Жанымда достарым | allib.org

Жанымда достарым

Сс, 15/05/2018 - 15:50 — julia

11 мамыр күні «Жанға жайлы сырласу» атты ата-аналар клубы аясында «Жанымда достарым» деген тақырыппен әдеби-сахналандырылған шара өтті. Балалар мен олардың ата-аналарын Э. Успенскийдің атақты маймыл Анфисасы, пошташы Печкин және мұңаймайтын Карлсон, шведтік жазушы А. Линдгреннің кейіпкерлері қарсы алды.

Балалар олардың көмегімен ертегі дегідей құтқарушы топқа айналып, ғажайып ертегі әлеміне шомды, түрлі конкурстарға белсенді атсалысты: ертегі кейіпкерлеріне өз заттарын табуға көмектесті, ит тұқымдарын ажыратты, қимыл-қозғалыс жаттығуларына қуана-қуана қатысты.

Сондай-ақ балаларға «Тауып көр!» атты музыкалық викторина өткізілді, онда слайдта көрсетілген ертегі кейіпкерін тауып, мультфильмнің өлеңін атау керек болды. Балалар мен олардың ата-аналары ребустар мен шарадаларды шешуге белсенді қатысты. Нәтижесінде, ертегі құтқарушылары барлық ертегідердішешіп, ертегі кейіпкерлерін өз орындарына жіберді. Белгісіз ғаламшардан келген тәтті сыйлары барұшатын тәрелкені ду қол шапалақпен қарсы алды.

Ата-аналар мен балалар Э. Успенский мен А. Линдгреннің кітаптары ұсынылған көрмеге үлкен қызығушылық танытты.

Фото


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру