйлектер ; Көкек ; Балықшы ; Кекілік [Мәтін] / С. Оспанұлы ; құраст. Е. Елубай // Жарты ғасырдың алтын қоры;- Алматы, 2007.- 1 том: Поэзия. - 207-209 б.

  13. Оспанұлы, С. Шағалалар [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Оспанұлы // Балдырған. - 2014. - № 9. - 4 б.

  14. Серікбай Оспанов [Мәтін] // Айгөлек. - 2005. - № 8. - 5 б.

Оның мақалалары:

  1. Оспанов, С. Абай өлеңдерінің кара сөздерімен үндестігі [Мәтін] / С. Оспанов // Қазақ әдебиеті. - 2010.- № 39 (8-14 қазан). - 1, 3 б.

  2. Оспанов, С. Ақшақұм [Мәтін] : өлең / С. Оспанов, // Жас өркен-Қостанай. - 2005. - № 2. - 18 б.

  3. Оспанов, С. Ақын Әлмағанбет [Мәтін] : [Әлмағанбет Оспанұлы] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2007. - 10 қазан. - 6 б.

  4. Оспанов, С. Ақын мен әкім; Сөз кезегінде; Бір тақия, бір кілем ; Бой мен ен; жезкиік; Қалтадағы жер ; Пальтоның түсі ; Қадекеңнің пальтосы: әзіл-сықақ [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2008. - 4 қаңтар. - 9 б.

  5. Оспанов, С. Ақыш ақын тартқан азап [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2012. - 15 желтоқсан (№ 139). - 11 б.

  6. Оспанұлы, С. Ақшақұм. Сағыныш [Мәтін] : өлең / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 1 сәуір. - 9 б.

  7. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2004. - 22 желтоқсан. - 7 б.

  8. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2004. - 21 желтоқсан. - 6 б.

  9. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар [Мәтін]: Мұхаметжан Қарабаев / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2004. - 14 желтоқсан. - 5 б.

  10. Оспанов, С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар [Мәтін]: Ахмет Жантөрин / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2004. - 14 желтоқсан. - 5 б.

  11. Оспанов, С. Аристотель, әл-Фараби және Ахмет немесе ұлылар үндестігі туралы ой- толғам [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2007. - 12 қазан. - 4 б.

  12. Оспанов, С. Арнамыс батыры [Мәтін] / С. Оспанов // Егемен Қазақстан. - 2011. - № 342-343. - 5 б.

  13. Оспанов, С. Ән сабағы [Мәтін] / С. Оспанов // Біз октябрятпыз: әңгімелер мен өлеңдер / құрастырған Б. Кірісбаев. - Алматы, 1989. - 117 б.

  14. Оспанов, С. Бақытты үй [Мәтін] : әңгімелер / С. Оспанов. - Алматы: Жалын, 1987. - 176 б.

  15. Оспанов, С. Батыс емес керегі - Байтұрсынов! [Мәтін] : өлең / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2004. - 16 желтоқсан

  16. Оспанов, С. Бейімбеттің Ілиясқа жазған хаттары [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2008.- 21 наурыз. - 7 б.

  17. Оспанов, С. Бір өзі бір театр еді [Мәтін] : [туған жердің тұлғалары] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2011. - № 64. - 6 б.

  18. Оспанов, С. Гүл арасындағы тікен [Мәтін] : [жинақ] / С. Оспанов ; алғы сөз Т. Қожакеев. - Қостанай: Центрум, 2013. - 131,[1] б.

  19. Оспанов, С. ... Деген екен! [Мәтін] : сықақ әңгіме / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2008. - 1 сәуір. - 4 б.

  20. Оспанов, С. Ең жақын кім адамға? [Мәтін] : өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар / С. Оспанов. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2006. - 177,[11] б.

  21. Оспанов, С. "Ескендір" - поэмасы: аңыз бен ақиқат [Мәтін] / С. Оспанов // Жас өркен-Костанай. - 2011. - № 1. - 25 б.

  22. Оспанов, С. Жанашырлықтан туған жан айқайы [Мәтін] : [М. Дулатов - 125 жыл] / С. Оспанов // Жас өркен – Костанай. - 2010. - № 3. - 12-15 б.

  23. Оспанұлы, С. Жан аңсаған жалғыз сөз: өлең / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 6 мамыр. - 5 б.

  24. Оспанов, С. Жаны жаздай жан аға [Мәтін] : өлең / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2008. - 26 қыркүйек. - 6 б.

  25. Оспанов, С. Жүйрігін аттың қаладым [Мәтін] : өлең / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2007. - 10 қаңтар. - 4 б.

  26. Оспанов, С. Қазақ ақындарының публицистикасы [Мәтін] : монография / С. Оспанов. - Астана: Фолиант, 2011. - 469,[3] б.

  27. Оспанов, С. Қазақтың қос алыбы бірін - бірі білген бе? [Мәтін] : Абай мен Ыбырай / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2005. - 21 қаңтар.

  28. Оспанов, С. Қанағатшыл ойдың сезімтал сырлары [Мәтін] / С. Оспанов // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 9 тамыз. - 10 б.

  29. Оспанов, С. Қанатын қыран ұшар еркін керіп [Мәтін] : [өлеңдері] / С. Оспанов // Жұлдыз. - 2012. - № 3. - 76-79 б.

  30. Оспанов, С. Қараторғай [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / С. Оспанов. - Алматы: Жазушы, 2004.- 234 б. - (Қазіргі қазақ поэзиясы).

  31. Оспанов, С. Кел, Жаңа жыл [Мәтін] : өлең / С. Оспанов // Костанай. - 2007. - 27 желтоқсан. - 4 б.

  32. Оспанов, С. Қуғын-сүргін көрген ақын-жыраулар [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы.- 2011. - № 95. - 4 б.

  33. Оспанов, С. Құлдар көтерілісі: хикаяттар, әңгімелер, сықақ әңгімелер, жазушының койын дәптерінен [Мәтін] / С. Оспанов. - Алматы: Жазушы, 2005. - 216 б. - (Қазіргі қазақ прозасы).

  34. Оспанов, С. Күй құдіреті [Мәтін] / Оспанов, С. // Қостанай таңы. - 2008. - 23 сәуір. - 6 б.

  35. Оспанов, С. Өзіңді өзің сыйласаң... [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2006. - 14 сәуір. 7 б.

  36. Оспанов, С. Өмір бойы жоқтап өтті жалғызын [Мәтін]: өлең / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2006. - 15 желтоқсан. - 9 б.

  37. Оспанов, С. Сопының ғұмыры [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / С. Оспанов. - Астана: Елорда, 2002. - 284 б.

  38. Оспанов, С. Сырбай Мәуленов - журналист, публицист [Мәтін] : оқу құралы / С. Оспанов. - Алматы: Ғылым, 2001. - 140 б.: портр. - (Қаз. Респ. білім және ғылым министрлігі).

  39. Оспанов, С. Торғай уездік оқу инспектолары [Мәтін]: [Ыбырайдың шәкірттері] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2011. - № 117. - 8 б.

  40. Оспанов, С. Тұңғыш [Мәтін] : [Ұлы ағартушы, педагог, ғалым-этнограф, жазушы Ы. Алтынсарин туғанына 170 жыл толуына орай] / С. Оспанов // Жас өркен-Костанай. - 2011. - № 6. - 7 б.

  41. Оспанов, С. Ұлы ұстаз ұлағаты [Мәтін] : Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин мектебінің 150 жылдығына арналады / С. Оспанов ; алғы сөз А. Күзембайұлы. - Қостанай: Центрум, 2014.-359,[1] б.

  42. Оспанов, С. Ыбырай мектебінің түлегімін [Мәтін] / С. Оспанов // Қостанай таңы. - 2014. - 8 сәуір. - 8 б.

  43. Оспанов, С. Ыбырай хаттарындағы адам аттары [Мәтін] / С. Оспанов // Ақиқат. - 2008. - № 6. - 40-44 б.

  44. Оспанұлы. С. Аманжол Күзембайұлы жиі қайталайды [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2009.- 2 маусым. - 5 б.

  45. Оспанұлы, С. Арқалы ақынның айшықты жырлары [Мәтін] : [Н. Бектемісовтың шығармашылығы] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2007. - 9 қазан. - 6 б.

  46. Оспанұлы, С. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов [Мәтін] : тағылым / С. Оспанұлы // Жас өркен-Костанай. - 2011. - № 4. - 30-32 б.

  47. Оспанұлы, С. Ахмет өскен ақындық орта [Мәтін] / С. Оспанұлы ; алғы сөз С. Мақпырұлы.- Қостанай: Шапақ, 2004. - 204 б.

  48. Оспанұлы, С. Бауыржан Момышұлы - ақын-публицист [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы.- 2005.- 21 қазан.- 9 б

  49. Оспанұлы, С. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс [Мәтін] : Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың азаматтық және ақындық ерлігі / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 15 желтоқсан. - 9 б.

  50. Оспанұлы, С. Бір басымда төрт мезгілдің мінезі бар [Мәтін] : өлеңдер / С. Оспанұлы // Үркер. - 2013. - № 4. - 41-45 б.

  51. Оспанұлы, С. Біртуар Бірімжанов [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 29 шілде. - 5 б.

  52. Оспанұлы, С. Ғафекеңнің әңгімелері [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2007. - 2 қараша. - 7 б.

  53. Оспанұлы, С. Достық жыршысы [Мәтін] : [Шәміл Мұхаметжановтың туғанына - 80 жыл] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2011. - № 53. - 5 б.

  54. Оспанұлы, С. Жайсаңдар айтқан жарқын сөз (...деген екен!) [Мәтін] / С. Оспанұлы. - Қостанай: Шапақ, 2012. - 140 б.

  55. Оспанұлы, С. Жүргізіп ібіліс әмірін [Мәтін] / С. Оспанұлы // Жұлдыз. - 2010. - № 6. - 191-193 б.

  56. Оспанұлы, С. Қайнекей Жармағамбетов - ақын, публицист [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қазақ тілі мен әдебиет. - 2005. - № 10. - 45-52 б.

  57. Оспанұлы, С. Қайнекейдің қырлары [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 8 шілде. - 5 б.

  58. Оспанұлы, С. Қайнекейдің қырлары [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 6 шілде. - 5 б.

  59. Оспанұлы, С. "...Қайыңға сыр шертіп ем..." [Мәтін] : жыр жолдары / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2012. - № 86. - 6 б.

  60. Оспанұлы, С. Қазақ ақын - публицистері жер мәселесі жайында [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2007. - 13 сәуір. - 5 б.

  61. Оспанұлы, С. Қазақтың қара өлеңінің ақжал арыстаны [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2006.- 1 наурыз. - 4-5 б.

  62. Оспанұлы, С. Қазан төңкерілісіне дейін Торғай облысынан оқыған қазақ қыздары [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2008. - 14 қазан. - 4 б.

  63. Оспанұлы, С. Қалаулы ұлы халқының [Мәтін] : [1906 жылы 1-ші Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжан] / С. Оспанұлы // Жас өркен - Қостанай. - 2005. - № 1. - 20-22 б.

  64. Оспанұлы, С. Қалимаш әжейдің хаттары [Мәтін] : этнографиялық әңгіме / С. Оспанұлы // Жас өркен - Қостанай.- 2005. - № 4. - 30-31 б.

  65. Оспанұлы, С. Қол өнері-зор өнер [Мәтін] : [Серікбай Оспанұлының қол өнері] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2007. - 30 қараша. - 6 б.

  66. Оспанұлы, С. Мәдени мұра және қазақ ақындары [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2011. - № 1 (6 қантар). - 12 б.

  67. Оспанұлы, С. С. Мәуленов "Қазақ әдебиеті" гезетінен неге қуылды? [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2007. - 7 қараша. - 7 б.

  68. Оспанұлы, С. "Мыржақып" туған жеріне барып келді [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2011. - № 111. - 8 б.

  69. Оспанұлы, С. Міржақып - ақын - публицист [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 9 желтоқсан. - 5 б.

  70. Оспанұлы, С. Міржақып пен Мағжан [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2006.- 17 ақпан. - 5 б.

  71. Оспанұлы, С. Сейдахмет ақын кім еді? [Мәтін] : [Сейдахмет Бейсенұлы] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2006. - 20 маусым. - 4 б.

  72. Оспанұлы, С. Сөзі мірдің оғындай [Мәтін] : сатира сарбазы Ғұмар Ахметчин - 70 жаста / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2011. - № 103. - 4 б.

  73. Оспанұлы, С. Сын-сықақтың сейфі [Мәтін] : Сейіт Кенжеахметов 70 жаста / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2009. - 16 қаңтар. - 6 б.

  74. Оспанұлы, С. Сырбай Мәуленовке жазылған хаттар [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2008. - 18 наурыз. - 6 б.

  75. Оспанұлы, С. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хаттар [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2009. - 28 шілде. - 5 б.

  76. Оспанұлы, С. Ұлтының қамын ойлаған [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 21 қыркүйек. - 4 б.

  77. Оспанұлы, С. Шен қумаған Шеген би [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2009.- 28 тамыз. - 19 б.

  78. Оспанұлы, С. Ы. Алтынсарин және "Оренбургский листок" газеті [Мәтін] : білгенге-маржан / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2010. - № 103. - 4 б.

  79. Оспанұлы, С. Ыбырай Алтынсариннің қайын атасы кім? [Мәтін] / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2009. - 23 желтоқсан. - 4 б.

  80. Оспанұлы, С. Ыбырайдың нағашылары [Мәтін] : Ы. Алтынсарин / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2004. - 12 қараша. - 2 б.

  81. Оспанұлы С. Іні сағынышы [Мәтін] : өлең / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005.- 21 қазан. - 8 б.

  82. Оспанұлы, С. Мәдени мұра және қазақ ақындары / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2011.- № 1. - 12 б.

  83. Оспанұлы, С. Тіршілік: [поэзия] / С. Оспанұлы // Таң-Шолпан. - 2013. - № 5. - 54-63 б.

  84. Оспанұлы, С. Төбемызден тұрды төніп ай қарап [Мәтін] : [поэзия] / С. Оспанұлы // Жалын. - 2012. - № 4-10. - 206-208 б.

  85. Оспанұлы, С. Іні сағынышы [Мәтін] : өлең / С. Оспанұлы // Қостанай таңы. - 2005. - 21 қазан. - 8 б.

 

ЖОҒАРЫ


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру