Тоня Шипулина

1982 жылы 23 қарашада, Қазақстанда, Алматы қаласында дүниеге келді. Мамандығы бойынша журналист, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика фокультетін (2000-2004) бітірді. Қазақстанның танымал газет-журналдары «Экспресс-К», «Комсомольская правда Казахстан» және «50 на 50» газетінде корреспондент және редактор қызметін атқарды, кейін өзін басқа қырдан сынамақ болды. 2011 жылдың қыркүйек айында «Астрель-спб» баспасынан 5000 дана тиражбен алғашқы кітабы шықты. Қазіргі уақытта «АСТ» баспасымен бірге қызмет етеді.

 

Автор өз сұхбатында: «Мен алғашқы балалар повесін алғашқы баламмен бала күтіміне байланысты демалыста отырғанда жаздым. Танымал ресейлік баспа байқау жариялап жатыр дегенді біліп, сонда өз жұмысымды жібердім. Неге екенін білмеймін, өзімді шорт-параққа немесе сол сияқты бірдеңеге өтетіндей сезіндім, бірақ повесть өтпеді. Кейін әдеби тәжірибемді талдай отырып, оның өтпеу себептерін түсіндім. Бір ай қамықтым, кейін өзіме және басқаларға жақсы балалар кітабын жаза алатынымды дәлелдеймін деп шештім. Сол уақыттан бастап жаңа балалар повесін жазуға кірістім. Кітаптың ортасына дейін жеңіл жазылды. Кейін оқырмандарды қызықтырып әкететін, қандай да бір күтпеген оқиға ойлап тапқым келді, міне, содан осы жерде сәл кідірдім. Екі ай бойы орнымнан қозғала алмадым. Бірде баланы жатқызып жатып, әдеттегідей, өз повесімнің жалғасы туралы ойландым, кенеттен оқиға желісі пазл сияқты көз алдыма келді және мен оны көп кешікпей жазып бітірдім. Қолжазбаны жіберуге болатын баспалардың мекенжайларын іздей бастадым. Оны қалай рәсімдейтіні, нешінші шрифті алу керектігі және т.б. жайлы ғаламтордан оқып алдым. Кітапты 30 мекенжай бойынша жібердім, көп кешікпей «Астрель-Спб» баспасынан жауап келді. Редактор менің қолжазбам оларға ұнағанын, менімен жұмыс істеуге дайын екендерін айтты. Сөйтіп 2011 жылы менің алғашқы кітабым - «Волшебные желуди. Одно удивительное приключение трусливого рюма и глупого норика» атты кітабым басылып шықты. Менен оның жалғасын жазуды сұрады. Бұл мен үшін қиын көрінді, себебі менің ойымда басқа кейіпкерлермен басқа оқиға болған еді. Алғашқы кітап басылып шыққаннан кейін, баспа не жазсам да бәрін ала беретіндей көрінді. Олар кітаптың жалғасын күтті, ал менің екінші балам дүниеге келіп, жұмыс ұзаққа созылды. Екінші кітап - «Три чайных дракона и сверкающая пыль» үш жылдан кейін, 2014 жылы шықты. Сол жылы бірнеше айдан кейін үшінші кітап - «Ведьма Страны Туманов» жарияланды. Бұл ересектеу, 13 жастағы балаларға арналған фантастикалық оқиға. Бірнеше күннен кейін дүкендерде оның жалғасы - «Тайна ведьмы Урсулы» шығу керек».

Біздің кітапханада бар кітаптары мен басылымдары:

Шипулина А. С. Три чайных дракона и сверкающая пыль / Шипулина А. С; ил. Т. Шипулиной.- М.: АСТ, 2014.- 154,[6] б.: ил. - (Прикольный детектив).

Шипулина Т. Тайна ведьмы Урсулы / Шипулина Т; рис. авт.- М.: АСТ, 2016.- 189,[3] с.: ил. - (Шляпа волшебника)

Сказка "Тайна ведьмы Урсулы"

Книги

Воронина Ксения "Кто такие щелезубы? Писательница из Казахстана о детской премии и книгах"

Сұхбат:

Тоня Шипулина: "Казахстанские издательства не рискуют издавать наших детских авторов"

Тоня Шупулина: Я не перестаю сомневаться

Михтаева М. В жизни есть место чуду - казахстанский автор сказок Тоня Шипулина

Воронина К. В Стране туманов тоже интересно: интервью с Тоней Шипулиной

Әлеуметтік желідегі автордың парақшасы ВК

Әлеуметтік желідегі автордың парақшасы Facebook


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру