Қазақстандық жазушы Елена Клепиковамен онлайн кездесу

Жм, 30/03/2018 - 16:28 — julia

29 наурыз күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында тамаша қазақстандық жазушы Елена Георгиевна Клепиковамен өткен онлайн кездесу «Қыздар әлемі» әдеби отырысына қатысушылар мен кітапхана оқырмандары үшін үлкен тосын сый болды.

Балалар «Тайна синей паутины» атты повесін оқып, автордың шығармашылығымен танысты және әрине, авторға әртүрлі сұрақтарды қоюға бел буды. Балаларды мүлде бәрі қызықтырып, қалай жазушы атандыңыз, сүйікті түсіңіз, әніңіз, сүйікті үй жануарыңыз қандай деген сұрақтарды қойды. Елена Георгиевна сол арада балаларды Патрик атты өз мысығымен таныстырды. Дегенмен балаларды кітаптар туралы, «Тайна синей паутины» атты тамаша повесі қалай туғаны туралы және бұл оқиғаның жалғасы болады ма деген сұрақтар көп мазалады.

Автор балаларды қызықтырған сұрақтарға сүйіспеншілікпен жауап қатты және де біздің жазатын оқырмандарға, көбірек көркем әдебиеттерді, сондай-ақ танымдық энциклопедияларды оқуға кеңес берді.

Кездесу өте қызықты және әсерлі өтті, балалар өз сұрақтарын жаудыра қойды және де бұл кездесудің жалғасы болу керек деген шешімге келді. Ол әбден мүмкін! Өйткені бәрі сіздерге байланысты, құрметті оқырмандар!

Фото


Тілдер

Жолдау 2018

Антитеррор

Антикоррупционный

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 3 guests қонақ.

Жүйеге кіру