Зара Есенаман

Музыкант, тележүргізуші, жазушы.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының скрипка сыныбы бойынша аспирантураны бітірген. Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен.

Франция, Италия және Австрияда өткен халықаралық скрипка конкурстарының лауреаты.

Халықаралық жас журналистер конкурсының лауреаты.

ТМД (Москва) елдерінің телевизия өкілдері арасындағы жүргізушілер байқауының жеңімпазы.

Халықаралық «Shabyt inspiration» шығармашыл жастар байқауының «Әдебиет» номинациясында бестселлер болған және қазіргі қазақстандық әдебиеттің дамуының жаңа деңгейін ашқан «Хардкор» кітабы үшін Гран-при иегері атанды.

«Багдар» әдеби сыйлығының арнайы жүлдесінің лауреаты және иеленушісі.

Зара Есенаманның «Хардкор» кітабы әлденеше рет «жыл кітабы» атанып, қазақстандық әдеби нарықта сатылымның бірінші қатарында тұрып, коммерциялық жобалардың ең сәттісі болды.

Бүгінгі таңда Зара Есенаманның «Хардкор» кітабы Вашингтондағы Конгресс жасөспірімдер кітапханасының әдебиет бөлімінде және Нью-Йорк көпшілік кітапханасында тұр.

Музыка және телевидение жұмысы мен әдеби авторлықты байланыстыру балалық шақтан басталған. Республикалық газет пен журналдарда шығармаларын жариялап отырған. Сегіз жасында 100-ден артық үміткерлердің ішінен таңдалып, орталық қазақ телевидениесінде «Мультзагадка» және «Золотой ключик» балалар бағдарламасының тележүргізушісі болды. Түрлі телеарналармен серіктесе жүріп бірқатар телевизиялық бағдарламалардың жүргізушісі және сценарий авторы болды: «Сәлем» (Таң), «Империя звезд», «Бессонница», «Chart TOP 20», «Show BIZ News» (31 канал), «Хит - Экспресс» (ТРК "МИР"), интелектуальное шоу «Лидер 21 века», психологическое ток-шоу «Спокойствие, только спокойствие» (Агенство Хабар), «Казахстан: народы и судьбы» (МТ «Мир»), «Кiтапхана», «Қайырлы Таң». Көпшілік үшін Скрипкамен алғашқы концерті осы кезеңде өтті.

Зара Есенаман техникалық шеберлікті дыбыстың көркем мәнерлілігімен үйлесімді орындайды, көрермендерін өзінің сұлулығымен және сахналық жарқындылығымен баурайды. Оның репертуарында әлемдік және ұлттық классика жауһарлары: қазақ күйлері мен Celtic стиліндегі композициялар, рок-, джаз-, диско- және басқа сильдердегі вокалдық композициялар бар. Зара Есенаман күрделі классикалық және заманауи түрлі жанрдағы туындыларды асқан шеберлікпен орындап, скрипканың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, тәжірибе жасайды. Зара Есенаманның орындауы тіптен музыканы әккі бағалайтындардың өзін тәнті етіп, түрлі жастағы тыңдаушылар жанынан орын алады.

Ізденгенді жақсы көреді және жаңаны білуге талпынады. Оны психология, тренингтер мен аудитория жұмысы қызықтырады. Автор: «Мен «Хардкор» кітабын жазғанда оны жарыққа шығып, үш рет қайта басылады деген, үлкен сұранысқа ие болып, оқырман аудиториясында (кітап дүкендері маркетологтерінің арыздары бойынша) ең танымал кітаптардың бірі болады деген ой тіптен келмепті»,- дейді. Вашингтондағы М.Л.Кинг атындағы жасөспірімдер кітапханасы мен АҚШ Конгресінің жасөспірімдер кітапханасына кіру мен үшін үлкен құрмет. Сол кездегі ұзақ сапар есіме түседі, өйткені бастапқыда отандық дүкендер менің кітаптарымды алмады. Кітап оқырманға жетпес бұрын үлкен қиындықтан өтті. Қиын болды, дегенмен нәтижелі болды. Қазақстанда мені мектеп оқушыларымен, студенттермен кездесу үшін еліміздегі түрлі кітапханаларға шақырады. Менің кітабым олардың өмірін өзгертті деген оқырмандармен де кесдестім және «Хардкор» кітабын қайдан сатып алуға болады» деген сұрақтарды Қазақстан мен Ресейдің жастары жазып сұрайды. Менің кітабымның жастарға әсер еткені, менің оқырмандарым ешқашан есірткіге жоламайтындары мен үшін маңызды.

Қазір менің поэзиялық жинағым жарыққа шығуға дайын. Бұл мүлдем басқа жұмыс, мені «Хардкор» кітабы бойынша таныған оқырмандар енді мүлде басқа стилистикамен танысады, дегенмен авторлары бір.

Біздің кітапханада бар кітаптары мен басылымдары:

Есенаман З. Хардкор: повесть / З. Есенаман; предисл. Г. Шалахметова, С. Мустафиной.- Алматы: Өлке, 2007.- 200 б.

Есенаман С. Тау басында - тау тұлға: [Халық қаһарманы Қасым Қайсенвке ескерткіш] / С. Есенаман // Ұлан. - 2007. - 15 мамыр. - 1 б.

Толығырақ:

"Зара Есенаман – музыкант, певица, популярная казахстанская телеведущая, журналист и писатель".

Зара Есенаман: "Работа - это драйв и постоянное движение вперед".

Әлеуметтік желідегі автордың парақшасы ВК

Әлеуметтік желідегі автордың парақшасы Facebook


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру