Қостанай облысы балалар кітапханаларының мамандарының облыстық семинары 2014 жыл

Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Шектеусіз кітапхана» семинарының жұмысына қатысуға шақырады. Семинар 2014 жылдың 6 қарашасында өтеді (мерзімі өзгеруі мүмкін). Семинар тақырыбы – кітапханалық қызмет көрсету әдістері арқылы физикалық денсаулығы шектеулі балаларды қоғамдық мәдени бейімдеу.

Семинарда мынадай сұрақтар талқыланады: 

- кітапхананың мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеудегі ролі;

- кітапханадағы ықшамдылығы төмен топтарға арналған қол етімді орта ұйымдастыру

- мүгедек балаларға кітапханалық қызмет көрсетудегі негізгі бағыттар. 

Семинар жұмысына кітапхана мамандары мен әлеуметтік сала қызметкерлері шақырылады. Жол ақысы, баспана мен іссапар шығындарын семинарға жіберген тарап төлейді.

Егер сізде семинар тақырыбы бойынша жинақтаған тәжірибеңіз болса, ал өзіңіз конференцияға қатыса алмасаңыз, онда сіз on-linе тәртібінде баяндамаңызды оқи аласыз. 

Конференцияға қатысу үшінсұраныстарыңызды 2014 жылдың 27 қазанға дейін albiblio@yandeх.ru электронды поштасы бойынша жібере аласыздар. 


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру