«Сыйқырлы акварель» - көрме таныстырылым

Жм, 12/05/2017 - 17:06 — julia

2017ж. 11 мамырда Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК ҚМПУ-нің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенті Темірбекова Жібектің көркемөнер жұмыстарының дербес көрмесінің таныстырылымы болып өтті. Қыз Рудный қаласының көркемөнер мектебінде оқып, суретшілер курстарына, түрлі көлемдегі көрмелерге қатысқан: қалалық, республикалық, шетелдік. «Сыйқырлы акварель» - бұл қыздың алғашқы дербес көрмесі. Оның ашылуына Қостанай құрылыс колледжінің «Сәулет» бөлімінің студенттері, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары шақырылды. Дебюдантты көрменің ашылуымен ҚМПУ өнер кафедрасының меңгерушісі — Сапиева Майра Саимовна, кафедраның аға оқытушысы — Ордашева Мейрамгуль Женисбековна құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Қонақтар акварельмен салынатын жұмыстың біраз қыр-сырын білді. Сурет салу үшін бояу, су, қылқалам жеткіліксіз екен. Акварельді сурет өнері ептілікті талап етеді, ол басқа сурет өнерлеріне қарағанда ұтымдырақ және жіберілген кемшіліктерді жасыру мүмкін емес. Бұл — бұл техникада жұмыс жасайтын суретшінің мұқият, түстерді жақсы сезіне білу керектігін және талмай еңбек ету керектігін білдіреді.

Жібектің жеңіл әрі айқын акварельді жұмыстары көрме қонақтарына шынайы эстетикалық сүйсінушілік сыйлап қана қоймай, бояу мен қылқалам алып, сурет салуға деген ынталарын оятты. Іс-шараға қатысушылар үшін өнер бөлімінде тақырып бойынша әдебиеттер ұсынылды, акварельді техникамен сурет салып үйренемін деушілер үшін басылымдарға қысқа шолу жасалды.

Жібек Темірбекованің курстастары, курсанттар пікір кітабына өз құттықтаулары мен тілектерін қалдырды.

ФОТО


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру