
Үш бәйтерек – үш ғұмыр
2019 жылдың 23 қыркүйегінен қуғын сүргін құрбандары С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты тақырыптық бұрыш оқырмандар назарына ұсынылды. Бұл тақырыптық бұрыш қуғын-сүргін саясатында құрбан болған біздің асыл азамматтарымызды еске алу мақсатында ұйымдастырылған кітап көрмесіне олардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтатын және халқымыздың бір туар перзенттері қазақ әдебиетінің алыптары С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтың кітаптары қойылды.
Үш бәйтерек бір жыл туып ,бір жыл өткен,
Зарлатып әйел - бала бірге кеткен.
Оларға халық жауы атақ тауып,
Түбіне үшеуінің бір күн жеткен,
-қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректің өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары мәңгі есте калмақ. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, қазақтың үш бәйтерегі аталған Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің өмір жолдары мен шығармашылықтары терең түсіндіріліп, елін сүйген қайраткерлердің еңбектері оқушыларға таныстырылды. Барлығы 24 кітап қойылды.
«Оқу зиян емес»
Жыл басынан бері көркем әдебиет бөлімінде «Оқу зиян емес» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеге оқырмандар мен кітапханашылардың ұсыныстары жазылған, жасөспірімдер кітаптары қойылған. Телегей теңіз жаңа кітап ағымынан жасөспірімге кітап таңдауға көмектесу үшінкөрмеден «WWW ұрпағы» атты бөлім орын алды, ол — қазіргі жасөспірімдер туралы, олардың мектептегі өмірі, құрдастарымен, ата-аналарымен қарым-қатынастары туралы. «Әдеби құжаттама» бөлімі кітап кейіпкерлерінің қызығушылықтарын, бейнесін ашады. Бұл сөре — кітапханашыларымыз мен кітапхана суретшісінің шығармашылық еңбегінің нәтижесі.Әр ниеттенуші өз күшін сынап, «кейіпкер құжаттамасын»көрмеге енгізе алады.«Book story» бөлімінен жасөспірімдер өмірінен алынған қызықты, күлкілі, мистикалық және тылсым оқиғаларды табуға болады. Асығыңыздар, қызықты кітаптар сіздерді күтуде!
«Тәуелсіздік шежіресі»
Мектеп жасына дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқу залында мемлекетіміздің қалытасуындағы атаулы даталарды көрсететін, «Тәуелсіздік шежіресі» атты хронограф-көрме оқырмандар назарына ұсынылды. Тарихқа шомуға мүмкіндік беретін, Тәуелсіздіктің қалай келгенін білуге болатын кітаптар көрмеге қойылды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы адамдар жадында мәңгілікке қалмақ. Сол кезден еліміздің тарихында жаңа дәуір басталды. 1991 жылы Қазақстан егеменді ел болып, дамудың жаңа жолына түсті. Президент Н.Назарбаев жазған «Еуразия жүрегінде» атты кітабында астананың барлық пайда болу және қалыптасу кезеңдері сипатталған. Жер бетіндегі әр адам өз халқы, өз елі, өз жері мен тарихы үшін мақтаныш сезімінде болады. Сондықтан болашақты құру үшін біз өткенді есте сақтап, қазіргіні білуіміз керек.
«Әдеби Қазақстан»
7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдер абонементінің көркем әдебиет бөліміндеоқырмандар назарына«Әдеби Қазақстан» атты кітап көрмесі ұсынылды.
2018 жылы біз астананың 20 жылдық туған күнін атап өтеміз.Қазақстанның жас және қалыптасқанақын-жазушыларының кітаптары «Астана forever» бөлімінде ұсынылған.
Мерейгер жазушыларға келесі бөлім арналған, бұл кітаптарды түрлі буыноқырмандары оқи алады.
Келесі бөлім «Бір ел, бір кітап» акциясының қатысушысы болып табылатын кітаптармен және авторлармен таныстырады.