Оқы және саяхатта

Дс, 29/10/2018 - 16:55 — admin

23 қазанда «Оқы және саяхатта» жалпы атауымен Жастар кітабы күні өткізілді, ол Ұлыбританияға арналды.

Ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қостанай бытсервис колледжінің студенттері үшін Лондон және оның аймағы бойынша виртуальді саяхат жасалды.

Кітаптардың жан-жағына орналасқан Лондонның көрнекті жерлері Тауер ғимаратының, Стоунхэндждің, Биг-Беннің, Шолу дөңгелегінің макеттері мен журналдардан алынған мақалалар студенттердің қызығушылығын тудырды. Студенттер кітапханашының хабарламасынан «Лондонның көзіне» айналған шолу дөңгелегінің биіктігі 135 метр екендігін, уақытша пайдалануға салынған құрылыс (Эйфел мұнарасы сияқты), бірақ туристер мен жергілікті тұрғындар аса танымалдылықпен пайдаланғандығы туралы білді. Ежелгі құрылыс Стоунхендж туралы көптеген сұрақтар туындады.

Залда «Grand Luxe» тілдер орталығының оқытушысы Жанара Туякбаева ұсынған «Ағылшын бұрышы» ұйымдастырылды. Ол ағылшын тілінде викторина мен интерактивті ойын өткізді. Мектепте ағылшын тілі сабағында өткізілсе де, атақты көрнекті жерлер Шекспир театры, Вестминстер сарайы, Винздор қамалы, Гайд Парк және басқалар туралы көптеген сұрақтар қиындық туғызды. Англияда дәсүрге айналғандай, кітапханада да сағат бесте five-o'clock ұйымдастырылды. Балалар ескі дәстүр бойынша шай ішіп, еркін әңгімелесіп қана қойған жоқ, Шерлок Холмстің айлалы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар тілдер орталығының менеджері Валентин Владимирович Мордовскийге көптеген сұрақтар қойылды.

Қатысып отырғандар заманауи қоғамда ағылшын тілі сабағынсыз болмайды деген тұжырым жасасты.

Дәл осы күні көркем әдебиеттер бөлімінде Осы күн аясында Ұлыбританияның жазушыларының шығармашылығына арналған іс-шара өткізілді.

Ағылшын әдебиеті — бұл әдебиет тек қана Англияның жазушыларын ғана емес, сонымен қатар барлық Ұлыбританияның аймағын қамтиды, олардың қатарына Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия кіреді. Бұл - сан ғасырлық тарих, жарқыраған авторлар, ұмытылмас шығармалар, ұлттық мінездің ерекшелігін айқындау. Әлемді Д. Чосердің, У Шекспирдің, Ч.Диккенстің, О. Уайльдтың және тағы басқалардың шығармаларынсыз елестету мүмкін емес.

Льюис Кэрролдің жазған «Алиса в стране чудес» кітабының жарыққа шыққанына 153 жыл. Залда оқырмандарды қуыршақ Алиса қарсы алды, кітап инсталлияциясы безендірілді, осы кітап бойынша сұрақтар қойылды.

«Read and travel» кітап көрмесіне жеткіншек оқырмандарға арналған Англияның ежелгі классиктерінің және Ұлыбритания жазушыларының әдебиеттері қойылды. «Ежелгі Англияның сиқырлы әлемі» және «Әлем ағылшын жазушыларының көзімен» көрмесі Шекспирден Конан Дойлға дейінгі, Джейн Остиннен Джоан Роулингке дейінгі және басқа да әйгілі авторлардан тұратын 6 бөлімнен тұрды.

Біз «Лондон» десек ойымызға бірден Тюссо ханымның мұражайы түседі. Мұражайдың бас экспонаты Чарли Чаплин болды, сонымен қатар оқырмандар «Тюссо ханымның балауыз мүсіндері мұражайының» сілтемесін көре алды.

Іс-шараға ҚҚСК студенттері қатысты, олар үшін атақты авторлардың кітаптары бойынша шолу мен викторина өткізілді. Белсенді қатысқандары үшін балалар сыйлыққа кітаптар алды. Кездесу көңілді әрі еркін өтті.

Фото


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру