Кітап кеңістігіндегі жарық жұлдыз

Сс, 16/05/2017 - 16:33 — julia

2017 жылғы 16 мамырда Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК №2 ОМ 5 «Л» сынып оқушысы Есеналина Меруертке арналған «Кітап кеңістігіндегі жарық жұлдыз» атты оқырман бенефисі өтті.

Іс-шараға шақырылған сыныптастары Меруерттің жан-жақты қызығушылықтарына таңғалды: музыка, балет, қолөнер. Бәрінен бұрын оларды 3,5 жылда оның 160-тан артық кітап оқуы таңдандырды.

«Ең жақсы дос — кітап» атты кітап көрмесі бенефицианттың түрлі жанрда оқыған кітаптарынан құрылып, оның көркем әдебиеттің жан-жақты болуын қалайтынын көрсетті. Кітаптар келесі жүйе бойынша орналастырылды: «Отбасы ошағының жылуы», «Кітап жолы», «Шексіз қиял», «Түрлі жануарлар», «Қалжыңға орын бар».

Іс-шара барысында көрермендерге 3-4 сынып бағдарламасы бойынша көркем әдебиеттен әдеби-байқау тапсырмалар берілді, өкінішке орай, балалар жауап беруге біраз қиналды.

Жалпы айтқанда, іс-шара ойдағыдай өтті. МДС және 1-6 сыныптарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлеріне сынып жетекші мен ата-аналар өз риясыз алғыстарын жеткізді. Іс-шарадан кейін 5 адам жазылып, көрмеден 7 кітап алынды.


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру