«Туған жердің талантты перзенті»

Жм, 12/05/2017 - 17:12 — julia

Қостанай өлкесі дарын иелеріне бай. Олардың есімдері тек Қазақстан жерінде ғана емес, шетел жерлерінде де танымал. Солардың бірі, жазушы, қоғам қайраткері Иван Павлович Щеголихин (1927-2010жж.). Ол ұзақ та, ауыр өмір сүрген. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу жолында шеткері қалған емес: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі, ҚР Парламентінің сенаторы болды. Оған «ҚР-ның халық жазушысы» деген атақ берілді.

«Туған жердің талантты перзенті» атты іс-шара жазушының 90 жылдығына арналған. Кітапханашы қатысушыларды И.П.Щеголихиннің өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Үстіміздегі жылы оның «Снега метельные» атты романдарының біріне 40 жыл толады. Сыншылар бұл романды - меруерт роман деп айтты. Роман Қазақстанға келген тың игерушілер туралы.

Жүргізуші қысқаша романның сюжеті жайлы айтып өтті, әңгіме барысында тың игерушілер жайлы фильмнен үзінді көрсетілді. Автордың әдебиеттері кітап көрмесіне қойылды.


Тілдер

Жолдау 2017

Қазақ энцоклопедиясы

Антитеррор

EXPO2017

"Ұрпақ +" клубы

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру