ЭКСПО

Жм, 15/09/2017 - 12:47 — julia

4 қыркүйекте ҚҚКСК-нің 1 және 2 курс студенттері үшін «Болашақ энергиясы: Экспо -2017» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Халықаралық мамандандырылған «Экспо» көремесі — ол жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді, сондай-ақ барлық елдің тарихы, дәстүрі мен мәдениетін көрсететін ірі көрме.

Шара барысында студенттер ЭКСПО көрмесінің тарихымен танысып, баламалы энергия көздерін пайдаланудың өзектілігін талқылады, сонымен қатар өткен ЭКСПО көрмесінің Қазақстан үшін маңыздылығын айтып қорытындылады. Пайдаланылған дыбыс-бейне құралдары мен ЭКСПО көрмесіне барған студенттердің әңгімелері қатысушыларға жәдігерлер мен идеялардың бірегейлігін, көрме кешендері мен павильондардың түпнұсқалылығын, көрме барысында өткізілген іс-шаралардың мәнерлілігін көзбен көргендей әсер қалдырды.


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру