Сөз құдіреті - 2020

Бекітемін
«Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы» ММ
басшысы
__________    Е. Қалмақов
«___» __________ 2020 ж.
VІІ «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауының ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. VІІ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы (одан әрі —Байқау) Қостанай облысы аумағында 2020 жылдың 30 қаңтары мен 2020 жылдың 22 сәуірі аралығында 12-13 жастағы балалар арасында өтеді.
 
1.2. Байқау – қазақстандық және шетелдік (Қазақстаннан шыққан) жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқуға арналған іс-шара. Байқау аясында қатысушыларға өз таңдаулары бойынша Ұлы Отан соғысы туралықазақ немесе орыс тілдеріндегі прозалық шығармадан үзінді мәнерлеп оқу ұсынылады.
 
1.3. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығын мерекелеуге және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған. Байқау тақырыбы: «Соғыстың салған іздері жазушы шығармаларында: Қазақстан авторлары Ұлы Отан соғысы туралы»
Байқауға таңдалатын туынды Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық жазушылардың, сонымен қатар Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың көркем әдебиетімен (проза) (жасөспірімдер үшін жазылған туындылар немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шектеледі.
 
1.4. Байқау мақсаты мен міндеттері:
Ø қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағының патриоттық қасиеттерін және құндылықты бағдарын қалыптастыру, елдің тарихи өткеніне құрметпен қарауға және отандастардың ерлігі үшін мақтанышқа тәрбиелеу;
 
Ø балалар арасында кітап оқуды дәріптеу, оқырмандық ой-өрісін кеңейту, кітап оқитын балалардың мәртебесін арттыру;
 
Ø балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын қазақстандық авторлардың шығармашылықтарын дәріптеу;
 
Ø балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақстандық классикалық және қазіргі заманғы отандық прозаның шығармаларын насихаттау;
 
Ø сана мәдениетін ашу;
 
Ø көркем сөз жанрын мәнерлеп оқитын талантты орындаушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру;
 
Ø облыс кітапханаларына қоғамдық қызығушылықты арттыру.
 
 
2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу мерзімі
 
2.1. Байқауды ұйымдастырушылар - Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы, Ы.Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.
 
2.2. Байқаудың ұйымдасытырлуы мен өткізілуіне Ұйымдастырушы комитет жауапты (одан әрі - Ұйымдастырушы комитет) және жүзеге асырады:
- байқауды және ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- байқауды ақпараттық қолдауды («Байқау туралы ереже» Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да ресми сайтында жариялануын) жүзеге асырады;
- байқаудың барысы мен қорытындысының БАҚ-да жариялануымен айналысады;
- байқаудың облыстық кезеңіне (финалға) аудандық, қалалық балалар кітапханалары тапсыратын материалдарды қабылдайды;
- марапаттау салтанатын дайындайды және өткізеді.
 
2.3.Байқаудың жұмыс бағасы мен орындаушыларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы жазушылардан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлерінен, Қостанай облысының қоғам қайраткерлерінен құралады.
 
2.4. Байқау екі кезеңнен тұрады:
- аудандық, қалалық кезең – өткізілу мерзімі 2020 жылдың 30 қаңтарынан 2020 жылдың 31 наурызына дейін.
- облыстық кезең (финал) - өткізілу орны — Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, мерзімі – 2020ж. 22.04.
2.5.Аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпазы болып, ең көп ұпай жинаған 1 қатысушы саналады. Қостанай қ. үшін қалалық кезеңнің жеңімпаздарының саны – 3 қатысушы. Аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары байқаудың облыстық турына (финалға) өтеді.
 
2.6. Іріктеу айналымының нәтижелері, екінші кезеңге қатысуға сұраныстар Ұйымдастырушы комитетінің omir@allib.org электронды поштасына 2020 жылдың 31 наурызына дейін жіберіледі. Іріктеу айналымының нәтижелері туралы есеп пен екінші кезеңге қатысудың сұраныстар формасы 1,2-қосымшада.
 
2.7. Аудандық кезеңнің жеңімпаздарына Байқау финалында оқылатын үзінді алынған шығарма туралы шығармашылық жұмыс (эссе, шолу) жазу ұсынылады. Шығармашылық жұмыстың көлемі 2 беттен аспауы тиіс.
 
2.8. Шығармашылық жұмыстар 2020 жылдың 01 сәуірінен кешіктірілмей omir@allib.org электронды поштасына жіберілуі тиіс.
 
3. Байқаудың өткізілу шарты
 
3.1.Орындаушылар байқау тақырыбына сәйкес келетін, қазақстандық және шетелдік авторлардың Қазақстаннан шыққан авторлардың прозалық шығармаларының аяқталған үзіндісін ұсынады.
 
3.2. Бір оқылымның регламенті 5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу (презентация, бейне ролик қолданбау керек), декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауыс жазбасын қолдануға құқы жоқ. Байқаудың әр қатысушысы шығарманы басқалардың көмегінсіз өзі орындайды.
 
3.3. Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады, бірінші кезеңде оқушыны байқауға қабылдамауға немесе байқауға күшпен қатыстыруға тыйым салынады.
 
4. Қатысушы өнерін бағалау
 
4.1. Байқауға қатысушылар өнерін бағалаудың негізгі белгілері:
 
Ø әдеби материалды білуі;
Ø баяндалған автордың жеке көзқарасының көрінісі.
Ø  шығарманың бірізділігі мен ойға қонымдылығы;
 
4.2. Қатысушылардың шығармашылық жұмысы (эссе, пікір) 5 балдық жүйемен бағаланады.
 
4.3. Байқауға қатысушыларды бағалаудың негізгі өлшемдері:
таңдалған шығарманың орындаушының жас ерекшелігіне және байқаудың ережелеріне сәйкестігі
 
Ø патриоттық тақырыптың көрініс табуы;
Ø сөйлеу мәнерінің айқындығы және нақтылығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік көркемдігі);
Ø мәтіннің бейнелік желісі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі;
Ø  актерлік шеберлігі;
Ø шығарма тақырыбына музыкалық сүйемелдеудің, костюмнің үндесуі.
Ø орындау кезінде аудитория назарын ұстай білуі.
 
4.4. Қатысушылардың өнері 10 балдық жүйемен бағаланады.
 
4.5.Шығармашылық жұмыстың (эссе) бағасы жалпы орындаудағы ұпайға қосылады. Егер шығармашылық жұмысы өз бетімен орындалмаса, ұпай шегеріледі.
5. Қатысушыларды марапаттау
5.1.Екінші кезеңнің әр қатысушысы байқауға қатысқаны туралы куәлік алып, сыйлықтармен марапатталады;
 
5.2. Әділ қазылар шешімімен әр номинация бойынша бір қатысушы арнайы сыйлықтармен марапатталады:
Ø «Мұра» (қазақ тілінде шығарманы үздік оқығаны үшін)
Ø «Шебер сомдаушы»
Ø «Айрықша таңдау» (шығарманы таңдау шеберлігі)
Ø «Үздік бейне» (бейнені сомдауда шығармашылық танытқаны үшін);
Ø «Шығармашылық эссе» (логикалық ойлау және оқылған туралы өз пікірін айта білу);
Ø «Кітапхана таңдауы».
5.3. Облыстық «Сөз құдіреті» байқауының жеңімпазы болып, ең жоғары балл жинаған 3 қатысушы атанады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
 
6. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстарын қаржыландыру
6.1. Байқаудың бірінші кезеңін ұйымдастыруға (аудандық, қалалық айналымдарда), сыйлық қорына қажетті қаржыландыруды аудандық, қалалық мәдениет пен тіл дамыту бөлімдері жүзеге асырады.
6.2. Байқаудың қорытынды кезеңін ұйымдастыруға, сыйлық қорына қажетті қаржыландыруды Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы жүзеге асырады.
 
 
1-қосымша
«Сөз құдіреті» байқауы бойынша іріктеу айналымының нәтижесі туралы есеп 
(кітапхана атауы)
 
Өткізу мерзімі:
Байқауға қатысушылар тізімі
Қатысушының аты-жөні
Шығарма авторы, атауы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Байқаудың 1-кезеңінің қысқаша сараптамасы (тиімділігі, балалардың , педагогтердің, әділ қазылардың пікірлері). Аудандық/қалалық байқау кезеңінің көрермендер саны.
 
 
 2 қосымша
 
Жетінші облыстық «Сөз құдіреті» байқауының екінші кезеңіне (финалға) қатысуға сұраныс
 
 
 
Тегі
 
Аты
 
Әкесінің аты
 
Мектеп, сынып
 
Орындалатын шығарманың авторы, атауы:
 
Орындалатын тілі
 
Музыкалық сүйемелдеу (иә/жоқ):
 
Шығармашылық жұмыс (эссе, шолу)
 

Ереже


Тілдер

Жолдау 2020

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Бұйрық

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 2 guests қонақ.

Жүйеге кіру