Кәсіби мерзімдік басылым

Құрметті әріптестер! Осы бетте біз Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық бөлімдерінің қорындағы кәсіби оқуға арналған кәсіби басылымдар тізімімен танысуды ұсынамыз. Бұл жерден олардың қысқаша сипаттамасы мен соған сай басылымдар сайтының сілтемесін таба аласыздар.

 

 

КІТАПХАНА ӘЛЕМІ. МИР БИБЛИОТЕКИ

Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумы құрылтайшы болып табылатын кәсіби журнал 2003 жылдан бастап жылына 4 рет шығады. Бұл басылымнан халықаралық кітапханалық форумдар материалдарын, кәсіби қоғамдастықтағы жаңалықтардан хабардар болып отыруға мүмкіндік беретін алыс және жақын шетелдердегі беделді авторлардың мақалаларын оқи аласыздар. Журналда жүйелі түрде қордың жабдықталуы мен сақталуына, кітапханалық кадрларды даярлауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге қатысты мәселелер мен жалпы үздіксіз дамып келе жатқан ақпараттық қоғамдағы кітапхана жұмысы жарық көріп тұрады.

Редакция мекен-жайы: 050026, Алматы қ., С. Мұқанов к., 223б. e-mail: rntbb@nursat.kz

 

pp-2.jpg

 

КІТАП ПАТШАЛЫҒЫ

http://nabrk.kz/?q=node/318 ҚР Ұлттық ғылыми кітапханасы құрылтайшы болып табылатын ғылыми-танымдық, әдістемелік журнал. 2009 жылдан бастап жылына 6 нөмірден шығады. Заманауи кітапханалық практиканың өткір мәселелерді жарыққа шығаруға және талқылауға бағытталған. Басылым үш бөліктен тұрады. Егер бірінші бөлікте мәдениет саласындағы өзекті оқиғалар жазылса, екінші бөлікте Қазақстан және алыс, жақын шетел кітапханаларының қызықты тәжірибелері жарияланады. Бұнда мамандардың өзекті және зерттеу мақалалары, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға арналған түрлі ақпараттар бар. Үшінші бөлік- ғылыми – танымдық бөлік. Қазақ әдебиеті, кітаптар тарихы туралы мәліметтер, қызықты деректер, мәдениет қайраткерлерімен сұхбаттар оқырмандар қызығушылығын оятады. Сонымен қатар бұл бөлікте оқырмандар жас жазушылар мен ақындар шығармашылығымен танысуға болады..

Редакция мекен-жайы: 010000, Қазақстан, Астана қ.,. Достық к., 11 e-mail: kp_2009@mail.ru

 

pp-3.jpg

 

БИБЛИОТЕКА

http://www.liber.ru/index.php?area=shop&act=view&id=201 1910 жылы жарық көрген бұқаралық көсіби журнал. Алғашқы атауы- 20-жылдары - «Красный библиотекарь». 1992 жылдан бастап «Библиотека». Айына бір рет шығады. Ресейдің ірі кітапханаларының кітапханатанушы ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері, оқуды насихаттау тәжірибелерімен, жүзеге асырылған жобаларымен, жаңа идеяларымен бөліскісі келген қатардағы кітапханашылар журналдағы мақалалардың авторлары болып табылады. Журналдағы айдарлар атауынан олардың мазмұнын білуге болады: «Сохраняя традиции, искать новое», «Стратегия развития», «Информационные технологии», «Программа чтения», «Краеведение», «Беседы о профессии», т.б.

Редакция мекен-жайы: 121019, Москва қ., Моховая к., 16 e-mail: biblio@gpntb.ru

 

pp-4.jpg

 

БИБЛИОТЕКОВЕДЕНИЕ

http://www.rsl.ru/ru/s3/s17/s33/d93/ 1952 жылы «Библиотеки СССР. Опыт работы» жинағы ретінде негізі қаланған ғылыми-практикалық журнал. 1967 ж. «Библиотеки СССР» атауымен шығып, кейіннен «Советское библиотековедение» мерзімдік басылымы болып шықты. Бізге таныс түрде 1993 жылы жарық көрді. Журнал құрылтайшысы және баспагері Ресей мемлекеттік кітапханасы. Шығу мерзімі– жылына 6 рет. Шын мәнінде бұл басылым -редакциялық кеңесіне есімі әлемге танымал ғалымдар, мәдениет, ғылым, білім саласындағы алдыңғы қатарлы мамандар енетін ғылыми басылым. Журнал кітапхана ісінің мамандарына, мәдениет және өнер оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары мен студенттеріне, оқырмандарға, библиофилдерге арналған. Бұл басылымда сала теориясы, әдістемесі, технологиясы сұрақтары қозғалып, ғылыми диссертация нәтижелері, кітапхана ісі саласындағы Ресей мемлекеттік саясатының сұрақтарына қатысты ресми құжаттар жарық көреді. Журнал көбінесе кәсіби сұрақтар мен мәселелерді талқылауға арналған пікірталас алаңы болып табылады.

Редакция мекен-жайы: 119019, Москва қ., Воздвиженка к., 3/5 e-mail: bvpress@rsl.ru

 

pp-5.jpg

 

БИБЛИОТЕЧНОЕ ДЕЛО

http://www.bibliograf.ru/ 2003 жылы негізі қаланған арнайы ғылыми-практикалық журнал. Айына 2 рет шығады. "Информ-планета" агенттігі мен Ресей ұлттық кітапханасы басып шығарады. Бұл заманауи кітапхана теориясы мен практикасын зерттеуге арналған кәсіби басылым. Оның авторлары- Ресей және шетел ғалымдары, кітапхана мамандары оқуға, ақпараттық сараптама, қор классификациясы мен каталогтау, серіктестік, этика мен психология, қызмет көрсетудегі түсініспеушілікке қатысты сұрақтарды қарастырады. Арнайы тарау мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысқа, библиотерапияға арналған. Әр нөмір арнайы тақырыпқа бағытталып, оны бас редактор бағаны ашады, сондықтан да журнал айдарлармен бөлінбеген. 2009 жылдан бастап журналдың арнайы шығарылымдары шығып тұрады: «Библиотечные технологии: наука о мастерстве».

Редакция мекен-жайы: 119119, Петербург қ., а/я 133 e-mail: info@bibliograf.ru

 

pp-6.jpg

 

СОВРЕМЕННАЯ БИБЛИОТЕКА

http://sb.litera-ml.ru/ Кітапхана, оқу, кітап туралы ғылыми-практикалық журнал. 2009 жылдан бастап жарты жылда 5 рет шығады. Журналдың негізгі айдарлары кітапхананың өзекті мәселелерін ашып, оқуды насихаттау және дамытудағы қызықты жобалар, әлеуметтік серіктестіктің түрлері, заманауи ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу, шетелдік тәжірибелер туралы жазады,. Дәстүрден тыс кәсіби қарым-қатынастарда, форумдар және Ғаламтор желілеріндегі блогтарда кең талқыланған идеялар туралы мақлалар ерекше қызығушылық оятады.

Редакция мекен-жайы: 125310, Москва, Митинская к., 57-297 e-mail: info@litera-ml.ru

 

pp-7.jpg

 

ШКОЛЬНАЯ БИБЛИОТЕКА

http://rusla.ru/rsba/association/izdanija/journali/print.php Журналдың негізін 2000 жылы Ресей мектеп кітапханалары ассоциациясы қалады. Шығу мерзімі – жарты жылда 5 рет (маусым мен шілде айынан басқа айларда). Бұл кәсіби ақпараттық-әдістемелік журнал өз атауына қарамастан балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін кітапханалық қызметті ұйымдастыратын мамандарға арналған. Оның негізгі айдарлары: «Адрес опыта», «Культура чтения», «Повышаем свою квалификацию», «В объективе – регион», «Конференции, совещания, материалы», «Библиограф рекомендует», «Сценарии» т.б..

Редакция мекен-жайы: 109012, Москва қ., М. Черкасский пер., д.1/3, к. 437 e-mail: sbiblioteka@yandex.ru

 

pp-8.jpg

 

БИБЛИОТЕКА В ШКОЛЕ

http://lib.1september.ru/ Журналдың негізін «Первое сентября» баспа үйі 2006 жылы қалады. Айына екі рет шығады. Алғашында газет түрінде шығатын. Балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істейтін кітапханаларға арналған әдістемелік журнал өзінің ерекше стилімен, оқырмандар аудиториясымен екі жақты қарым - қатынас жасауымен ерекшеленеді. Жыл сайын журнал мұқабаларын оқырмандар қызығушылығын тудыратын нақты тақырыпқа безендірілген коллекциялар біріктіреді («Необыкновенные библиотечные здания мира», «Памятники литературным героям» т.б.). Журналдың тағы бір ерекшелігі - арнайы айдарлар: «Методический день» - әдіскерлер үшін, «Остров сокровищ» - балалар заманауи әдебиеті туралы, «Эколот» - экологиялық тәрбие. Журналда жүйелі түрде әдебиет саласының мамандары мен қарапайым оқырмандардың да кітап рецензиялары басылып шығады. Сонымен қатар бұл жерден дүние жүзі кітапханаларының көптеген пайдалы идеялары мен жұмыстары, қызықты жобалары мен жаңалықтарын табуға болады. Әр нөмірмен бірге баспаға енбеген материалдар жазылған компакт-диск қоса беріледі.

Редакция мекен-жайы: 121165, Москва қ., Киевская к., 24 үй e-mail: lib@1september.ru

 

 Ақпараттық- библиографиялық бөлім сіздердің назарларыңызға мына басылымдарды ұсынады:

 

pp-9.jpg

 

БИБЛИОГРАФИЯ

http://www.bookchamber.ru/content/bibliomag/bibliomag.html Журнал 1929 жылдан бастап жылына 6 рет шығады. Бұл – библиография теориясы мен практикасын негізге алған ғылыми басылым. Бұнда библиографияның өзекті мәселелері қарастырылып, түрлі пікірлер, мамандар кеңесі ұсынылады. Әр нөмірде қызықты тарихи- библиографиялық материал мен Ресей мен басқа да елдердегі әріптестеріміздің жұмыс тәжірибелеріндегі жаңалықтар бар.

Редакция мекен-жайы: 109019, Москва қ., Кремлевская наб., д.1/9, стр. 8, к. 437 e-mail: bibliogr@bookchamber.ru

 

pp-10.jpg

 

МИР БИБЛИОГРАФИИ

http://www.liber.ru/index.php?area=shop&act=view&id=205
Журнал 1998 жылдан бастап жылына 6 рет шығады. Мазмұны бойынша ғылыми-практикалық және мәдени-ағартушылық журнал кітапхана мамандарына, баспаларға, кітап сататын компанияларға, кітапқұмарларға арналады. Оның беттерінде жаңа ақпараттық технологиялар кезеңіндегі саланың даму сұрақтары, мамандарды даярлау мәселелері, тұтынушылар сұранысын орындау бойынша әдістемелік кеңестер жарық көрді. Журналдың әр нөмірінде оқырмандарды библиография тарихына сахат, кәсіби басылымдар рецензиялары, жаңа кітаптарға шолулар, түрлі тақырып бойынша әдебиеттердің нұсқау тізімдері т.б. күтеді.

Редакция мекен-жайы: 117630, Москва қ., Обручев к.., д. 27, корп. 8 e-mail: liber@liber.ru ( «Мир библиографии» журналына арналған)

 

Әдебиетпен жабдықтау және өңдеу бөлімі сіздердің назарларыңызға «Книжное обозрение» газетін ұсынады.

 

pp-11.jpg

 

КНИЖНОЕ ОБОЗРЕНИЕ

http://www.knigoboz.ru/ Газет 1966 жылдан бастап аптасына бір рет шығады (дүйсенбі сайын). Бұл басылым кітап сүйер қауымға арналған. Егер сіз әлемдік кітап нарығындағы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, онда мұндай көмекші міндетті түрде қажет болады. Газеттің екі нұсқасы бар: кітаптарға арналған рецензиялары бар рецензиялық және айына екі рет жаңа шыққан кітаптар тізімін жариялайтын кәсіби.


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру

Тарихи тұлғалар

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана

Кім болсам?