Мәңгілік алау оты сөнбесін!

Жм, 05/05/2017 - 12:17 — julia

04.05 күні 11 мектептің 8 сынып оқушыларымен бірге Ұлы Отан соғысына арналған кездесу ұйымдастырылды. Бұл - жылдың басты мерекелерінің бірі. «Мәңгілік алау оты сөнбесін!» атты кездесу барысында үлкен соғыстың батыры, соғысқа дейін Қостанай қаласында тұрған Владимир Смирнов жайлы оқиғаларды қызыға тыңдады. Бұл - жас баланың басына төнген ауыр әскери сынақ жайлы кітапханашының әңгімесі болды. Владимир соғыстың ауыр да, ұзақ жолын кешіп, рейхстагқа дейін жеткен, өкінішке орай, ол Жеңіс күні Германияда мина жарылысына түсіп, көз жұмды… Балалар әңгіме барысында сұрақтар қойып, белсенді қатысты. Олар аз да болса, соғыс оқиғалары жайлы білетіндерін көрсетті. Іс-шара барысында «Соғыс балалары» атты көркем фильм көрсетілді.

ФОТО


Тілдер

Жолдау 2017

Антитеррор

EXPO2017

Кім онлайн

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 1 guest қонақ.

Жүйеге кіру