Міне, біз де есейдік

Бс, 18/05/2017 - 17:05 — julia

2017 жылғы 17 мамырда Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің алтыншы сынып оқырмандарын 7-11 сынып пен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөліміне көшіру мерекесі болып өтті.

Қызықты викториналарға, көңілді байқаулар мен мерекеге толы күн оқырман балалар үшін көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. „Кіші„ бөлімде оларға өнерді үйретіп, ойлампаз, шығармашыл оқырман болуға үйретті. Және ең белсенділері мен лайықтыларын кітапханашылар грамоталармен, сыйлықтармен марапаттады.

7-11 сыныптар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Оқырмандар жасасын!» деген ұранмен жаңа оқырмандарды қарсы алды. Балаларға «Жасөспірім. Кітап. Respect» көрмесіндегі жаңа кітаптарды таныстырып, көркем жасөспірімдер әдебиетінің орналасу қорының құпияларын ашты.

Ғылыми-көпшілік әдебиет залында анықтамалық басылымдар, кітаптар мен ғылыми-көпшілік журналдарға шолу жасалып, мектеп оқушыларына арналған қазақстандық OYLA журналы таныстырылды. Сабаққа дайындық кезеңіндегі «тайм-аутты» тиімді өткізуге арналған, бөлімдегі үстел ойындары балаларды қатты қуантты. Физика пәні бойынша көрсетілген қарапайым тәжірибелер балаларды мәз-майрам қылып, таңдандырды.

Іс-шараға барлығы 41 адам қатысып, оның тіркелгені 24 болды.


Тілдер

Жолдау 2017

Қазақ энцоклопедиясы

Антитеррор

EXPO2017

"Ұрпақ +" клубы

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру