Шағын топқа үлкен құпия

Дс, 15/05/2017 - 15:43 — julia

2017 жылдың 12 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК «Жанға жайлы сырласу» ата-аналар клубының отырысы аясында «Шағын топқа үлкен құпия» тақырыбы бойынша танымдық ойын-саяхат ұйымдастырылды.

Балалар адамға үйретілген жануарлармен танысты. Олар дайындалған жаңа мәліметтерді қызыға тыңдап, ат, ешкі және басқа да жануарлардың ерекше тұқымдарымен танысты. Викторина, қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ «Кім бірінші сиырдың пішінін жинайды» байқауы балалар мен олардың ата-аналарына шаттық сыйлады және бұл қалалық тұрғындар үшін таңғажайып нәрсе болды.

Үй жануарларына арналған салалық және көркем әдебиет кітаптары қойылған көрме балалар мен ата-аналарды қатты қызықтырды.

Балалардың бұрын білмейтін, көптеген маңызды және жаңа ақпарат алғандары іс-шара соңындағы ата-аналар мен балалардың пікірлерінен байқалды.

Фото


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру