Біздің тарих

Біздің Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы екі бөлек кітапханалардан құралған – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы және А. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасынан. Бірақта тәртіп бойынша бастайық.

1958 жылдың 1 шілдесінде 3000 данасы бар кітап қорымен және 4 бөлігі кітапханалық жұмысшылардың штатымен Қостанай облыстық балалар кітапханасы ашылды. Свистунова Мария Давыдовна директор болып тағайындалды. Өзінің Ғимараты болмағанда да кітапхана өзінің жасөспірім оқырмандарына қалалық балалар кітапханасының үйінде және жасөспірімдер көрермендер кинотеатырының фойесінде қызмет көрсетті. Бірақта 1960 жылы кітапхана Октябр көшесіндегі 68 үйдің ғимаратына көшті (кеиіңрек Октябрдың 50 жылдық көшесі, 68 үй) - Лоренц саудагердің бұрынғы үйі, - ХIX ғасырдың сәулеті және тарих ескерткіші.

Кітапханаға 2 бөлме берілді. 1964 жылы кітапхана Аркадий Петрович Гайдардың атымен аталды. Оқырмандар оны «Гайдаровка» деп атады. 1973 жылы М.Д. Свистуноваға «Қазақ ССР-ң еңбек сіңірген мәдениет қызметкер» атағы берілді, ал 1974 жылы кітапханаға «Кітапхананың үздік жұмысы» құрметті атағы берілді. Оқырмандар саны, жұмысшылар штаты көбейді, сондықтан 1979 жылы кітапханаға ғимарат түгелімен ауысты. Бірінші қабатта мектепке дейіңгілер және 1-4 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі орналастырылды. 5-8 сынып оқырмандарына 2 қабат берілді. 1978 жылы Казакова Лилиана Игоревна директор болып тағайындалды.

history2.jpg

1978 жылы Қостанай облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды, 10 бөлігі штатымен. Литвинова Лариса Александровна директор болып тағайындалды. Кітапхана қорды құрастырып, оқырмандармен жұмыс істемеді, өз ғимараты болмағандықтан, ол көрме залының жер қабатынында орналасқан. 1979 жылдың қыркүйегінде кітапхана Повстанческий көшесіндегі 74 үйдің ғимаратына көшті (бұрыңғы Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхасы) кезіңдегі Воронов саудагердің үйі - және де XIX ғасырдың сәулет ескерткіші.

history1.jpg

Ақыры 1980 жылы оқырмандарға кітапхана ашылды. Директор болып Голубятникова Людмила Васильевна тағайындалды. Ол зейнетақыға кеткен соң 1984 жылы Кизимова Ольга Ивановна директор орнын басады. Онын келуімен ғимарат жаңғыртылды. 1991 жылдың қантарында кітапханаға біздің жерлестің – жазушының, педагогтың, ағартушының Ыбрай Алтынсаринның аты берілді.

1992 жылдың 28 тамызында А. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасы және Ы. Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірігіп бір – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы болды. Директор болып Кизимова Ольга Ивановна тағайындалды, Казакова Л.И. зейнетақыға шықты. Біріккеннен соң кітапхана жұмысшыларының штаты – 42,5 бөлігін құрады.

1996 жылы О.И. Кизимова зейнетақыға шықты, ал директор болып Теплякова Надежда Минеевна тағайындалды, осы күнге дейін біздің кітапхананы нәтижелі басқарып жұр.
2002 жылдың ақпанында кітапхана киновидеопрокатпен бірлесіп, енді кітапхананың акт залында әр сенбі сайын үлкен экранда бейнефильмдер және мультфильмдер көрсетеді.

Тарихтың жалғасы 2011 жыл

Бәрі де сүйікті Кітапханамыздың 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасына ілігуінен басталды. Күрделі жөндеу машақатынан сүрінбей өткен кітапхана ерен еңбегінің керемет жемісін көрді:

Дейін:

history3_1.jpg

Кейін:

his3-2.jpg

Күрделі жөндеу барысында ғимарат түбегейлі өзгергенімен, өзінің тарихи өңін жоғалтпағанын айта кеткен жөн. Кітапхананың сыртқы беті ғана емес, ішкі бөлігі де жаңғырып, аумағы біршама артты. Кітапхана енді жеасты жолымен біріктірілген екі ғимараттан тұратын тұтас кешенге айналды.

2008 жылдың өзінде–ақ Александр Байтурин басқарған «Дом» сәулет ательесі ішкі аулада орналасқан, қойма ретінде қолданылатын, босап тұрған ескі ғимараттарды қайта жөндеуді жоспарлаған күрделі жөндеу жобасын жасады. Бұнда кезінде осы ғимараттың иесі көпес Вороновтың ат қорасы, жем-шөбі және басқа да шаруашылыққа қажетті жаппалар болған. Жарты жылға созылған күрделі жөндеу барысында қабырғалар қайта тұрғызылып, мансард тұрғызылды.

Ендігі жерде бұл бірінші қабатында ғылыми-әдістемелік бөлім, әкімшілік, бухгалтерия және ресми кездесулер, семинарлар мен конференциялар өткізуге арналған дәріс залы бар жеке ғимарат.

Екінші қабатында аумағы біраз кеңіген өнер секторы мен ақыры жарық, кең ойын залына қол жеткізген мектепке дейінгі және 0-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі орналасқан.

Бұнымен де біткен жоқ! 2010 жылы күрделі жөндеу жалғасып, кітапхананың Қасымқанов көшесі жақ беті жаңа келбетке ие болды және қандай келбетке десеңізші! Қайта салынған қоймалар ықшам болғандықтан, бөлімшелердің кеңінен жайғасуына мүмкіндік туды. Мысалы, 7-11 сынып оқушылары мен жасөспіррімдерге қызмет көрсету бөлімі өз тұрағын екі есес кеңейтіп алды.

Сонымен қатар, осында күтпеген тосынсый орын алды. Ол - «Феникс» әдеби студиясы мен білікті библиографтан оқырмандар кеңес алып, компьютермен жұмыс істейтін, Ғаламтордан қажетті ақпаратын алатын орын Анықтама алаңы орналасқан топаралық қарым қатынас бөлмесі.

Ал сыртқы келбетіне келетін болсақ, Пушкин көшесі жағынан кітапханаға беттегенде, жаз мезгілінде таза ауада демалуға арналған, заманауи сәнмен салынған патионы көресіздер. Балалардың ойын-сауық іс–шаралары өткізілетін амфитеатр да ерекше көз тартады.

Дейін:

history4_1.JPG

Кейін:

history4_2.JPG

Сәнге лайық өңдеу жұмыстарымен бірге кітапханамыз үйлесімді дизайнымен де мақтана алады, 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөліміндегі шымылдыққа ұқсас жасалған сәнді жалюзилер, библиографтардың төрт орынды айрықша үстелі ерекше әр береді. Жарықтың әсерінен кешкі мезгілдің өзіндік тылсым сырын ашады. Ал бояу үйлесімділігінің өзі бір бөлек әңгіме! Енді әр бөлімнің өзіндік нақышын, көңіл–күйін жеткізетін бояуы бар.

Сонымен қатар кітапхана жылжымалы кітап сақтау сөрелері, акт залының екі жүйелі желдеткіші және сонау Испаниядан әкелінген, балалар көтерілетін лифті сияқты заманауи технологиялармен толықты. Шамалы түтінді де сезетін өрт қауіпсіздігінің автоматты жүйесімен кітапханамыздың жасақталуы маңызды оқиға болды. Ал бейне бақылаудың дистанционды жүйесі-заман талабы.

  history5.JPG

Міне, біздің сүйікті кітапханамыз осындай өзгерістерді бастан өткерді. Құрметті біздің ескі де жаңа оқырмандарымыз, 2010 жылдың 23 қарашасында ол өз есігін сіздерге айқара ашты.

Қош келдіңіздер!


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру