Отан қорғау - қасиетті борыш | allib.org

Отан қорғау - қасиетті борыш

Сн, 05/05/2018 - 13:33 — admin

3 мамырда мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай «Отан қорғау - қасиетті борыш» деген атаумен ойын-сауықтық бағдарлама өтті. Іс-шараға «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың» тәрбиеленуші ұл-қыздары (21 адам) мен №2 мектеп-лицейдің 3 «б» сыныбы (29 адам) қатысты. Барлық қатысушылар жүргізуші берген тапсырмаларды құлшына орындады. Бағдарлама барысында спорттық қимыл-қозғалыс, сондай-ақ зейінге, аңғарымпаздыққа арналған ойындар ойнатылып, әскери тақырыпқа бағытталған бірнеше викторина өткізілді және Отан қорғаушылар туралы әлеуметтік видеороликтер, презентациялар пайдаланылды.

Фото


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру