Өмір ағымы

Ы. Алтынсари атындағы мектеп-интернатының тарихынан.
Мектеп-қазақ халықының болашақ білімінің ең басты түйіні.
Ы. Алтынсарин
 
Ғажайып адамның үлкен күшімен, өз жерінің патриоты-Ы. Алтынсаринмен-далада туған, Қазақстандағы ең ескі мектептерінің бірі Қостанай қаласының орталығында орналасқан.
Өзінің кезіңде республика және облысында мектеп халық білімінің дамуында маңызды рөл ойнаған.
Ал басталуы былай болды...
 
Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін қазақ далаларымен басқаруға тәжірибелі қазақ шенеуніктері қажет болды. Сондықтан қазақ байларының балаларына мектептер ашылуға бастады. Ең бірінші орыс-қазақ мектептерінің жобасы, белгілі педагог-шығыстану ғылымы В.В. Григорьевпен ұсынылды және 1861 жылы бірінші мектеп Троицкеде ашылды. Сонымен Қазақстанда орыс-қазақ бастаушы мектептерінің құрылуына бірінші адым істелінді. Барлық ашылғаны 4 мектеп ғана болды, бірақ та Григорьевтың жобасы көпке жетпеді. Әкімшіліктен материалдық жәрдем көрмеген соң және мұғалімдік персоналы болмағандықтан мектептер жабылуға бастады. Осындай жағдай Троицкийдың орыс-қазақ мектебінде күтіп тұрды. Мектептің алдағы тағдыры Ы. Алтынсаринмен шешілді. Торғай облысындағы халық мектептерінің инспекторы болып жүріп, Ы. Алтынсарин ең бірінші қазақ балалары үшін жаңа жүйе білімін әзірлейді және Троицк мектебін Қостанай қаласына көшіру мәселесін шешеді. 1879 жылы Қостанай қаласындағы облыстық орталық білімі туралы сұрақ тұрғанда, сол уақытта тастан мектеп ғимаратын құрылу туралы сұрағы да шешіледі.
 
Мектептің құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицкий орыс-қазақ мектебі Қостанай қаласына көшірілді және «Қостанайлық екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп аталды.
 
Сонымен Ы. Алтынсарин осы мектепті қайтадан құрып, оған барлық білімін және күшін салды. 1896 жылы «Торғай газетінде» былай деп жазылған: «Троицко-Қостанай мектебінің жаңа, жылы, кең және жарық үйіне көшуімен бірге, онда және де жаңа оқу-тәрбиешілік ісі де аңғарылады, соңғысы Қостанайға келген мектеп инспекторының басқаруымен және үнемі қадағалаушылығымен түсіндіріледі».
Училище туралы кең далада тез жарияланды.
 
Бірінші жылы мұнда 35 бала оқыды, бір жылдан соң 55, 1885 жылы мектеп оқушылар құрамына қазақ ұлдарынан басқа Қостанайға көшіп келген орыстардың балалары да кірді. Мемлекеттік қазнасынан училищенің сақталуына жыл сайын 3581 сом 40 тиын жіберілді және жалпы суммнан 850 сом. Мектеп ғимараты қызыл кірпіштен құрылды. Үш сыныптық бөлмеден, екі ұйықтау бөлмесінен, асханадан, ауруханалық бөлмеден, шеберханадан тұрды. Мектепте мұғалімдерге арналаған екі пәтер, мойша, бақ болды. Бақты өсіруінде өзі Ы. Алтынсарин қатысқан. Көпке дейін Қостанайдағы өсіп турған бақ ең жақсы бақ болып саналды.
Бірінші рет Ы. Алтынсарин мектеп ішінде кітапхана, аурухана ашты, және де оқу әдебиетің өзі ұсынды. Онымен әзірленген оқу жоспарлары және бағдарламалары бастауын мектептерінің оқу жоспарларынан қарағанда терең болды. Мектепте жұмыс істеу үшін Ы. Алтынсарин Қазандағы мұғалімдік семинариясын бітірген жас мұғалімдерді шақырды. Солардың арасында А. Килячков, Ф. Соколов. Мектепті ашқан күні Ыбырай бірінші сабақты өзі берді. Мектеп басқарушысы Ф.Д. Соколов хаттарында былай деп жазған: «Халық мұғалімдеріне қатал қарады, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды талап етті, орындамаушыларды қатал көздеді. Мұғалімдік ісін өзі ыстық көрген соң, соңы өз инспекциясындағы мұғалімдерінен де көргісі келді. Өз әңгімелерімен мұғалімдерді оқу ісіне қызығушылықпен қаратқызатын. Қоғам алдында бізді жоғары қадағалады, мұғалімдерді сыйлауға және мақтаныш ету керек екенің көрсетті».
 
1897 жылы училище де педагогикалық сынып ашылды, кейіңрек ол интернатымен бірге екі жылдық педагогикалық курсқа айналды. Курстар мұғалімдік мектеп түрінде («қысқартылған түрінде») ұсынылды, бастауыш училищесінің және ауылдық мектеп мұғалімдерін дайындады. Педагогикалық сынып қабырғасынан атақты адамдар шықты, мұғалімдер болған: Мухамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, бекет Утетлеуов.
 
Осы бастапқы күйінде училище Қазан революциясы дейін істеді, ал 1917 жылдан бастап балалар қазақ коммунасына, бірінші бастауыш, ал кейін жеті жылдыққа ауысты (1923 жылдан). Азаматтық соғыс және облыстағы жұт халық біліміне үлкен әсер тигізді. Халықтың білімділігі жоқтығынан және жетім балалар саны көбейген соң, қазақ кедей балары он жасынан қабылданды, интернатта тұрып толығымен мемлекеттік қамсыздандыруында болды.
1933 жылы мектепке Қазақстанның саясатты және мемлекетті қызметкері Левон Мирзаянның есімі берілді.
Бұл қандай уақыт болғанын біз 1937 жылы бітірушілердің бірі Сералы Жакетовтың еске түсіруінің білдік: «Балалар үйінен мектепке 11 бала келдік, көбі Торғайдан. Олардың ішінде: Сағи Аппазов, Сеиіт Қалиев, Сеиітқасым Боранқулов, Кәрім Істлеуов, Сейітқұл Исаев және де басқалары (көбі Ұлы Отан соғыс кезіңде қаза тапты). Ауыр, аштық кезі еді. Күніне үш рет ғана, жай нан, шаймен тамақтанатымыз. Көпшілік тұтқындаулар мен жазалаулар біздің мектептің басынан өтті.
 
Директор мектебі – Досмағамбет Құлшықов, орыс тілінің мұғалімі – Шаяхмет Сауытбаев, математика пәнінің мұғалімі – Аубакир Досжанов «Халық жаулары» деп есептелді.С. Жұмашев, Ж. Есмурзин деген тәрбиешілер туралы жылы естеліктер қалды, олар бізге туғандай болды, бірақ та сол уақытта да бізден қатал тәртіпті талап еткен еді».
 
Сталин кезіңдегі туған қиындықтарға қарамастан мұғалімдер өз істерінен таянбай, жақсы адамдарды тәрбиелеп шығарды.
 
1931-1936 жылдары мұнда милицияның өлкелік мектебі ашылды.
1938 жылы мектеп орта интернатымен бірігіп, 100 адамдық болды және мектеп Жамбыл Жабаев атымен аталды. Ұлы Отан соғысының қиын кезіңде, еңбек кадрларын дайындау қажетілігімен, оның негізінде қолөнер училищесі ашылды. Үлкен сынып оқушылары үлкендерге кәсіпорындағы жұмыстарына көмектесіп, өрістерге жұмысқа шықты. Оқушылар құрамы және мұғалімдер саны көбейді.
1939 жылы ауданда ашылған мұғалімдер институтының оқу корпусы мектеп ғимаратында 1934 жылы орналасты. Ұлы Отан соғысын женуінде еңбек сіңірген, еліне жауапкершілікпен қараған жауынгерлерді, патриоттарды тәрбиелеген әскери жылдарындағы мұғалімдердің қызметі үлкен.
 
50-шы жылдары мектеп-интернатының ескі ғимаратында жетім балалар және алыс аудандарынан келген балалар оқыды, ал оқу корпусында № 13 қазақ орта мектебі орналасқан (№ 22), онда қала балалары оқыды. 1960 жылы жалпы білімділік мектебінен Ы. Алтынсарин атындағы қазақ мектеп – интернатына жаңартылды. 5 жылдан соң № 22 орта мектебі №1 мектеп-интернатымен бірікті. Осы уақыттан бастап жаңа оқу корпустын құрылысы басталды, ал мектептің ескі ғимараты ақырын құрый бастады және 1968 жылы еңбекшілердің кеңес халық депутатының шешімімен ол түгелімен сырылды.
Қазір осы жерде Ы. Алтынсаринның 150 жыл туғанына мемориалдық мұражайы құрылды, 1991 жылы ашылған. Бұның бір жақ бөлігі сол мектептің көшірмесі болып есептеледі.
 
2000 жылы Қ. Х. Жақып профессорымен, 1966 жылы мектеп бітірушісі, ескі мектептің іргетасынан кірпіш табылды, қазір ол Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайында сақтаулы тұр.
 
Мектеп істеп турған кезіңде, мұнда көптеген жақсы мұғалімдер жұмыс істеді. Мектеп дамуына үлкен салым кіргізіңдер: Шайхин М., Ибраев Д., Ешимханов С., Жаукин С., Кокжанов Б., Садуакасов К., Утинов Р., Купешев Б.
 
Оқушылардың көбі мынандай мұғалімдерді еске алады Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі Шайхимова М.Ш., Шарипова М.С., Башарина З., Досқалиева Г.Д., Хақимова К.Ж., Жокушева Ш., Давыдова А.А., Рыбалова П., Жақыпова Л.К., Қусайнова З.Х., Шәкірова К.Ш., Оспанова А.Г., Жумабаева А.Ж. және тағы да басқалары.
Ұйымдастырушы Джонаева В.М. және тарих мұғалімі Қақымжанова Қабираның күшімен және табандылығымен мектепте мұражай ашылды, мұнда қазақ халқының тұрмысы және мәдениеті, мектеп өмірі, Ы. Алтынсарин туралы көп мәліметтер жинақталған. Мектеп бітірушілерімен және Ыбрай туысқандарымен кездесу мұражай дәстүріне айналды.
 
Ы. Алтынсарин атындағы мектеп интернатының қабырғасынан Қазақстанда және басқа мемлекеттерде белгілі көптеген мәдениет және ғылым қызметкерлері, жақсы жұмысшылар, жоғары үкімет наградаларымен марапатталған, Социалистік Еңбек Ергері бар солардың ішінде:
Әліби Жангылдин – белгілі қоғамдық және мемлекет қызметкері.
Спандияр Көбеев – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Мухамеджан Сералин – жазушы, ақын, журналист, «Айқап журналының бірінші редакторы».
Бекет Утетлеуов – ағартушы, ұстаз, ақын, аудармашы.
Серәлі Қожамқұлов – Қазақ ССР халық артисы, СССР және Қазақ ССР мемлекет сыйлығының лауреаты.
Елубай Умурзақов – Қазақ ССР халық артисы.
Ілияс Омаров – жазушы, сыншы, мемлекет қызметкері.
Темір Дарханбаев – биология ғылымының докторы, профессор, Қазақ ССР еңбек сіңірген ғылым қызметкері.
Лайық Байдильдинов – философия ғылымының докторы, проыессор, саясат және социалдық ғылымының академигы.
Әмір Қанапин – тарих ғылымының докторы, профессор.
Бизәда Жиенғазина – Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген байланыстырушысы. СССР Министірлік байланысының жақсы хат тасушысы.
 
Жангелды Отарбаев – физико-математика ғылымының докторы, профессоры.
1971 жылы 11 ақпанынан жоғары кеңес СССР Президиумның Жарлығымен балаларды оқытуындағы жеткен нәтижелері үшін Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты «Құрмет белгісі» орденымен марапатталды.
 
Бүгін мектеп – бұл үлкен, жарық бөлмелер және дене шынықтыру залдар. Ол үш жарық, кең ғимаратында – екі жатақхана және бір оқу корпусы – орналасқан. 1992 жылы мектеп Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық лицейна қайта ұйымдастырылды. Ал 2000 жылдан Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балалар үшін мектеп – интернаты болды. Мұнда 520 оқушы оқиды. Жылсайын 5 сыныптан жаңа жиынтығы бойынша тестирование жүргізіледі. Мектеп директоры Жаркенов К.Ж. – «Еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» Ы. Алтынсарин атындағы медалымен марапатталды. Мектепте 43 мұғалім және 20 тәрбиеше жұмыс істейді. Солардың арасында Қазақстан Республикасының ағартушы үздік-мұғалімдері – Кудебаева Г., Каирова С., Исетова С.
 
Мектепте халық құралдарының фолклордық ансамбылын және дін оркестірін құрды. Бұрыңғы айтыс өткізу дәстүрі қайтадан жаңартылды, оны Қазақстан Республикасының халық артисы Әсия Біркенова басқарады.
 
Мектеп тарихы-ағартушы, ұстаз Ы. Алтынсаринның орындалған арманы. Мектеп көптеген жаңартушылықтардың куәгері болды, ал қазір ұлы ұстаздың дәстүрінің жалғастырушысы.

Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру