Барлық әлемді таңғалдырған танго

Жм, 21/12/2018 - 17:45 — admin

19 желтоқсанда кітапхана қабырғасында танго әуені қалықтады.

«Әлемді таңғалдырған танго» - Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттері мен Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының курсанттарының жүректерін тебірентті.

Халықаралық танго күніне арналған іс-шараны «танго королі» Карлос Гардельдің еліктіргіш дауысы ашты. Сазды сағаттың жүргізушілері әдемілікке тек қана жүрекпен жақындау керек дегенді баса айтты.

«Аргентинского танго», «Кумпарсита», «Рио-Рита» сияқты атақты әуендерді Қостанай музыка мектебінің оқытушысы Марина Георгиевна Романова орындады. Кітапханамыздың белсенді оқырмандары, әрі еріктілері – Анастасия Лодяная мен Валерия Дзюбаның орындауында танго стиліндегі билерді тамашаладық. Әрине, барлығын таңқалдырғаны Қостанай педагогикалық колледж студенттерінің орындауындағы жұппен биленген танго болды.

Тангоның пайда болу тарихы мен қалыптасуы, оның әлемде салтанат құруы 30 минутта біздің қонақтарымыздың көз алдынан бұлбұлдай ұшты. Бір сәттей көрінері анық. Бірақ, осы сәтте «танго королі» Карлос Гардельдің жанкүйерлері мен осы биді құрметтейтіндер саны әлдеқайда көп болды.

Фото


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру