Үзілген ән

Сс, 25/09/2018 - 14:18 — Ольга А

Халыққа және ежелгі қазақ жеріне деген махаббатты жүрегіне сыйдырта білген дарынды жазушы Оралхан Бөкеевтің 75 жылдығына орай, Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттерімен «Үзілген ән» әдеби кеші өткізілді. Іс-шара қатысушылары жазушының өмірбаяны және қайырымдылық пен жауыздық, қуаттылық пен батылдық, сонымен қатар рухани құндылықтардағы шынайылық пен жалғандық турасындағы шығармашылығымен танысты. Басты назар «Қар қызы» повесінің сюжетін ашуға негізделді. Повесте кейіпкерлердің өмір жолында кездескен кедергілерін жеңудегі табандылықтары мен өмірге деген құлшыныстарын көрсететін мінез-құлықтары көрсетілген.

Ісшарада бейнероликтер көрсетілді және жазушының шығармалары қойылған «Алтын сөз шебері» кітап көрмесінің тұсаукесері болды. Бүгінгі күні классиктердің драматикалық шығармаларын оқығылары келмейтіні жасырын емес, бірақ, студенттер ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады.

 

Фото


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру