Мен - өз елімнің патриотымын

Ср, 05/09/2018 - 16:10 — admin

1 қыркүйекте осындай атаумен Қостанай қаласы №14 мектебінің 7 сынып оқушыларымен ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылды.

Патриотизм өз еліне, жеріне, Отанына, қаласы мен онда өмір сүріп жатқан адамдарына деген сүйіспеншілікте, сонымен қатар ана тілін білуі кезінде танылады. Оқушылар қазақ тілі графикасының негізін қалаушы А.Байтұрсынов туралы, қазақ тілінің әдемілігі мен әуезділігі туралы Герольд Бельгердің сөзін тыңдады: «Назыз қазақ тілі қолдан тоқылған кілемдегі өрнек іспетті. Қазақ ешқашан тура, бірсарынды, әлбетте, бетіңе бірден айта салмайды, ол айтар ойын түрлендіріп, мәнерлеп барып жеткізеді».

Біздің еліміздің жаңа графикаға көшуі туралы талқылау болған кезде, балалардан әртүрлі пікір естілді. Іс-шара соңында мынадай сұрақтардан тұратын «Полиглот» викторинасы ойнатылды: тіл туралы ғылым қалай аталады, жаңа қазақ әліпбиінде қанша әріп болады және басқа. Сонымен қатар, балалар «Тіл - ұлт рухының алдаспаны» көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру