Ы. Алтынсарин мұрасы - мәңгілік қазына

Дс, 22/02/2021 - 17:40 — Ольга А

Биылғы мерейтойлық күндер қатарында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы ерекше орын алады. Біздің еліміздің, халқымыздың  жетістіктерінде ұлы ұстаздың мәңгілік ізі бар. Ыбырай Алтынсарин тұлғасының педагог, этнограф, ақын, аудармашы сияқты сан қырлылығы –  оның мұрасынан жаңа білім алуға, жаңа идеялар табуға, өз елінің және халқының тарихын, мәдениетін зерделеуге мүмкіндік береді. Оның есімі әрқашан ағартушылықтың, білімнің және өз халқына қызмет етудің символы болып қала береді.

Ақпан мен қазан аралығында педагог-ағартушының 180 жылдығына арналған Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының II-ші байқауы өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Қостанай облысының мәдениет басқармасы, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушыларын байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқаудың басталуы - 25 ақпан! Қорытындысы - 6 қазан.

Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар байқау-конференциясы Ы.Алтынсариннің идеялары, оның бүкіл өмірінің ісі өшпейтінін дәлелдейді!

Байқауды ұйымдастыру шарттары туралы толығырақ мына сайттардан оқи аласыз

Ереже

http://www.orley-kost.kz


Тілдер

Жолдау 2020

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Бұйрық

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 7 guests қонақ.

Жүйеге кіру