Бейімбет Майлин

Майлин Беимбет

Тобол течет сквозь лето,
И солнце обнимает Беимбета.
Носил он гордо жизненную ношу,
Достойную великого поэта,
Его припомнив, тополь серебристый
Дыханьем ветерка качает листья.
Как будто бы вчера, сам Би-ага
Здесь отдыхал под кроною тенистой.
Я тоже рос в груди степи широкой
И с детства познавал ее уроки.
Не знал бы я величия степи,
Когда твои бы не читал я строки.
С твоим, ага, героем Мыркымбаем
В одном строю уверенно шагаем.
Потомки Раушан, Шугы, Жалбыра,
О светлой жизни мы стихи слагаем.
Ты ввысь взлетел — рукою не достать,
Такой полет лишь соколу под стать,
И словно Сокол, ты в гнездо родное
К нам возвратился, Би-ага, опять!

Қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметтің бұл сөздері атақты қазақ жазушысы, жерлесіміз Бейімбет Майлинге арналған.

Бейімбет Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Жастайынан ата- анасынан айырылған Бейімбет әжесінің бауырында өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.Ол немересінің оқығанын қалады. Оларманы да орындалды. 

Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен  сабақ алады. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап  қалмай, Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет'') мектебін бітірген соң, Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов, Сайфи Құдашпен танысады. Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады (1915 ж.), онда "Айқап" журналының редакторы Мұқамеджан Сералинменмен және журналист, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен кездеседі. , өте дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. Ауылында мұғалім болып жүрген кезінде қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы аты шулы патша жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде, Бейімбет Майлин ұлт-азаттық көтерілісін жақтап, азаматтарды атқа қонуға шақырған өлеңдер жазады. 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан түсуін, қазақ елінің азаттық алуына мүмкіндік туды деген оймен, қуана қарсы алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады.

Бірақ оның тағы бір арманы болатын, ол- бала оқыту. Балаларды оқыту жас қазақ зиялылары үшін үлкен мәртебе болатын. Туған аулына оралған  соң Бейімбет Майлиннің  малшы болған кезіндегі көксеген арманы орындалды. Ал бос уақытын шығармашылыққа арнады. Бейімбеттің балаларға арнаған өлеңдері бар. «Премия за вранье», «Әлди», «Қолыңды бер, Мырқымбай» сияқты өлеңдерді баллалармен бірге оқитын.  

А л 1938жылы әдеби бастамаларға, ерен еңбекке  толы  Бейімбет Майлиннің өмірі үзілді. Ұлтшыл деген жалған жаламен ұсталып, тергеудегі азаптан кейін КСРО Жоғарғы Сотының әскери алқасының 26 ақпандағы шешімімен Бейімбет Майлин ату жазасына кесілді.  Тек 1957 жылы ғана КСРО Жоғарғы Сотының 16 сәуірдегі шешімімен қылмысы расталмағандықтан ақталып, іс тоқтатылды. Жазушы есімі, оның шығармашылығы халыққа қайта оралды. Қазақтың «Ай-ортақ, күн-ортақ, жақсы-ортақ» деген сөзі бар. Сол сөз керемет жазушы, адамгершілігі ұшан-теңіз Бейімбет Майлин туралы айтылғандай.

 

Б. Майлиннің балаларға арналған шығармалары:

Майлин Б.Түйбай.- Алматы:Жалын, 1985
Майлин Б. Тәй, Тәй!.. Қаз! Қаз! : өлеңдер мен ертегілер.- Алматы:Жалын, 1986
Майлин Б. Әйт шүу ала атым: өлеңдер.- Алматы:Жалын, 1990
Майлин Б. Кемпірдің ертегісі.- Алматы:Жазушы, 1971
Майлин Б. Дай руку, Мыркымбай! -.- Алматы:Жалын, 1985
Майлин Б. Премия за вранье /Пер. И.Баукова // Антология казахской детской поэзии.- Алма-Ата: Жалын. 1983.-С.173-174.


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру